Хадис

Риядус-салихин, № 999

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
180. Құран оқудың артықшылығы
Нөмірі
№ 999 (қазақша басылым реті)
999
Риядус-салихин, № 999Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنْ الْبراءِ بْنِ عازِبٍ، قَالَ: كَانَ رَجُلٌ يَقْرَأُ سُورَةَ الْكَهْفِ، وَعِنْدَهُ فَرَسٌ مَرْبُوطٌ بِشَطَنَيْنِ، فَتَغَشَّتْهُ سَحَابَةٌ فَجَعَلَتْ تَدْنُو، وَجَعَلَ فَرَسُه يَنْفِرُ مِنْهَا، فَلَمَّا أَصْبَحَ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: «تِلْكَ السَّكِينَةُ تَنَزَّلَتْ لِلقُرْآنِ»

Қазақша аудармасы

Бараа ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Бір сахаба атын қос арқанмен байлап қойып, Кәһф сүресін оқып отырғанда, кенеттен төбесінен бұлт төніп, барған сайын жақындай түседі. Сонда байлаулы тұрған аты әлгі бұлттан үркіп кетеді. Таң атқан бойда әлгі сахаба Пайғамбарымызға ﷺ барып, болған жағдайды айтып бергенде, оған: «Ол оқылған Құранға түскен сәкина еді», – деп айтады» (Бұхари: 5011, Муслим: 1856, Ахмад: 18591).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Один из сподвижников, привязав коня двумя верёвками, читал суру “Аль-Кахф”, как вдруг над ним нависло облако и стало приближаться всё ближе. Привязанный конь испугался этого облака. С наступлением утра сподвижник пришёл к Пророку ﷺ и рассказал ему о случившемся. Тогда Пророк ﷺ сказал: “Это была сакина, нисшедшая при чтении Корана”» (Аль-Бухари: 5011; Муслим: 1856; Ахмад: 18591).

Түсіндірме (қазақша)

«Сәкинә» – жан тыныштығы, рақым, ерекше рухани хәл деген мағыналарды білдіреді. Хадистегі бұлт кейпінде аспаннан түскен нәрсенің періштелер болғандығы айтылады. Олар әуезді үнмен нақышына келтіріп оқылған Құранға түскен еді. Басқа бір көзқарас бойынша «сәкинә» – Алланың адамға жан тыныштығы мен рақымын сыйлайтын ерекше рухани жаратылысы.

Түсіндірме (орысша)

слово «сакина» означает душевный покой, милость и особое духовное состояние. В хадисе говорится, что сошедшими с неба в образе облака были ангелы. Они сошли, привлечённые мелодичным и выразительным чтением Корана. Согласно другому мнению, сакина – это особое духовное творение Аллаха, дарующее человеку душевный покой и милость.