Хадис

Азанның артықшылығы

О достоинстве азана

Риядус-салихин, 186-тақырып · 9 хадис · № 1034–1042

Хадистер

1034
Риядус-салихин, № 1034Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة -رضي اللَّه عَنْهُ أنَّ رَسُول اللَّه ﷺ قَالَ: «لَوْ يَعْلَمُ النَّاسُ مَا فِى النِّدَاءِ والصَّفِ الْأَوَّلِ، ثُمَّ لَمْ يَجِدُوا إِلَّا أَنْ يَسْتَهِمُوا عَلَيْهِ لاسْتَهَمُوا عَلَيْهِ، ولو يَعْلَمُونَ مَا فِى التَّهْجِيرِ لاسْتَبَقُوا إِلَيْهِ، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِى الْعَتَمَةِ وَالصُّبْحِ لأَتَوْهُمَا وَلَوْ حَبْوًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Егер адамдар азан шақыру мен алғашқы сапта тұрып намаз оқудың қаншалықты сауапты іс екенін білсе, азан шақыру мен бірінші сапта тұрып намаз оқу үшін таласып, жеребеге жүгінуге мәжбүр болар еді. Егер де намазға ерте барудың қаншама сауапқа бөлейтінін білсе, намазға асығып, бір-бірімен жарысар еді. Сондай-ақ құптан мен таң намазының (жамағатпен оқылғандағы) сауабын білсе, намазға еңбектеп болса да жететін еді», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 615, Муслим: 981).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы люди знали, сколь велика награда за произнесение азана и совершение молитвы в первом ряду, они стали бы состязаться за право произнести азан и молиться в первом ряду и были бы вынуждены прибегнуть к жеребьёвке. Если бы они знали, сколь велика награда за ранний приход на молитву, то спешили бы к ней, опережая друг друга. А если бы они знали о награде за ночную и утреннюю молитвы (совершённые вместе с общиной), то непременно пришли бы на них, даже если бы им пришлось добираться ползком» (Аль-Бухари: 615; Муслим: 981).

1035
Риядус-салихин, № 1035Риуаят етуші: Мұғауия (р.а.)

عَنْ معاوية قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «المُؤَذِّنُونَ أطْوَلُ النَّاسِ أعْناقًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Мағауия (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Қиямет күні адамдардың ішінде азаншылардың мойыны ең ұзын болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 852, Ахмад: 12729).

Орысша аудармасы

Муавия (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения среди людей самые длинные шеи будут у муэдзинов”» (Муслим: 852; Ахмад: 12729).

1036
Риядус-салихин, № 1036

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عبدِ الرَّحْمَانِ بْنِ أَبِى صَعصعة أَنَّ أَبَا سَعيد الْخدرِيَّ قَالَ لَهُ: «إِنِّى أَرَاكَ تُحبُّ الْغَنَمَ وَالْبَادِيَةَ فَإِذَا كُنْتَ فِى غَنَمِك – أَوْ بَادِيتِكَ – فَأذَّنْتَ للصَّلَاةِ، فَارْفَعْ صَوْتَكَ بِالنِّدَاءِ، فَإِنَّهُ لَا يَسْمَعُ مدى صَوْتِ الْمُؤذِّنِ جِنٌّ، وَلَا إِنْسٌ، وَلَا شَيْءٌ، إِلَّا شَهِدَ لَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ» قَالَ أَبُو سَعيدٍ: سَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّه ﷺ

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Абдуррахман ибн Әбу Сағсаға (р.а.) Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) өзіне былай дегенін жеткізген: «Сенің қой бағуды және сахараны жақсы көретініңді байқадым. Ендеше, қой бағып немесе сахарада жүргеніңде намаз уақыты кіріп, азан шақырағаныңда, барынша дауыстап шақыр. Өйткені азаншының үні жеткен жерлердегі жындар, адамдар және барлық нәрселер қиямет күні сол азаншыға куә болады». Артынша Әбу Сағид: «Мен бұл хадисті Алла елшісінен ﷺ естідім», – деді» (Бұхари: 609, Ахмад: 11305).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Абдуррахман ибн Абу Сасаа (да будет доволен им Аллах) передал, что Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) сказал ему: «Я заметил, что ты любишь пасти овец и бывать в пустыне. Поэтому, когда ты будешь пасти овец или находиться в пустыне и настанет время молитвы, призывая к ней, произноси азан как можно громче. Ведь джинны, люди и всё, до чего донесётся голос муэдзина, в День воскресения будут свидетельствовать в его пользу». Затем Абу Саид сказал: «Я слышал этот хадис от Посланника Аллаха ﷺ» (Аль-Бухари: 609; Ахмад: 11305).

