Хадис

Дәрет алу әдебі

О правилах совершения омовения

Риядус-салихин, 185-тақырып · 8 хадис · № 1025–1033

Хадистер

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ فَاغْسِلُوا وُجُوهَكُمْ» إِلَى قَوْله تَعَالَى: «مَا يُرِيدُ اللَّهُ لِيَجْعَلَ عَلَيْكُمْ مِنْ حَرَجٍ وَلكِنْ يُرِيدُ لِيُطَهِّرَكُمْ وَلِيُتِمَّ نِعْمَتَهُ عَلَيْكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ» «Уа, мүміндер! Намазға тұрарда беттеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобыққа дейін жуыңдар. Егер бой дәреттерің бұзылса, бой дәрет алыңдар. Ал егер науқас немесе жолаушы болсаңдар, яки үлкен дәретке отырып келгеннен немесе әйелдеріңмен қосылғаннан кейін су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып беттеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін сипаңдар. Алла сендерге ауыртпалық артқысы келмейді. Керісінше, шүкіршілік етерсіңдер деп, сендерді тәндік һәм рухани кірлерден тазартуды және өздеріңе берер нығметін тәмамдауды қалайды («Маида» сүресі, 6-аят).

«О те, кто уверовал! Когда вы встаёте на намаз, то омойте лица и руки до локтей, обтирайте головы и омойте ноги до щиколоток. Если же вы в большом осквернении, то омойтесь полностью с головы до ног. А если вы больны или находитесь в поездке, или пришли из отхожего места, или касались женщин и не нашли воды, то очищайтесь чистой и сухой землёй и обтирайте ею ваши лица и руки до локтей. Аллах не желает возлагать на вас тяжесть; напротив, Он лишь желает очистить вас от телесной и духовной скверны и довести до завершения Свою милость к вам, чтобы вы были благодарны» (сура «Маида», 5:6).

1025
Риядус-салихин, № 1025Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أُمَّتِى يُدْعَوْنَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ غُرًَّا مُحَجَّلينَ مِنْ آثَارِ الْوُضُوءِ، فَمَنِ اسْتَطَاعَ مِنْكُمْ أَنْ يُطِيلَ غُرَّتَهُ فَلْيَفْعَلْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Қиямет күні менің үмбетім жүздері мен қол-аяқтарындағы дәрет алудан қалған нұрлы іздер үшін «ғұрран-мухажжалин» деп аталатын болады, сондықтан жүзіндегі нұрды көбейте алған адам көбейтсін», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 136, Муслим: 579, Ахмад: 10778).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения мою общину будут называть ‘гурран-мухаджжалин’ за сияющие следы омовения на их лицах, руках и ногах. Поэтому пусть тот, кто способен усилить сияние своего лица, сделает это”» (Аль-Бухари: 136; Муслим: 579; Ахмад: 10778).

1026
Риядус-салихин, № 1026Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ خليلي ﷺ يَقُولُ: «تَبْلُغُ الْحِلْيَةُ مِنَ الْمُؤْمِنِ حَيْثُ يَبْلُغُ الْوُضُوءُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Сүйікті досымның ﷺ: «(Қияметте) мүміннің дәрет суы тиген ағзаларының бәрі әшекеймен (нұрмен) безендіріледі», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 586, Ахмад: 8844).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как мой любимый друг ﷺ сказал: “(В День воскресения) все части тела верующего, которых касалась вода при омовении, будут украшены сиянием (светом)”» (Муслим: 586; Ахмад: 8844).

1027
Риядус-салихин, № 1027Риуаят етуші: Осман (р.а.)

عَنْ عثمان بْنِ عفان قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «من تَوَضَّأ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ، خَرَجَتْ خَطَايَاهُ مِنْ جَسَدِهِ حَتَّى تَخْرُج مِنْ تَحْتِ أَظْفَارِهِ»

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффан (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім (парыздарын, сүннеттерін және бүкіл әдептерін сақтай отырып) жақсылап дәрет алатын болса, оның күнәлары1 тәніндегі ағзалары арқылы, тіпті тырнақтарының астынан да дәрет суымен ағып шығады (яғни кешіріледі)», – деп айтты» (Муслим: 245, Ахмад: 476).

