Хадис

Риядус-салихин, № 1012

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
183. Белгілі сүрелер мен аяттарды оқуға құлшындыру жайлы
Нөмірі
№ 1012 (қазақша басылым реті)
1012
Риядус-салихин, № 1012Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَجُلًا سَمِعَ رَجُلًا يَقْرَأُ: «قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ» يُرَدِّدُهَا فَلَمَّا أَصْبَحَ جَاءَ إِلَى رَسُولِ اللَّه ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ وَكَانَ الرَّجُلُ يَتَقَالُّهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، إِنَّهَا لَتَعْدِلُ ثُلُثَ الْقُرْآنِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Бір кісі басқа бір кісінің (намазда) «Қул һуаллаһу ахад» сүресін қайта-қайта оқығанын естиді. Сөйтіп таң атқанда Алла елшісіне ﷺ барып, оған әлгі кісі жайлы айтып, оның сол ісінің сауабы аз, болмашы амал екенін меңзейді. Сонда Алла елшісі: «Жаным бір Өзінің қолында болған Аллаға серт! Шынында ол (сауап тұрғысынан) Құранның үштен біріне тең келеді!» – дейді», – делінген (Бұхари: 5013, Ахмад: 9535).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал: «Один человек услышал, как другой (во время молитвы) снова и снова читал суру “Куль хуваллаху ахад”. Наутро он пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и рассказал ему об этом человеке, давая понять, что считает награду за этот поступок малой, а само деяние – незначительным. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Клянусь Аллахом, в Чьей руке моя душа! Поистине, эта сура (по вознаграждению) равна трети Корана!”» (Аль-Бухари: 5013; Ахмад: 9535).