Хадис

Шын ықыласпен насихат айту жайында

Об искреннем наставлении

Риядус-салихин, 22-тақырып · 3 хадис · № 182–184

Хадистер

«إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ» «Шынында, мүміндер бір-біріне бауыр!...» («Хужурат» сүресі, 10-аят).

«وَأنْصَحُ لَكُمْ» «Мен сендерге (жақсылық ойлап) насихат айтамын» («Ағраф» сүресі, 62-аят).

«وَأَنَا لَكُمْ نَاصِحٌ أمِينٌ» «Мен сендерге сенімді насихатшымын» («Ағраф» сүресі, 68-аят).

«Воистину, верующие – друг другу братья» (сура «Худжурат», 49:10).

«И искренне увещеваю вас» (сура «А‘раф», 7:62).

«И я для вас – доброжелательный и надежный советник» (сура «А‘раф», 7:68).

182
Риядус-салихин, № 182

عَنْ أَبِى رُقَيَّةَ تَمِيم بْنِ أوس الدارِيِّ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «الدِّينُ النَّصِيحةُ» قُلْنَا: لِمَنْ؟ قَالَ: «لِلَّهِ وَلِكِتَابِهِ وَلِرَسُولِهِ وَلأئِمَّةِ الْمُسْلِمِينَ وَعَامَّتِهِمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Руқайя Тәмим ибн Әус әд-Дәри (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Дін деген – шынайылық таныту», – дегенде, біз: «Кімге шынайылық таныту?» – деп сұрадық. Сонда ол: «Аллаға, Кітабына, пайғамбарына, мұсылман басшыларға және жалпы мұсылмандарға» – деп жауап берді», – деген. (Муслим: 196; Ахмад: 694).

Орысша аудармасы

Абу Рукайя Тамим ибн Аус ад-Дари (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “Религия – это проявление искренности”. Мы спросили: “По отношению к кому?” Он ответил: “По отношению к Аллаху, Его Книге, Его Посланнику, руководителям мусульман и всем мусульманам”» (Муслим: 196; Ахмад: 694).

Түсіндірме (қазақша)

Аллаға шынайылық таныту – Аллаға шынайы түрде иман келтіріп, риясыз бойсұну. Кітабына шынайылық таныту – оған кәміл сеніп, үкімдерін бұлжытпай орындау. Пайғамбарына шынайылық таныту – оған адал үмбет болу. Мұсылман басшыларға шынайылық таныту – оларға бойсұнып, игі істерде қолдау көрсетіп, шалыс басып жатса, насихат айтып тура жолға шақыру. Жалпы мұсылмандарға шынайылық таныту – оларға риясыз бауырмалдық көрсетіп, насихат айту.

Түсіндірме (орысша)

проявлять искренность по отношению к Аллаху – значит искренне веровать в Него и повиноваться Ему без показного благочестия. Проявлять искренность по отношению к Его Книге – значит всецело верить в неё и неукоснительно исполнять её предписания. Проявлять искренность по отношению к Его Посланнику – значит быть его верным последователем. Проявлять искренность по отношению к руководителям мусульман – значит повиноваться им, поддерживать их в благих делах, а если они допускают ошибки – давать им искренние наставления и призывать их к прямому пути. Проявлять искренность по отношению ко всем мусульманам – значит относиться к ним с неподдельным братским участием и давать им искренние наставления.

183
Риядус-салихин, № 183Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جرِير بْنِ عَبْدِ اللَّهِ قَالَ: بَايَعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَلَى إِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، والنُّصْحِ لِكُلِّ مُسْلِمٍ

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Алла елшісіне ﷺ намазды (шарттарына сай) толық оқуға, зекет беруге және әр мұсылманға шын көңілден (бауырым деп) қарауға қатысты серт бердім», – деген. (Бұхари: 57; Муслим: 199; Ахмад: 19162).

Орысша аудармасы

Джарир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я принёс Посланнику Аллаха ﷺ присягу в том, что буду совершать молитву в полной мере, соблюдая все её условия, выплачивать закят и искренне относиться к каждому мусульманину как к своему брату» (Аль-Бухари: 57; Муслим: 199; Ахмад: 19162).

184
Риядус-салихин, № 184Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى يُحِبَّ لأَخِيهِ مَا يُحبُّ لِنَفْسِهِ»

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Ешбірің өзіне қалағанын мұсылман бауырына да тілемейінше, толық иман еткен болып саналмайды», – деп айтты, – делінген. (Бұхари: 13; Муслим: 170; Ахмад: 12801).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Вера ни одного из вас не станет полной до тех пор, пока он не станет желать своему брату-мусульманину того же, чего желает самому себе» (Аль-Бухари: 13; Муслим: 170; Ахмад: 12801).