Хадис

Таң намазы мен құптан намазын жамағатпен оқудың артықшылығы

О достоинстве совершения утренней и ночной молитв вместе с общиной

Риядус-салихин, 192-тақырып · 3 хадис · № 1072–1074

Хадистер

1072
Риядус-салихин, № 1072Риуаят етуші: Осман (р.а.)

عَنْ عثمان بْنِ عفان قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ صَلَّى الْعِشَاءَ فِى جَمَاعَةٍ، فَكَأَنَّمَا قَامَ نِصْفَ اللَّيْلِ، وَمَنْ صَلَّى الصُّبْحَ فِى جَمَاعَةٍ، فَكَأَنَّمَا صَلَّى اللَّيْلَ كُلَّهُ»

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффан (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Құптан намазын жамағатпен оқыған адам сол түннің тең жартысын намаз оқумен өткізгендей болады. Сондай-ақ таң намазын жамағатпен оқыған жан түні бойы намаз оқып шыққандай болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 1491, Ахмад: 408).

Орысша аудармасы

Усман ибн Аффан (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тот, кто совершил ночную молитву вместе с общиной, подобен тому, кто провёл в молитве половину ночи. А тот, кто совершил утреннюю молитву вместе с общиной, подобен тому, кто провёл в молитве всю ночь”» (Муслим: 1491; Ахмад: 408).

1073
Риядус-салихин, № 1073Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِى الْعَتَمَةِ وَالصُّبْحِ لأَتَوْهُمَا وَلَوْ حَبْوًَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Егер адамдар (мешітте жамағатпен оқылатын) құптан және таң намазының сауабын білгенде, сол екі намазға еңбектеп болса да барар еді», – деген (Бұхари: 615, Муслим: 981, Ахмад: 8022).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы люди знали, какая награда полагается за ночную и утреннюю молитвы (совершаемые в мечети вместе с общиной), то непременно пришли бы на эти две молитвы, даже если бы им пришлось добираться туда ползком» (Аль-Бухари: 615; Муслим: 981; Ахмад: 8022).

1074
Риядус-салихин, № 1074Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ صَلَاةٌ أثْقَلَ عَلَى الْمُنَافِقِينَ مِنْ صَلَاةِ الْفَجْرِ وَالعِشَاءِ، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِيهِمَا لأَتَوْهُمَا وَلَوْ حَبْوًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Мұнафықтар үшін таң мен құптан намазынан асқан ауыр намаз жоқ. Егер олар сол екі намазда қандай зор сауап бар екенін білгенде, сол екеуіне еңбектеп болса да барар еді», – деп айтқан (Бұхари: 657, Муслим: 1482, Ахмад: 9486).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Нет для лицемеров молитв более тяжких, чем утренняя и ночная. Если бы они знали, какая великая награда уготована за эти две молитвы, то непременно приходили бы на них, даже если бы им пришлось добираться ползком» (Аль-Бухари: 657; Муслим: 1482; Ахмад: 9486).