Хадис

Құран оқудың артықшылығы

О достоинстве чтения Корана

Риядус-салихин, 180-тақырып · 11 хадис · № 992–1002

Хадистер

992
Риядус-салихин, № 992Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

عَنْ أَبِى أُمَامَةَ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اقْرَؤُوا الْقُرْآنَ؛ فَإِنَّهُ يَأْتِى يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيعًا لأَصْحَابِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Үмәма (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Құран оқыңдар, өйткені Құран қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 1874, Ахмад: 22146).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Читайте Коран, ибо в День воскресения он станет заступником за тех, кто читал его”» (Муслим: 1874; Ахмад: 22146).

993
Риядус-салихин, № 993

عَنْ النَّوَّاسِ بْنِ سَمْعَانَ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يُؤْتَى يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِالقُرْآنِ وَأَهْلِهِ الذينَ كَانُوا يَعْمَلُونَ بِهِ فِى الدُّنْيَا تَقْدُمُه سورَةُ الْبَقَرَةِ وَآلِ عِمْرَانَ، تُحَاجَّانِ عَنْ صَاحِبِهِمَا»

Қазақша аудармасы

Наууас ибн Самған (р.а.) былай деген: «Мен Алла елшісінің ﷺ: «Қиямет күні махшарға Құран және дүниеде онымен амал еткен ізгі жандар әкелінеді. Сонда Бақара және Әли Имран сүресі өздерін үнемі оқып, амал еткендерге араша түсіп, шапағатшы болып, Құранның алдында жол бастап келеді», – деп айтқанын естідім» (Муслим: 1876, Ахмад: 17637).

Орысша аудармасы

Наввас ибн Саман (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения к месту всеобщего сбора будут приведены Коран и праведные люди, которые в земной жизни следовали ему. Впереди Корана будут шествовать суры ‘Аль-Бакара’ и ‘Али Имран’, заступаясь и ходатайствуя за тех, кто постоянно читал их и следовал им”» (Муслим: 1876; Ахмад: 17637).

994
Риядус-салихин, № 994Риуаят етуші: Осман (р.а.)

عَنْ عثمان بْنِ عفان قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ وَعَلَّمَهُ»

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффан (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ең жақсыларың – Құран (оқу мен ілімін) үйреніп, оны басқаларға да үйреткендерің», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 5027, Ахмад: 500).

Орысша аудармасы

Усман ибн Аффан (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Лучшие из вас – те, кто изучает Коран (его чтение и связанные с ним знания) и обучает ему других» (Аль-Бухари: 5027; Ахмад: 500).

995
Риядус-салихин, № 995Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الَّذِى يَقْرَأُ الْقُرْآنَ وَهُوَ مَاهِرٌ بِهِ مَعَ السَّفَرَةِ الْكِرَامِ الْبَرَرَةِ، وَالَّذِى يَقْرَأُ الْقُرْآنَ وَيَتَتَعْتَعُ فِيهِ وَهُوَ عَلَيْهِ شَاقٌّ لَهُ أجْرَانِ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Құранды нақышына келтіріп оқитын мұсылман кісі әс-Сәфәра әл-Кирам әл-Бәрара періштелерімен тең дәрежеде болады. Ал Құран оқуға тілінің икемі келмегеніне қарамастан, шын ықыласымен ежіктеп болса да оқыған адам екі бірдей сауапқа кенеледі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 4937, Муслим: 1862, Ахмад: 24667).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мусульманин, искусно и выразительно читающий Коран, будет на одной степени с благородными и праведными ангелами-писцами (ас-Сафара аль-Кирам аль-Барара). А тот, кому из-за недостаточной беглости речи трудно читать Коран, но кто, несмотря на это, искренне читает его, пусть даже по слогам, удостоится сразу двух наград» (Аль-Бухари: 4937; Муслим: 1862; Ахмад: 24667).

