Хадис

Парыз намаздарды үзбей уақытылы оқу

О неуклонном совершении обязательных молитв в установленное время

Риядус-салихин, 193-тақырып · 8 хадис · № 1075–1082

Хадистер

«حَافِظُوا عَلَى الصَّلَوَاتِ وَالصَّلَاةِ الْوُسْطَى» «Бес уақыт намазға, әсіресе, ортаңғы намазға берік болыңдар» («Бақара», 238-аят).

«فَإِنْ تَابُوا وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوا الزَّكَاةَ فَخَلُّوا سَبِيلَهُمْ» «Егер тәубеге келіп, хақ діні мойындап, намаз оқыса және зекет берсе, оларды жөніне жіберіңдер» («Тәубе» 5-аят).

«Берегите обязательные намазы и особливо – средний» (сура «Аль-Бакара», 2:238).

«Если же они покаются, признают истинную религию и будут совершать намаз и выплачивать закят, то откройте им путь» (сура «Тауба», 9:5).

1075
Риядус-салихин, № 1075Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: سألت رَسُول اللَّهِ ﷺ أَيُّ الْأَعْمَالِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «الصَّلَاةُ عَلَى وَقْتِهَا» قُلْتُ: ثُمَّ أيٌّ؟ قَالَ: «بِرُّ الْوَالِدَيْنِ» قُلْتُ: ثُمَّ أيٌّ؟ قَالَ: «الجِهَادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісінен ﷺ: «Ең абзал іс не?» – деп сұрағанымда: «Уақытылы оқылған намаз», – деді. Мен: «Одан кейін қайсысы?» – дегенімде: «Ата-анаға жақсылық жасау», – деді. Мен тағы: «Содан соң қайсысы?» – дегенімде: «Алла жолындағы күрес», – деп айтты», – деген (Бұхари: 527, Муслим: 252, Ахмад: 3973).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я спросил Посланника Аллаха ﷺ: “Какое деяние является наилучшим?” Он ответил: “Молитва, совершённая вовремя”. Я спросил: “А какое после него?” Он ответил: “Доброе отношение к родителям”. Я вновь спросил: “А какое после него?” Он ответил: “Борьба на пути Аллаха”» (Аль-Бухари: 527; Муслим: 252; Ахмад: 3973).

1076
Риядус-салихин, № 1076Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَحَجِّ الْبَيْتِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: Ислам діні бес нәрсеге негізделген. Олар – Алладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммедтің Алланың елшісі екендігіне куәлік айту (кәлима айту), намаз оқу, зекет беру, Алланың үйіне қажылық жасау, рамазан оразасын ұстау, – деп айтты», – деген (Бұхари: 8, Муслим: 111, Ахмад: 6015).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ислам основан на пяти столпах: свидетельстве о том, что нет божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Посланник Аллаха (произнесении слов свидетельства), совершении молитвы, выплате закята, паломничестве к Дому Аллаха и соблюдении поста в месяц рамадан» (Аль-Бухари: 8; Муслим: 111; Ахмад: 6015).

1077
Риядус-салихин, № 1077Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أُمِرْتُ أَنْ أُقَاتِلَ النَّاسَ حَتَّى يَشْهَدُوا أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ، وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ، فَإِذَا فَعَلُوا ذَلِكَ، عَصَمُوا مِنِّى دِمَاءهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ، إِلَّا بِحَقِّ الْإِسْلَامِ، وَحِسَابُهُمْ عَلَى اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: Адамдар (яғни, араб мүшріктері, соның ішінде Мекке мүшріктері) «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед – Алланың елшісі» деп, куәлік айтып, намаз оқып, зекет бергенге дейін, маған олармен соғысу бұйрығы берілді. Егер олар осы айтылғандарды орындайтын болса, менен мал-жандарын қорғап қалады, тек Ислам шариғаты белгілеген ақылардың (кісі ақысы, қысас, хад жазалары сынды құқықтардың) жөні бөлек. Ал іштеріндегі (ниет-пиғылдарының) есебін Аллаға береді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 25, Муслим: 111, Ахмад: 129).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мне было велено сражаться с людьми (то есть с арабскими многобожниками, в том числе с многобожниками Мекки) до тех пор, пока они не засвидетельствуют, что нет божества, кроме Аллаха, а Мухаммад – Посланник Аллаха, не станут совершать молитву и выплачивать закят. Если они исполнят всё это, то защитят от меня свои жизни и имущество, кроме случаев, предусмотренных исламским шариатом (таких, как нарушение прав людей, возмездие по принципу кисаса и наказания хадд). А за то, что таится у них внутри (за их намерения и помыслы), они будут держать ответ перед Аллахом» (Аль-Бухари: 25; Муслим: 111; Ахмад: 129).