Орысша аудармасы

Усман ибн Аффан (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «У того, кто тщательно совершит омовение (соблюдая все его обязательные предписания, сунны и правила этикета), грехи1 выйдут из всех частей тела вместе с водой омовения – даже из-под ногтей (то есть будут прощены)» (Муслим: 245; Ахмад: 476).

  1. 1Мұнда дәрет суымен ағып шығатын күнәлар дегенде, Алла мен пенденің арасындағы кішігірім күнәлар меңзелген, ал үлкен күнәлар мен кісі ақысына қатысты күнәлардың кешірілуінің өзіндік шарттары бар екені белгілі.
  1. 1Здесь под грехами, смываемыми водой омовения, подразумеваются малые грехи, касающиеся отношений между Аллахом и Его рабом. Как известно, для прощения тяжких грехов, а также грехов, связанных с нарушением прав людей, существуют особые условия.
1028
Риядус-салихин, № 1028Риуаят етуші: Осман (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: رَأَيْتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ تَوَضَّأَ مِثْلَ وُضُوئِى هَذَا، ثُمَّ قَالَ: «مَنْ تَوَضَّأ هَكَذَا، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ، وَكَانَتْ صَلَاتُهُ وَمَشْيُهُ إِلَى الْمَسْجدِ نَافِلَةً»

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффан (р.а.) былай деген: «Алла елшісінің ﷺ дәл менің осылай дәрет алғаным сияқты дәрет алғанын көрдім. Содан соң: «Кімде-кім дәл осылай дәрет алатын болса, оның өткен-кеткен күнәлары кешіріледі, сондай-ақ оның намазы мен мешітке басып барған қадамдарына да қосымша сауап жазылады», – деп айтты» (Муслим: 544, Ахмад: 484).

Орысша аудармасы

Усман ибн Аффан (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я видел, как Посланник Аллаха ﷺ совершил омовение точно так же, как только что совершил его я. Затем он сказал: “Кто совершит омовение таким образом, тому простятся прежние грехи, а за совершённую им молитву и шаги, сделанные им к мечети, будет записана дополнительная награда”» (Муслим: 544; Ахмад: 484).

1029
Риядус-салихин, № 1029Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا تَوَضَّأ الْعَبْدُ الْمُسْلِمُ – أَو الْمُؤْمِنُ – فَغَسَلَ وَجْهَهُ، خَرَجَ مِنْ وَجْهِهِ كُلُّ خَطِيئَةٍ نَظَرَ إِلَيْهَا بِعَيْنَيْهِ مَعَ الْمَاءِ، أَوْ مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ، فَإِذَا غَسَلَ يَدَيْهِ، خَرَجَ مِنْ يَدَيْهِ كُلُّ خَطِيئَةٍ كَانَ بَطَشَتْهَا يَدَاهُ مَعَ الْمَاءِ، أَو مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ، فَإِذَا غَسَلَ رِجْلَيْهِ، خَرَجَتْ كُلُّ خَطِيئَةٍ مَشَتْهَا رِجْلَاهُ مَعَ الْمَاءِ، أَو مَعَ آخِرِ قَطْرِ الْمَاءِ، حَتَّى يَخْرُجَ نَقِيًَّا مِنَ الذُّنُوبِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Алланың мұсылман (немесе мүмін) пендесі дәрет алып жүзін жуғанда, көздерімен жасаған күнәлары жүзін жуған сумен немесе судың соңғы тамшысымен бірге ағып кетеді. Қолдарын жуғанда, қос қолымен жасаған күнәлары жуған сумен немесе судың соңғы тамшысымен бірге ағып кетеді. Аяқтарын жуғанда, екі аяғымен жүріп жасаған күнәлары жуған сумен не болмаса судың ақырғы тамшысымен бірге ағып кетеді. Соңында ол күналарынан арылып, пәк күйіне оралады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 577, Ахмад: 8020).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда раб Аллаха – мусульманин (или верующий) – совершает омовение и омывает лицо, вместе с водой или с последней её каплей с его лица сходят грехи, совершённые глазами. Когда он омывает руки, вместе с водой или с последней её каплей сходят грехи, совершённые обеими руками. Когда он омывает ноги, вместе с водой или с последней её каплей сходят грехи, к которым вели его ноги. В конце концов он полностью очищается от грехов» (Муслим: 577; Ахмад: 8020).