1037
Риядус-салихин, № 1037Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا نُودِيَ بالصَّلَاةِ، أدْبَرَ الشَّيْطَانُ، وَلَهُ ضُرَاطٌ حَتَّى لَا يَسْمَعَ التَّأذِينَ، فَإِذَا قُضِيَ النِّدَاءُ أقْبَلَ، حَتَّى إِذَا ثُوِّبَ للصَّلَاةِ أدْبَرَ، حَتَّى إِذَا قُضِيَ التَّثْوِيبُ أقْبَلَ، حَتَّى يَخْطِرَ بَيْنَ الْمَرْءِ وَنَفْسِهِ، يَقُولُ: اذْكُرْ كَذَا واذكر كَذَا – لِمَا لَمْ يَذْكُر مِنْ قَبْلُ – حَتَّى يَظَلَّ الرَّجُلُ مَا يَدْرِى كَمْ صَلَّى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ: «Намазға азан шақырылғанда шайтан азанды естімеу үшін артынан жел шығарған күйде тұра қашады. Ал азан аяқталғанда қайта оралады. Сосын намазға қамат айтылғанда, қайтадан тұра қашады. Қамат айтылып болған соң қайта келіп, намазға тұрған адамның көкірегіне уәсуәса салып: «Есіңе ананы ал, мынаны ал», – деп, оған дейін есіне алмаған нәрселерін есіне салып азғырады. Сөйтіп әлгі адам қанша бас намаз оқығанын да білмей қалады», – деп айтты» (Бұхари: 608, Муслим: 856, Ахмад: 8139).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Когда произносится азан, призывающий к молитве, шайтан пускается прочь, с шумом испуская ветры, чтобы не слышать его. Когда азан заканчивается, он возвращается. Затем, когда произносят икамат, он вновь обращается в бегство, а после его окончания возвращается и начинает внушать наущения человеку, вставшему на молитву: ‘Вспомни то, вспомни это’, – сбивая его и напоминая ему о том, чего тот прежде даже не вспоминал. В конце концов человек уже не знает, сколько ракаатов он совершил”» (Аль-Бухари: 608; Муслим: 856; Ахмад: 8139).

1038
Риядус-салихин, № 1038Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّهُ سمع رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا سَمِعْتُمُ الندَاء فَقُولُوا مِثْلَ مَا يَقُولُ، ثُمَّ صَلُّوا عَلَيَّ؛ فَإِنَّه مَنْ صَلَّى عَلَيَّ صَلَاةً صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ بِهَا عَشْرًا، ثُمَّ سَلُوا اللَّهَ لِيَ الْوَسِيلَةَ؛ فَإِنَّهَا مَنْزِلَةٌ فِى الْجَنَّةِ لَا تَنْبَغِى إِلَّا لِعَبْدٍ مِنْ عِبَادِ اللَّهِ وَأرْجُو أَنْ أكونَ أَنَا هُوَ، فَمَنْ سَأَلَ لِيَ الْوَسِيلَةَ حَلَّتْ لَهُ الشَّفَاعَةُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Азанның дауысын естігенде, азаншының айтқанын қайталаңдар. Содан кейін маған салауат айтыңдар, өйткені маған бір рет салауат айтып, мен үшін Алладан мейірім тілегенге Алла Тағала он есе мейірім көрсетеді. Салауаттан кейін Алладан мен үшін әл-Уәсиланы сұраңдар. Ол – Алланың құлдарының ішінен бір адамға ғана бұйыратын пейіштегі өте жоғары дәреже. Сол құл мен болсам деп тілеймін, сондықтан кімде-кім Алладан маған «әл-Уәсиланы» беруін сұраса, оған міндетті түрде шапағат етемін», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 849, Ахмад: 6568).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Услышав азан, повторяйте слова муэдзина. Затем призывайте на меня благословение, ибо того, кто один раз призовёт на меня благословение и попросит для меня милости у Аллаха, Аллах Всевышний одарит Своей милостью десятикратно. После этого просите у Аллаха для меня аль-Василу. Это высочайшая степень в раю, предназначенная лишь одному из рабов Аллаха. Я надеюсь, что этим рабом окажусь я. Поэтому за того, кто попросит Аллаха даровать мне аль-Василу, я непременно заступлюсь”» (Муслим: 849; Ахмад: 6568).