996
Риядус-салихин, № 996Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلُ الْمُؤْمِنِ الَّذِى يَقْرَأُ الْقُرْآنَ مَثَلُ الْأُتْرُجَّةِ: رِيحُهَا طَيِّبٌ وَطَعْمُهَا طَيِّبٌ، وَمَثَلُ الْمُؤْمِنِ الَّذِى لَا يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَمَثَلِ التَّمْرَةِ: لَا رِيحَ لَهَا وَطَعْمُهَا حُلْوٌ، وَمَثلُ الْمُنَافِقِ الَّذِى يقرأ الْقرآنَ كَمَثلِ الرَّيحانَةِ: رِيحُهَا طَيِّبٌ وَطَعْمُهَا مُرٌّ، وَمَثَلُ الْمُنَافِقِ الَّذِى لَا يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَمَثلِ الْحَنْظَلَةِ: لَيْسَ لَهَا رِيحٌ وَطَعْمُهَا مُرٌّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Құран оқитын мүмін – иісі хош, дәмі де тәтті цитрус жемісі тәрізді. Ал Құран оқымайтын мүмін – иісі жоқ, бірақ дәмі тәтті құрма тәрізді. Құран оқитын мұнафық – иісі хош, бірақ дәмі ащы райхан сияқты. Ал Құран оқымайтын мұнафық – иісі жоқ, әрі дәмі де ащы болған шомыр сияқты», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5020, Муслим: 1860, Ахмад: 19614).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Верующий, читающий Коран, подобен цитрусовому плоду с приятным ароматом и сладким вкусом. Верующий, не читающий Коран, подобен финику, у которого нет запаха, но вкус сладок. Лицемер, читающий Коран, подобен базилику с приятным ароматом, но горьким вкусом. Лицемер, не читающий Коран, подобен плоду ханзаля, у которого нет запаха и вкус горек» (Аль-Бухари: 5020; Муслим: 1860; Ахмад: 19614).

997
Риядус-салихин, № 997Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ يَرْفَعُ بِهَذَا الْكِتَابِ أقْوَامًا وَيَضَعُ بِهِ آخرِينَ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, Алла Тағала осы Кітаппен кейбір қауымдардың (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, енді бір қауымдардың дәрежесін түсіріп, жер қылады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 1897, Ахмад: 232).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, посредством этой Книги Аллах Всевышний возвышает одни народы (в обоих мирах), а другие – низводит и унижает» (Муслим: 1897; Ахмад: 232).

998
Риядус-салихин, № 998Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا حَسَدَ إِلَّا فِى اثْنَتَيْنِ: رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ الْقُرْآنَ، فَهُوَ يَقُومُ بِهِ آنَاء اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ، وَرَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا، فَهُوَ يُنْفِقُهُ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады. Алла Тағала Құран ілімін нәсіп еткен соң оны күндіз-түні оқып әрі оның үкімдерін бұлжытпай орындаған ғалымға және Алланың берген байлығын күн-түн демей игі жолға жұмсаған атымтай жомартқа», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 5025, Муслим: 1894, Ахмад: 4550).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Добрая зависть допустима лишь по отношению к двум людям: учёному, которому Аллах Всевышний даровал знание Корана и который читает его днём и ночью, неукоснительно исполняя его предписания, и великодушному щедрецу, который днём и ночью расходует дарованное Аллахом богатство на благие дела» (Аль-Бухари: 5025; Муслим: 1894; Ахмад: 4550).

999
Риядус-салихин, № 999Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنْ الْبراءِ بْنِ عازِبٍ، قَالَ: كَانَ رَجُلٌ يَقْرَأُ سُورَةَ الْكَهْفِ، وَعِنْدَهُ فَرَسٌ مَرْبُوطٌ بِشَطَنَيْنِ، فَتَغَشَّتْهُ سَحَابَةٌ فَجَعَلَتْ تَدْنُو، وَجَعَلَ فَرَسُه يَنْفِرُ مِنْهَا، فَلَمَّا أَصْبَحَ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: «تِلْكَ السَّكِينَةُ تَنَزَّلَتْ لِلقُرْآنِ»

Қазақша аудармасы

Бараа ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Бір сахаба атын қос арқанмен байлап қойып, Кәһф сүресін оқып отырғанда, кенеттен төбесінен бұлт төніп, барған сайын жақындай түседі. Сонда байлаулы тұрған аты әлгі бұлттан үркіп кетеді. Таң атқан бойда әлгі сахаба Пайғамбарымызға ﷺ барып, болған жағдайды айтып бергенде, оған: «Ол оқылған Құранға түскен сәкина еді», – деп айтады» (Бұхари: 5011, Муслим: 1856, Ахмад: 18591).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Один из сподвижников, привязав коня двумя верёвками, читал суру “Аль-Кахф”, как вдруг над ним нависло облако и стало приближаться всё ближе. Привязанный конь испугался этого облака. С наступлением утра сподвижник пришёл к Пророку ﷺ и рассказал ему о случившемся. Тогда Пророк ﷺ сказал: “Это была сакина, нисшедшая при чтении Корана”» (Аль-Бухари: 5011; Муслим: 1856; Ахмад: 18591).

