عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: وَكَّلَنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِحِفْظِ زَكَاةِ رَمَضَانَ، فَأتَانِى آتٍ فَجَعَلَ يَحْثُو مِنَ الطَّعَام، فَأَخَذْتُهُ فقُلتُ: لأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: إِنِّى مُحْتَاجٌ، وَعَليَّ عِيَالٌ، وَبِى حَاجَةٌ شَدِيدَةٌ، فَخَلَّيْتُ عَنْهُ، فَأَصْبَحْتُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا هُرِيرة، مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، شَكَا حَاجَةً وَعِيَالًا، فَرحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ. فَقَالَ: «أمَا إِنَّهُ قَدْ كَذَبَكَ وَسَيَعُودُ» فَعَرَفْتُ أَنَّهُ سَيَعُودُ، لقولِ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَرَصَدْتُهُ، فَجاء يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ، فَقُلتُ: لأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: دَعْنِى فَإِنِّى مُحْتَاجٌ، وَعَلَيَّ عِيَالٌ لَا أعُودُ، فَرحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، فَأَصْبَحْتُ فَقَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا هُرِيرة، مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، شَكَا حَاجَةً وَعِيَالًا، فَرحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ. فَقَالَ: «إِنَّهُ قَدْ كَذَبَكَ وَسَيَعُودُ» فَرَصَدْتُهُ الثَّالثَة، فَجاء يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ فَأَخَذْتُهُ، فَقُلتُ: لأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وهذا آخِرُ ثَلَاثِ مَرَّاتٍ أَنَّكَ تَزْعُمُ أَنَّكَ لَا تَعُودُ! فَقَالَ: دَعْنِى فَإِنِّى أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ يَنْفَعُكَ اللَّهُ بِهَا، قُلْتُ: مَا هُنَّ؟ قَالَ: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَاقْرَأْ آيَةَ الْكُرْسِيِّ، فَإِنَّهُ لَنْ يَزَالَ عَلَيْكَ مِنَ اللَّه حَافِظٌ، وَلَا يَقْرَبُكَ شَيْطَانٌ حَتَّى تُصْبِحَ، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، فَأَصْبَحْتُ، فَقَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا فَعَلَ أسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، زَعَمَ أَنَّهُ يُعَلِّمُنِى كَلِمَاتٍ يَنْفَعُنِى اللَّهُ بِهَا، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، قَالَ: «مَا هِيَ؟» قُلْتُ: قَالَ لي: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَاقْرَأْ آيَة الْكُرْسِيِّ مِنْ أَوَّلِهَا حَتَّى تَخْتِمَ الآية: «اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ» وَقَالَ لِى: لَا يَزَالُ عَلَيْكَ مِنَ اللَّهِ حَافِظٌ، وَلَنْ يَقْرَبَكَ شَيْطَانٌ حَتَّى تُصْبِحَ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أمَا إِنَّهُ قَدْ صَدَقَكَ وَهُوَ كَذُوبٌ، تَعْلَمُ مَنْ تُخَاطِبُ مُنْذُ ثَلَاثٍ يَا أَبَا هُرَيْرَةَ؟» قُلْتُ: لَا. قَالَ: «ذَاكَ شَيْطَانٌ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ маған рамазан айында берілетін пітір-садақадан түскен дүниені сұғанақ қолдан қорғауды тапсырған еді. Бір күні әлдебіреу келіп алып, азыққа қолды молынан сала бастады. Мен оны тырп еткізбей ұстап алдым да: «Сені Алла елшісінің алдына алып барамын», – дедім. Сонда ол маған: «Мен мұқтаж жанмын. Менің бала-шағам бар, жағдайым өте нашар», – деп жалынған соң, қоя бердім. Таңертең Алла елшісі менен: «Уа, Әбу Һурайра! Кешегі тұтқының қайтті?» – деп сұрады. Мен: «Уа, Расулалла! Мұқтаждығын, көп балалы екенін айтып мұңын шаққан соң, жаным ашып жібере салдым», – деп жауап бердім. Сонда Алла елшісі: «Саған ол өтірік айтты, әрі тағы да келеді», – деді. Алла елшісінің айтқаны айнымай келетініне сенімім кәміл болғандықтан, оның жолын тосып, аңдумен болдым. Күткенімдей-ақ, әлгі ұрының да төбесі көрінді. Келіп алып, тағы да азыққа сұғанақ қолын сала бастады. Мен оны бұл жолы да ұстап алып: «Сені Алла елшісінің алдына алып барамын», – дедім. Ол маған: «Өтінем, мені қоя бер. Мен шынымен де өте мұқтажбын. Қолыма қарап отырған бала-шағам бар, ендігәрі мұнда аттап аяқ баспаймын», – деп, өлердегі сөзін айтып жалынған соң, жаным ашып кетті де, тағы қоя бердім. Таңертең Алла елшісі менен: «Уа, Әбу Һурайра! Кешегі тұтқының қайтті?» – деп тағы да сұрады. Мен: «Уа, Расулалла! Өте мұқтаж әрі бала-шағасы көп екенін айтып, мұңын шаққан соң, тағы да жаным ашып жібере салдым», – деп жауап бердім. Сонда ол: «Саған ол бұл жолы да өтірік айтты, осыдан қарап тұр, ол тағы да келеді», – деді. Сөйтіп, оның үшінші келісін аңдыдым. Көп ұзамай қарасы шалынды. Келген бетте әдеті бойынша азықтан молынан қарпып ала бастады. Мен оны шап беріп ұстап алдым да: «Бұл жолы сені міндетті түрде Алла елшісінің алдына алып барамын. Ендігәрі келмеймін дейсің де, айналып кеп қайта соғасың. Айтқаным айтқан, бұл үшінші һәм соңғы келісің болады», – дедім. Сонда ол маған: «Жалынам, мені жіберші. Есесіне Алла Тағала саған пайдасын тигізетін