عَنْ أَبِى الْعباس سهل بْنِ سعد الساعدي: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ يَوْم خَيبَر: «لأُعْطِيَنَّ الرَّايَةَ غَدًا رجلًا يَفْتَحُ اللَّه عَلَى يَدَيهِ، يُحبُّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ، ويُحِبُّهُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ»، فَبَاتَ النَّاسُ يَدُوكُونَ لَيْلَتَهُمْ أيُّهُمْ يُعْطَاهَا. فَلَمَّا أَصْبَحَ النَّاسُ غَدَوْا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كُلُّهُمْ يَرْجُو أَنْ يُعْطَاهَا. فَقَالَ: «أينَ عَلِيُّ ابنُ أَبِى طالب؟» فقيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُوَ يَشْتَكِى عَيْنَيهِ. قَالَ: «فَأَرْسِلُوا إِلَيْه» فَأُتِيَ بِهِ فَبَصَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِى عَيْنَيْهِ، وَدَعَا لَهُ فَبَرِىءَ حَتَّى كأَنْ لَمْ يكُن بِهِ وَجَعٌ، فأعْطاهُ الرَّايَةَ. فَقَالَ عَليٌّ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أقاتِلُهمْ حَتَّى يَكُونُوا مِثْلَنَا؟ فَقَالَ: «انْفُذْ عَلَى رِسْلِكَ حَتَّى تَنْزِلَ بسَاحَتهمْ، ثُمَّ ادْعُهُمْ إِلَى الْإِسْلَامِ، وَأخْبِرْهُمْ بِمَا يَجِبُ عَلَيْهِمْ مِنْ حَقِّ اللَّهِ تَعَالَى فِيهِ، فَوَاللَّه لأَنْ يَهْدِيَ اللَّهُ بِكَ رَجُلًا وَاحِدًا خَيرٌ لَكَ مِنْ حُمْرِ النَّعَم»
Әбу әл-Аббас Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Хайбар күні: «Расында, бұл туды Алла оның қолымен жеңіс сыйлайтын, Алланы және елшісін жақсы көретін, сондай-ақ Алла мен Елшісі де оны жақсы көретін бір кісіге беремін», – деді. Содан адамдар сол түнді әлгі ту қайсымызға беріледі екен деген әңгімемен өткізді. Таң атқанда адамдардың әрбірі тудың өзіне берілуін үміт еткен күйде, Алла елшісіне келді. Сол кезде Алла елшісі: «Әли ибн Әбу Талиб қайда?» – деді, (сондағы жұртшылық): «Уа, Расулалла! Оның көзі ауырып жатыр», – дегенде: «Оған кісі жіберіңдер», – деп бұйырды. Сөйтіп оны алып келді. Алла елшісі оның көзіне түкіріп, ол үшін дұға жасағаны сол екен, бірден еш ауырмағандай айығып шыға келді. Содан Алла елшісі оған туды берді. Сонда Әли (р.а.): «Уа, Расулалла! Олармен өзіміз сияқты болғанша соғысайын ба?» – дегенде, оған: «Олардың жазығына жеткеніңше асықпай байыппен жүр, сосын оларды Исламға шақыр және оларға өздеріне міндетті болған Алланың ақысы жайлы хабар бер. Алланың атымен ант етейін! Алланың сен арқылы бір адамды тура жолға салуы сен үшін қызыл түйелерден де қайырлы», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3009; Муслим: 6233; Ахмад: 22821)
Абу аль-Аббас Сахль ибн Саад ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) передал: «В день Хайбара Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, я вручу это знамя человеку, через которого Аллах дарует победу. Он любит Аллаха и Его Посланника, и его любят Аллах и Его Посланник”.
Всю ночь люди обсуждали, кому из них будет вручено знамя. Наутро каждый из них пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ, надеясь, что знамя вручат именно ему. Тогда Посланник Аллаха ﷺ спросил: “Где Али ибн Абу Талиб?” Ему ответили: “О Посланник Аллаха! У него болят глаза”. Он велел: “Пошлите за ним”. Когда Али привели, Посланник Аллаха ﷺ слегка сплюнул ему на глаза и обратился к Аллаху с мольбой за него. Тотчас Али исцелился, словно его глаза вовсе не болели. После этого Посланник Аллаха ﷺ вручил ему знамя.
Али (да будет доволен им Аллах) спросил: “О Посланник Аллаха! Сражаться ли мне с ними до тех пор, пока они не станут такими же, как мы?” Он ответил: “Ступай не спеша и осмотрительно, пока не достигнешь их земель. Затем призови их к исламу и сообщи им о тех правах Аллаха, которые они обязаны соблюдать. Клянусь Аллахом! Если Аллах через тебя наставит на прямой путь хотя бы одного человека, это будет для тебя лучше, чем красные верблюды”» (Аль-Бухари: 3009; Муслим: 6233; Ахмад: 22821).