Хадис

Құранды ұмытпай үнемі қайталап оқып жүру керектігі жайлы

О необходимости постоянно повторять Коран, чтобы не забывать его

Риядус-салихин, 181-тақырып · 2 хадис · № 1003–1004

Хадистер

1003
Риядус-салихин, № 1003Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «تعاهدوا هَذَا الْقُرْآنَ، فَوَالَّذِى نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لَهُوَ أشَدُّ تَفَلُّتًا مِنَ الْإِبلِ فِى عُقُلِهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Мына Құранды ұдайы оқып жүріңдер! Мұхаммедтің жаны бір Өзінің қолында болған Алла атымен ант етемін, расында ол (адамның жадыдан) байлаудан сытылып босап шыққан түйеден де тез шығып кетеді», – деген (Бұхари: 5033, Муслим: 1844, Ахмад: 19685).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Постоянно читайте этот Коран! Клянусь Аллахом, в Чьей руке душа Мухаммада, поистине, он ускользает (из памяти человека) быстрее, чем верблюд освобождается от пут» (Аль-Бухари: 5033; Муслим: 1844; Ахмад: 19685).

1004
Риядус-салихин, № 1004Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّمَا مَثَلُ صَاحبِ الْقُرْآنِ كَمَثَلِ الْإِبِلِ الْمُعَقَّلَةِ، إِنْ عَاهَدَ عَلَيْهَا أمْسَكَهَا، وَإِنْ أطْلَقَهَا ذَهَبَتْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, Құранды жатқа білген адам түйелерін тұсаулап ұстайтын ұқыпты бақташы секілді. Егер ол түйелерін әрдайым бұғаулап ұстаса, олардан айырылмайды. Ал егер бос жіберіп қойса, қашып кетеді», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 5031, Муслим: 1839, Ахмад: 5345).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, человек, знающий Коран наизусть, подобен заботливому пастуху, который держит своих верблюдов стреноженными. Если он будет постоянно следить за их привязью, то не потеряет их, а если отпустит, они убегут» (Аль-Бухари: 5031; Муслим: 1839; Ахмад: 5345).