1030
Риядус-салихин, № 1030Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أتى الْمقبرة، فَقَالَ: «السَّلَامُ عَلَيْكُمْ دَارَ قَومٍ مُؤْمِنِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لَاحِقُونَ، وَدِدْتُ أَنَّا قَدْ رَأَيْنَا إِخْوانَنَا» قَالُوا: أوَلَسْنَا إِخْوَانَكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «أنْتُمْ أَصْحَابِى، وَإِخْوَانُنَا الَّذِينَ لَمْ يَأْتُوا بَعْدُ» قَالُوا: كَيْفَ تَعْرِفُ مَنْ لَمْ يَأْتِ بَعْدُ مِنْ أُمَّتِكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَقَالَ: «أَرَأَيْتَ لَوْ أَنَّ رَجُلًا لَهُ خَيلٌ غُرٌّ مُحَجَّلَةٌ بَيْنَ ظَهْرَيْ خَيْلٍ دُهْمٍ بُهْمٍ، ألا يَعْرِفُ خَيْلَهُ؟» قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «فَإِنَّهُمْ يَأْتُونَ غُرًّا مُحَجَّلينَ مِنَ الْوُضُوءِ، وَأَنَا فَرَطُهُمْ عَلَى الْحَوْضِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Алла елшісі ﷺ зират басына келіп: «Әссәләму аләйкум! Уа, мүміндер мекенінің тұрғындары! Алла қаласа, біз де бір күні сендермен қауышамыз. Бауырларымызды көруді сондай қалар едім!» – деді. Сол кезде қасындағы сахабалары: «Уа, Расулалла! Біз сіздің бауырларыңыз емеспіз бе?» – деп сұрады. Сонда ол: «Сендер менің сахабаларымсыңдар. Ал бауырларымыз дегенде дүниеге әлі келмеген (мүміндерді) айттым», – деп жауап берді. Сол кезде сахабалар: «Уа, Расулалла! Үмбетіңізден дүние есігін әлі ашпағандарды о дүниеде қалай танисыз?» – деді. Алла елшісі: «Бір кісінің маңдайында қасқасы, аяқтарында аласы бар аттары болса әрі олар үстінде аласы жоқ бірыңғай қара түсті жылқылардың ішінде жүрсе, әлгі адам өз жылқысын бірден тани ала ма, айтыңдаршы?» – дегенде, сахабалар: «Әрине, таниды, уа, Расулалла!» – деп жауап қатты. Сонда ол: «Расында, олар (қиямет күні) алған дәреттерінің арқасында жүздері мен қол-аяқтары нұрға шомып, жарқыраған күйде келеді. Мен оларды Қауыздың маңайында күтетін боламын», – деп айтты», – деген (Муслим: 584, Ахмад: 8878).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ пришёл на кладбище и произнёс: “Ассаляму алейкум, верующие обитатели этого места! Если пожелает Аллах, однажды и мы присоединимся к вам. Как же мне хотелось бы увидеть наших братьев!” Находившиеся рядом с ним сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Разве мы не твои братья?” Он ответил: “Вы – мои сподвижники. А говоря о наших братьях, я имел в виду тех (верующих), которые ещё не появились на свет”. Тогда сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Как же ты узнаешь в ином мире тех из твоей общины, кто ещё не появился на свет?” Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Скажите, если у человека есть лошади с белыми отметинами на лбу и ногах, находящиеся среди вороных коней без единого белого пятна, разве он не узнает своих лошадей?” Сподвижники ответили: “Конечно, узнает, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Поистине, они (в День воскресения) придут с лицами, руками и ногами, сияющими светом благодаря совершённым ими омовениям. Я буду ждать их у Водоёма”» (Муслим: 584; Ахмад: 8878).