Түсіндірме (қазақша)

«Сәкинә» – жан тыныштығы, рақым, ерекше рухани хәл деген мағыналарды білдіреді. Хадистегі бұлт кейпінде аспаннан түскен нәрсенің періштелер болғандығы айтылады. Олар әуезді үнмен нақышына келтіріп оқылған Құранға түскен еді. Басқа бір көзқарас бойынша «сәкинә» – Алланың адамға жан тыныштығы мен рақымын сыйлайтын ерекше рухани жаратылысы.

Түсіндірме (орысша)

слово «сакина» означает душевный покой, милость и особое духовное состояние. В хадисе говорится, что сошедшими с неба в образе облака были ангелы. Они сошли, привлечённые мелодичным и выразительным чтением Корана. Согласно другому мнению, сакина – это особое духовное творение Аллаха, дарующее человеку душевный покой и милость.

1000
Риядус-салихин, № 1000Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ قَرَأ حَرْفًا مِنْ كِتَابِ اللَّهِ فَلَهُ حَسَنَةٌ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا، لَا أقول: ألم حَرفٌ، وَلكِنْ: ألِفٌ حَرْفٌ، وَلَامٌ حَرْفٌ، وَمِيمٌ حَرْفٌ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Құранның бір әрібін оқығанға он сауапқа тең келер бір жақсылық жазылады. «Әлиф, ләм, мим»-ді бір әріп деп айтпаймын. «Әлиф» – бір әріп, «ләм» – бір әріп, «мим»де өз алдына бір әріп», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2910).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тому, кто прочтёт одну букву Корана, будет записано одно доброе дело, за которое ему воздастся десятикратно. Я не говорю, что “Алиф, Лям, Мим” – одна буква. “Алиф” – отдельная буква, “Лям” – отдельная буква, и “Мим” – отдельная буква» (Ат-Тирмизи: 2910).

1001
Риядус-салихин, № 1001Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الَّذِى لَيْسَ فِى جَوْفِهِ شَيْءٌ مِنَ الْقُرْآنِ كَالبَيْتِ الْخَرِبِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Құранды аз да болса жатқа білмеген адам қирап қалған үй тәрізді», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 2913, Ахмад: 1947).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Человек, не знающий наизусть даже небольшой части Корана, подобен разрушенному дому» (Ат-Тирмизи: 2913; Ахмад: 1947).

1002
Риядус-салихин, № 1002Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عبد اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ: اقْرَأْ وَارْتَقِ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِى الدُّنْيَا، فَإِنَّ مَنْزِلَتَكَ عِنْدَ آخِرِ آية تَقْرَؤُهَا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жұмақта Құранды түгел немесе бір бөлігін жатқа білген, (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерін бұлжытпай орындаған) адамға: «Құран оқып, шарықтай түс. Дүниеде оны қалай нақышына келтіре мәнерлеп оқысаң, бұл жерде де дәл солай мәнерлеп оқы. Расында, сенің пейіштегі дәрежең, өзің жатқа оқитын соңғы аяттың тұсында болады» деп айтылады», – деген», – делінген (Әбу Дәуд: 1664, Тирмизи: 2514, Ахмад: 6799).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «В раю человеку, знавшему наизусть весь Коран или часть его (а также постоянно читавшему его и неукоснительно исполнявшему его предписания), будет сказано: “Читай Коран и поднимайся всё выше. Читай его здесь так же искусно и выразительно, как читал в земной жизни. Воистину, твоя степень в раю будет определена последним аятом, который ты прочтёшь наизусть”» (Абу Дауд: 1664; Ат-Тирмизи: 2514; Ахмад: 6799).

Түсіндірме (қазақша)

Басқа бір хадисте Құран аяттарының саны қанша болса, жұмақтағы дәрежелердің де соншалықты екендігі және Құранды жатқа білген, (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерін бұлжытпай орындаған) адамдардың дәрежесінің өзге жұмақтықтарға қарағанда жоғары болатындығы айтылған. Осы хадис те соны меңзейді.

Түсіндірме (орысша)

в другом хадисе говорится, что число степеней в раю соответствует числу аятов Корана и что степень тех, кто знает Коран наизусть (а также постоянно читает его и неукоснительно исполняет его предписания), будет выше степени остальных обитателей рая. На это указывает и данный хадис.