1078
Риядус-салихин, № 1078Риуаят етуші: Мұғаз (р.а.)

عَنْ معاذٍ قَالَ: بَعثنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الْيَمَنِ، فَقَالَ: «إِنَّكَ تَأْتِى قَوْمًا مِنْ أَهْل الْكِتَابِ، فَادْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وأنِّى رَسُولُ اللَّهِ، فَإِنْ هُمْ أطاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صلَوَاتٍ فِى كُلِّ يَوْمٍ وَلَيلَةٍ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً تُؤخَذُ مِنْ أغْنِيَائِهِمْ فَتُرَدُّ عَلَى فُقَرَائِهِمْ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَإِيَّاكَ وَكَرَائِمَ أمْوَالهِمْ، واتَّقِ دَعْوَةَ الْمَظْلُومِ، فَإِنَّهُ لَيْسَ بَينَهَا وبَيْنَ اللَّهِ حِجَابٌ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мені (өзінің өкілі етіп тағайындап) Йеменге аттандырарда, маған: «Сен Кітап иелері болған қауымға бара жатырсың. Алдымен оларды Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және менің Алланың елшісі екеніме куәлік етуге шақыр. Егер олар бұл ұсынысыңды құп алып, саған бойсұнса, Алланың оларға бір күн мен бір түн ішінде (тәулігіне) бес уақыт намаз оқуды парыз еткенін білдір. Егер олар бұны да қабыл алып бойсұнса, Алланың оларға байларынан алып, кедейлеріне берілетін садақаны парыз қылғанын білдір. Егер олар бұған да қарсылық білдірмесе, (зекеттерін жинағанда өз қалауларымен бермесе), олардың ең бағалы дүниелеріне тиіспе. Сондай-ақ қоластыңдағыларға зәбір көрсетіп, зәбір шеккеннің қарғысына қалудан аулақ бол, өйткені жазықсыз зәбір көргеннің дұғасы мен Алланың арасында перде (яғни, бөгет) болмайды», – деп кеңес берді», – деген (Бұхари: 1496, Муслим: 121, Ахмад: 2071).

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ отправлял меня в Йемен (назначив своим представителем), он наставил меня: “Ты направляешься к народу из числа обладателей Писания. Прежде всего призови их засвидетельствовать, что нет божества, кроме Аллаха, и что я – Посланник Аллаха. Если они примут твой призыв и подчинятся тебе, сообщи им, что Аллах вменил им в обязанность совершать пять молитв в течение дня и ночи (то есть каждые сутки). Если они примут и это и подчинятся, сообщи им, что Аллах вменил им в обязанность выплачивать милостыню, которая берётся с их богатых и передаётся их бедным. Если они не станут противиться и этому, то при сборе закята не бери самое ценное из их имущества (если только они сами не отдадут его добровольно). Не притесняй тех, кто окажется под твоей властью, и остерегайся мольбы притеснённого, ибо между мольбой несправедливо обиженного и Аллахом нет завесы (то есть преграды)”» (Аль-Бухари: 1496; Муслим: 121; Ахмад: 2071).

1079
Риядус-салихин, № 1079Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جابرٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ بَيْنَ الرَّجُلِ وَبَيْنَ الشِّرْكِ والكفر تَرْكَ الصَّلَاةِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Расында, адам мен Аллаға серік қосудың және күпірліктің арасында намазды тәрк ету (яғни намаз оқымау) бар», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 246, Ахмад: 14979).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, между человеком и многобожием и неверием стоит оставление молитвы (то есть отказ от её совершения)”» (Муслим: 246; Ахмад: 14979).

1080
Риядус-салихин, № 1080Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرَيْدَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «العَهْدُ الَّذِى بَيْنَنَا وَبَيْنَهُمْ الصَّلَاةُ، فَمَنْ تَرَكَهَا فَقَدْ كَفَرَ»

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Біз бен олардың (мұнафықтардың) арасында бекітілген келісімнің түп негізінде намаз оқу жатыр. Оны тәрк еткен бірден кәпір болады», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 2621, Ахмад: 22937).