1039
Риядус-салихин, № 1039Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا سَمِعْتُمُ النِّدَاءَ، فَقُولُوا كَمَا يَقُولُ الْمُؤذِّنُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хаисте: Алла елшісі ﷺ: «Азанды естігендеріңде, азаншының айтқанын қайталаңдар», – деген (Бұхари: 611, Муслим: 848, Ахмад: 11020).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Саида аль-Худри (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Услышав азан, повторяйте слова муэдзина» (Аль-Бухари: 611; Муслим: 848; Ахмад: 11020).

1040
Риядус-салихин, № 1040Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَالَ حِيْنَ يَسْمَعُ النِّدَاءَ: اللَّهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ، وَالصَّلَاةِ الْقَائِمَةِ، آتِ مُحَمَّدًا الْوَسِيلَةَ، وَالْفَضِيلَةَ، وَابْعَثْهُ مَقَامًا مَحْمُودًا الَّذِى وَعَدْتَهُ، حَلَّتْ لَهُ شَفَاعَتي يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім азанды естігенде: «Уа, Алла Тағалам! Осы кемел шақырудың және оқылатын намаздың Раббысы! Әзірет Мұхаммедке пейіштегі ең жоғары дәрежені нәсіп етіп, күллі жаратылыстың ішінде оның мәртебесін асқақтата көр! Уәде бергеніңдей оны Махмуд биігіне шығара көр!» – деп айтса, қиямет күні оған міндетті түрде шапағатым тиеді», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 614).

Орысша аудармасы

Передают со слов Джабира (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто, услышав азан, произнесёт: “О Аллах Всевышний! Господь этого совершенного призыва и предстоящей молитвы! Даруй досточтимому Мухаммаду высочайшую степень в раю и возвысь его положение среди всех творений! Даруй ему обещанное Тобой достохвальное место (макам махмуд)!” – в День воскресения непременно удостоится моего заступничества» (Аль-Бухари: 614).

1041
Риядус-салихин, № 1041

عَنْ سعدِ بْنِ أَبِى وقَّاصٍ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مَنْ قَالَ حِيْنَ يَسْمَعُ الْمُؤَذِّنَ: أشْهَدُ أَنْ لَا إِلَه إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، رَضِيتُ بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولًا، وَبِالإِسْلَامِ دِينًا، غُفِرَ لَهُ ذَنْبُهُ»

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Азаншының дауысын естігенде, Алладан басқа тәңір жоқ, Оның жалғыз әрі ешбір серігі жоқ екеніне куә боламын. Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне куә боламын. Жаратушы ретінде – Алладан, елші ретінде – Мұхаммедтен және дін ретінде – Исламнан разымын» деп айтқан адамның күнәлары кешіріледі», – деп айтты», – делінген (Муслим: 851, Ахмад: 1565).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Саадом ибн Абу Ваккасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Тому, кто, услышав голос муэдзина, скажет: “Свидетельствую, что нет божества, кроме Аллаха, что Он Един и нет у Него сотоварища. Свидетельствую, что Мухаммад – Его раб и посланник. Я доволен Аллахом как Господом, Мухаммадом – как посланником и исламом – как религией”, – простятся его грехи» (Муслим: 851; Ахмад: 1565).

1042
Риядус-салихин, № 1042Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الدُّعَاءُ لَا يُرَدُّ بَيْنَ الْأَذَانِ وَالإِقَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: Азан мен қаматтың арасындағы дұға-тілек кері қайтарылмайды, – деп айтты», – деген (Тирмизи: 212).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Мольба, вознесённая между азаном и икаматом, не отвергается”» (Ат-Тирмизи: 212).