عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: مَنْ سَرَّهُ أَنْ يَلْقَى اللَّهَ تَعَالَى غدًا مُسْلِمًا، فَلْيُحَافِظْ عَلَى هؤُلَاءِ الصَّلَوَاتِ حَيْثُ يُنَادَى بِهِنَّ، فَإِنَّ اللَّهَ شَرَعَ لِنَبِيِّكم ﷺ سُنَنَ الْهُدَى، وَإِنَّهُنَّ مِنْ سُنَنِ الْهُدَى، وَلَوْ أَنَّكُمْ صَلَّيْتُمْ فِى بُيُوتِكم كَمَا يُصَلِّى هذا الْمُتَخَلِّفُ فِى بَيْتِهِ لَتَرَكْتُمْ سُنَّةَ نَبِيِّكُمْ، وَلَوْ تَرَكْتُمْ سُنَّة نَبِيِّكُم لَضَلَلْتُمْ، وَلَقَدْ رَأَيْتُنَا وَمَا يَتَخَلَّفُ عَنْهَا إِلَّا مُنَافِقٌ مَعْلُومُ النِّفَاقِ، وَلَقَدْ كَانَ الرَّجُلُ يُؤْتَى بهِ، يُهَادَى بَيْنَ الرَّجُلَيْنِ حَتَّى يُقَامَ فِى الصَّفِّ
وَفِى رِوَايَة لَهُ قَالَ: إِنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَلَّمَنَا سُنَنَ الْهُدَى؛ وإِنَّ مِنْ سُنَنِ الْهُدَى الصَّلَاةَ فِى الْمَسْجِدِ الَّذِى يُؤَذَّنُ فِيهِ
Ибн Масғуд (р.а.) былай деген: «Кім ертең Алла Тағаламен мұсылман болған күйде қауышуды қаласа, онда мына бес уақыт намазын азан шақырылған жерде үзбей оқуға дағдылансын. Алла Тағала пайғамбарларыңа тура жолдарды шариғат етіп бекітіп берді. Бес уақыт намаз да сол тура жолдардың бірі. Егер сендер (жамағат намазына қатыспай) намазды үйінде оқып, жамағаттан кері қалған мына адам сияқты намаздарыңды үйлеріңде оқитын болсаңдар, онда пайғамбарларыңның сүннетін тәрк еткен боласыңдар. Ал пайғамбарларыңның сүннетін тәрк етсеңдер, сөзсіз, адасасыңдар. Менің байқауымша, арамыздағы намазға қатыспай жамағаттан кері қалатындар тек анық екіжүзді болғандар ғана. Біздің кезімізде тіпті өз аяғымен жүре алмайтын кісіні әкеліп, сүйемелдеп тұруы үшін екі кісінің ортасына сапқа тұрғызатын» (Муслим: 453/1, Ахмад: 3936).
Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен басқа бір хадисте: «Алла елшісі ﷺ бізге тура жолдарды үйретті. Азан шақырылатын мешітте намаз оқу сол тура жолдардың бірі», – деген.
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Кто желает завтра встретить Аллаха Всевышнего мусульманином, пусть неуклонно совершает эти пять молитв там, где возглашается азан. Аллах Всевышний установил для вашего Пророка пути прямого руководства, и эти пять молитв относятся к их числу. Если же вы (не участвуя в коллективной молитве) станете совершать свои молитвы дома, подобно этому человеку, который остаётся дома, отставая от общины, то оставите сунну вашего Пророка. А если оставите сунну вашего Пророка, то непременно собьётесь с пути. Я замечал, что среди нас от участия в коллективной молитве уклонялись лишь явные лицемеры. В наше время даже того, кто не мог ходить самостоятельно, двое людей, поддерживая с обеих сторон, приводили и ставили в ряд» (Муслим: 453/1; Ахмад: 3936).
В другом сообщении Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах) сказано: «Посланник Аллаха ﷺ обучил нас путям прямого руководства. К ним относится и совершение молитвы в мечети, где возглашается азан».