Орысша аудармасы

Передают со слов Бурайды (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В основе договора, заключённого между нами и ими (лицемерами), лежит совершение молитвы. Тот, кто оставит её, сразу становится неверующим» (Ат-Тирмизи: 2621; Ахмад: 22937).

Түсіндірме (қазақша)

Негізінен, шариғат үкімдері мұсылмандарға қатысты және мұсылман еместерге қатысты болып екіге бөлінеді. Осыған орай, егер мұсылман қауымының ішіндегі екіжүзділер намаз оқитын болса, шариғат бойынша оларға діннің шынайы мұсылмандарға қатысты үкімдері жүреді.

Соңғы №1079 бен 1080-дегі екі хадисте намазды тәрк еткен, яғни намаз оқып жүріп, кейін оқымай кеткен немесе мүлдем намазға жығылмаған адамның кәпір болатындығы айтылған. Дегенмен төрт мәзһаб имамдарының үшеуі, яғни Имам Ағзам Әбу Ханифа, Имам Мәлік және Имам Шафиғи бұл хадисті тура мағынада түсінбеген. Аталған имамдардың көзқарасы бойынша діни парыздарды, соның ішінде намазды мойындап, бірақ орындамаған адамдар кәпір болмайды. Бұл мәселеге қатысты тек Имам Ахмадтан жеткен екі риуаяттың біреуінде ғана намазды тәрк еткен адам кәпір болады деген үкім айтылған. Дегенмен кейбір ғалымдар имам Ахмадтың «намазды тәрк еткен адам кәпір болады» деген сөзін, намаздың парыздығын жоққа шығарған адам кәпір болады, деп түсіндірген. Яғни, имам Ахмад ол сөзінде намаздың парыздығын мойындамаған, сол себепті намазды тәрк еткен адамның кәпір болатынын айтқан. Өйткені имам Ахмад өзінің шәкірті хафиз Мұсаддад ибн Мұсарһадқа айтқан өсиетінде: «Адамды ислам дінінен шығаратын іс – ұлы Аллаға серік қосу немесе қандай да бір парыз амалды жоққа шығару. Ал егер қайсыбір адам парыз амалды жалқаулықпен, яки немқұрайлықпен тәрк етсе, ондай адам Алланың қалауына қалдырылады. Алла қаласа, оны азаптайды, қаласа, кешіреді...», – деп айтқан. Имам Ахмадтың осы сөзін қуаттайтын Алла елшісінің ﷺ мынадай хадисі бар. Бірде Алла елшісі мешітте намаздың уақытын күтіп отырған бір топ сахабаларына былай деген: Раббыларың Алла: «Кімде-кім намазды талаптарына сай уақытылы оқыса, Алла ондай адамды жаннатқа кіргізуді уәде етеді. Ал кімде-кім намазды уақытылы оқымаса және талаптарын сақтамаса, ондай адамға Мен еш нәрсе уәде етпеймін. Егер қаласам оны тозаққа тоғытамын, қаласам жаннатқа кіргіземін», – деп айтады. (Имам ат-Тахауи, Шарх Мушкил әл-Әсәр)

Түсіндірме (орысша)

в целом предписания шариата делятся на две категории: относящиеся к мусульманам и относящиеся к немусульманам. Исходя из этого, если лицемеры, находящиеся среди мусульманской общины, совершают молитву, то по шариату на них распространяются религиозные нормы, относящиеся к истинным мусульманам.

В последних двух хадисах – № 1078 и 1079 – говорится, что человек, оставивший молитву, то есть тот, кто прежде совершал её, а затем перестал, или тот, кто вообще никогда не приступал к молитве, становится неверующим. Однако трое из четырёх имамов мазхабов – имам Аазам Абу Ханифа, имам Малик и имам аш-Шафии – не понимали этот хадис в буквальном смысле. По мнению этих имамов, люди, признающие обязательность религиозных предписаний, в том числе молитвы, но не исполняющие их, неверующими не становятся. Лишь в одном из двух сообщений, переданных от имама Ахмада по этому вопросу, содержится решение о том, что человек, оставивший молитву, становится неверующим.

Однако некоторые учёные истолковали слова имама Ахмада «оставивший молитву становится неверующим» в том смысле, что неверующим становится тот, кто отрицает обязательность молитвы. Иными словами, имам Ахмад говорил о человеке, который не признаёт молитву обязательной и по этой причине отказывается от неё.