1031
Риядус-салихин, № 1031Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «ألَا أَدُّلُكُمْ عَلَى مَا يَمْحُو اللَّهُ بِهِ الْخَطَايَا، وَيَرْفَعُ بِهِ الدَّرَجَاتِ؟» قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ، وَكَثْرَةُ الْخُطَا إِلَى الْمَسَاجِدِ، وَانْتِظَارُ الصَّلَاةِ بَعْدَ الصَّلَاةِ؛ فَذلِكُمُ الرِّبَاطُ؛ فَذَلِكُمُ الرِّبَاطُ»

عَنْ أَبِى مالك الْأشعرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الطُّهُورُ شَطْرُ الْإِيمَانِ»

وَقَدْ سبق بطوله فِى باب الصبر. وَفِى الْبابِ حَدِيث عَمْرُو بْنِ عَبَسَة السابق فِى آخر باب الرَّجَاءِ، وَهُوَ حَدِيث عظيم؛ مشتمل عَلَى جمل من الْخيرات

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Бірде Алла елшісі ﷺ сахабаларына: «Алланың күнәларыңды кешіріп, дәрежелеріңді өсіруіне себепші болатын істі айтайын ба?» – деді. Сахабалары: «Әрине, уа, Расулалла, айтыңыз», – десті. Сонда Расулалла: «Дәрет алу қиынға соққан кезде де дәретті толық алу. Мешіттерге апаратын жолды тоздыру және бір намаздан кейін келесі намаздың уақытын асыға күту. Міне, (шекара күзеткен қырағы сарбаз сынды күнәға бастайтын нәпсіге қарсы) әрдайым бекіністе (яғни, сергек) болып Алламен байланысты үзбеу деген осы», – деп айтты», – делінген (Муслим: 587, Ахмад: 7729).

1032. Әбу Мәлик әл-Әшғари (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Тазалық (ғұсыл-дәрет) – иманның жартысы», – деп айтты», – деген (Муслим: 534, Ахмад: 22902).

Бұл хадис Сабыр бөлімінде толық келтірілген болатын.

Осы тақырыпқа қатысты «Алланың мейірімінен үміт ету» бөлімінің соңында келген Амр ибн Абасаның (р.а.) хадисі де бар. Ол өте іргелі және көптеген жақсылықтарға толы хадис.

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил своих сподвижников: «Не рассказать ли вам о том, благодаря чему Аллах простит ваши грехи и возвысит ваше положение?» Сподвижники ответили: «Конечно, о Посланник Аллаха!» Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Это – совершать омовение полностью, даже когда это трудно; делать множество шагов на пути к мечетям; с нетерпением ожидать наступления следующей молитвы после совершения предыдущей. Вот что значит всегда пребывать на страже (то есть сохранять бдительность), не прерывая связи с Аллахом и противостоя душе, толкающей ко греху (подобно бдительному воину, охраняющему границу)» (Муслим: 587; Ахмад: 7729).

1033
Риядус-салихин, № 1033Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ يَتَوَضَّأُ فَيُبْلغُ – أَوْ فَيُسْبِغُ – الْوُضُوءَ، ثُمَّ يَقُولُ: أشهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، وَأشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ؛ إِلَّا فُتِحَتْ لَهُ أَبْوَابُ الْجَنَّةِ الثَّمَانِيَةُ يَدْخُلُ مِنْ أَيِّهَا شَاءَ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Сендердің араларыңнан кімде-кім дәретін толық алып, соңында: «Алладан басқа тәңір жоқ екеніне куәлік етемін. Ол жалғыз, серігі жоқ. Сондай-ақ Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін» деп айтса, оған жұмақтың сегіз есігі де айқара ашылып, қалаған есіктен кіретін болады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 553, Ахмад: 17314).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Перед тем из вас, кто совершит омовение должным образом, а затем скажет: “Свидетельствую, что нет божества, кроме Аллаха. Он Един, и нет у Него сотоварища. И свидетельствую, что Мухаммад – Его раб и посланник”, – распахнутся все восемь врат рая, и он сможет войти через любые из них» (Муслим: 553; Ахмад: 17314).