жақсы сөздер үйретемін», – деді. Мен: «Қандай сөздер?» – деп сұрадым. Сонда ол: Ұйқыға бас қояр алдында «Аятул-курсиді» оқы. Сонда таң атқанша қасыңда Алла Тағала тарапынан жіберілген қорғаушы (періште) болады, әрі ешбір шайтан саған жақындай алмайды», – деді. Сөйтіп, оны тағы да қоя бердім. Таңертең Алла елшісі менен: «Уа, Әбу Һурайра! Кешегі тұтқының қайтті?» – деп тағы сұрады. Мен: «Уа, Расулалла! Ол «Алла Тағала маған пайдасын тигізетін жақсы сөздер үйретемін» деген соң, жібере салдым», – дедім. Ол: «Онысы қандай сөздер екен?» – деді. Ол маған: «Төсегіңе жатқанда, Алла – Одан басқа тәңір жоқ, мәңгі Тірі әрі бүкіл жаратылысты толық игеріп, оларды Сақтаушы....» деп басталатын «Аятул-курсиді» бастан-аяқ оқы. Сонда таң атқанша қасыңда Алла Тағала тарапынан жіберілген қорғаушы (періште) болады, әрі ешбір шайтан саған жақындай алмайды», – деді», – деп жауап бердім. Сол кезде Расулалла: «Ол барып тұрған суайт болса да, бұл жолы саған ағынан жарылыпты. Уа, Әбу Һурайра! Үш күннен бері кіммен тілдесіп жүргеніңді білесің бе?» – деді. Мен: «Жоқ, білмеймін» – дедім. Сонда Алла елшісі: «Ол – шайтанның нақ өзі», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2311).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ поручил мне охранять от посягательств имущество, собранное в месяц рамадан в качестве фитр-садаки. Через некоторое время кто-то пришёл и стал набирать продукты полными пригоршнями. Я крепко схватил его и сказал: “Я непременно отведу тебя к Посланнику Аллаха ﷺ!” Тогда он принялся умолять меня: “Я нуждающийся человек. У меня есть дети, и моё положение крайне тяжёлое”. Я отпустил его.
Наутро Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “О Абу Хурайра! Что сделал вчера твой пленник?” Я ответил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Он рассказал о своей нужде и о том, что у него много детей. Мне стало жаль его, и я отпустил”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Он солгал тебе и ещё вернётся”.
Поскольку я был твёрдо уверен, что слова Посланника Аллаха ﷺ непременно сбудутся, я стал поджидать его. И, как я и ожидал, вскоре появился тот самый вор. Он снова принялся набирать продукты пригоршнями. Я опять схватил его и сказал: “Я непременно отведу тебя к Посланнику Аллаха ﷺ!” Он стал умолять меня: “Прошу тебя, отпусти меня! Я и в самом деле крайне нуждаюсь. У меня есть дети, которые зависят от меня. Больше я сюда не приду”. Он отчаянно просил и клятвенно заверял меня, поэтому мне стало жаль его, и я снова отпустил.
Наутро Посланник Аллаха ﷺ опять спросил меня: “О Абу Хурайра! Что сделал вчера твой пленник?” Я ответил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Он пожаловался на крайнюю нужду и на то, что у него много детей. Мне снова стало жаль его, и я отпустил”. Тогда он сказал: “Он и на этот раз солгал тебе. Вот увидишь, он снова придёт”.
И я стал караулить его в третий раз. Вскоре он появился и, как обычно, сразу же принялся набирать продукты полными пригоршнями. Я бросился на него, схватил и сказал: “На этот раз я непременно отведу тебя к Посланнику Аллаха ﷺ! Ты всякий раз говоришь, что больше не придёшь, но затем снова возвращаешься. Решение моё окончательно: это твой третий и последний приход”. Тогда он сказал: “Умоляю, отпусти меня! Взамен я научу тебя словам, которые Аллах Всевышний обратит тебе на пользу”. Я спросил: “Что это за слова?” Он ответил: “Перед тем как лечь спать, прочти ‘Аятуль-Курси’. Тогда до самого утра рядом с тобой будет хранитель (ангел), посланный Аллахом Всевышним, и ни один шайтан не сможет приблизиться к тебе”. После этого я вновь отпустил его.
Наутро Посланник Аллаха ﷺ снова спросил меня: “О Абу Хурайра! Что сделал вчера твой пленник?” Я ответил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Он пообещал научить меня словам, которые Аллах Всевышний обратит мне на пользу, и я отпустил его”. Он спросил: “Что же это за слова?” Я ответил: “Он сказал, чтобы я, ложась в постель, прочитал от начала до конца ‘Аятуль-Курси’, начинающийся словами: ‘Аллах – нет божества, кроме Него, Вечно Живого, всецело управляющего всем творением и хранящего его…’ (Коран, 2:255). Тогда до самого утра рядом со мной будет хранитель (ангел), посланный Аллахом Всевышним, и ни один шайтан не сможет приблизиться ко мне”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Хотя он отъявленный лжец, на этот раз он сказал тебе правду. О Абу Хурайра! Знаешь ли ты, с кем разговаривал в течение этих трёх дней?” Я ответил: “Нет, не знаю”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Это был сам шайтан”» (Аль-Бухари: 2311).