Ведь в наставлении своему ученику, хафизу Мусаддаду ибн Мусархаду, имам Ахмад сказал: «Действием, выводящим человека из ислама, является приобщение сотоварищей к Великому Аллаху или отрицание обязательности какого-либо предписания. Если же человек оставит обязательное деяние из-за лени или небрежности, то его дело остаётся на усмотрение Аллаха. Если Аллах пожелает, Он накажет его, а если пожелает – простит…»

Эти слова имама Ахмада подтверждает следующий хадис Посланника Аллаха ﷺ. Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал группе сподвижников, ожидавших в мечети наступления времени молитвы: «Ваш Господь, Аллах, говорит: “Кто будет своевременно совершать молитву, соблюдая все её требования, тому Аллах обещает даровать рай. Тому же, кто не будет совершать молитву вовремя и соблюдать её требования, Я ничего не обещаю. Если пожелаю, ввергну его в ад, а если пожелаю – введу в рай”» (Имам ат-Тахави, «Шарх мушкиль аль-асар»).

1081
Риядус-салихин, № 1081

عَنْ شقِيق بْنِ عَبْدِ اللَّهِ التَّابِعيِّ الْمُتَّفَقٌ عَلَى جَلَالَتِهِ رَحِمهُ اللَّهُ، قَالَ: كَانَ أَصْحَابُ محَمَّدٍ ﷺ لَا يَرَوْنَ شَيْئًا مِنَ الْأَعْمَالِ تَرْكُهُ كُفْرٌ غَيْرَ الصَّلَاةِ

Қазақша аудармасы

Ұлы тұлға екені дау тудырмайтын табиғин Шақиқ ибн Абдуллаһ (Алла оны рақымына бөлесін): «Мұхаммедтің ﷺ сахабалары намаздан өзге қандай да бір істі тәрк етуді күпірлікке жатқызбайтын еді», – деген еді (Тирмизи: 2622).

Орысша аудармасы

Выдающийся табиин Шакик ибн Абдуллах (да помилует его Аллах), чьё высокое положение общепризнано, сказал: «Сподвижники Мухаммада ﷺ не считали отказ от какого-либо деяния неверием, за исключением отказа от молитвы» (Ат-Тирмизи: 2622).

1082
Риядус-салихин, № 1082Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَوَّلَ مَا يُحَاسَبُ بِهِ الْعَبْدُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنْ عَمَلِهِ صَلَاتُهُ، فَإِنْ صَلَحَتْ، فَقَدْ أفْلَحَ وأَنْجَحَ، وَإِنْ فَسَدَتْ، فَقَدْ خَابَ وَخَسِرَ، فَإِنْ انْتَقَصَ مِنْ فَرِيضَتِهِ شَيْءٌ، قَالَ الرَّبُ تَعَالَى: انْظُرُوا هَلْ لِعَبدي من تطوّعٍ، فَيُكَمَّلُ مِنْهَا مَا انْتَقَصَ مِنَ الْفَرِيضَةِ؟ ثُمَّ تَكُونُ سَائِرُ أَعْمَالِهِ عَلَى هَذَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Қиямет күні Алланың пендесі істерінің ішінен ең алдымен намазынан сұралады. Егер оқыған намаздары дұрыс әрі Алла тарапынан қабылданған болса, жақсылыққа кенеліп, жетістікке жетеді. Ал егер намаздарында кінәрат болса, дегеніне жете алмай, қапыда қалады. Ал енді оқыған парыз намаздары толық болмай шықса, Ұлы Раббымыз періштелеріне: «Пендемнің кем болып қалған парыздарын толықтыратын қосымша оқыған нәпіл намаздары бар ма екен? Соған қараңдар», – деп бұйырады. Содан кейінгі істері де дәл солай қаралады», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 413, Ахмад: 7902).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения первым из деяний раба Аллаха, за которое с него будет спрошено, станет молитва. Если его молитвы окажутся правильными и будут приняты Аллахом, он обретёт благо и преуспеет. Если же в них будут изъяны, он не достигнет желаемого и потерпит неудачу. Если окажется, что совершённые им обязательные молитвы неполны, наш Великий Господь повелит ангелам: “Посмотрите, есть ли у Моего раба дополнительные добровольные молитвы, которыми можно восполнить недостатки его обязательных молитв”. Затем таким же образом будут рассмотрены и остальные его деяния» (Ат-Тирмизи: 413; Ахмад: 7902).