Хадис

Намазға тұрғанда сап түзеу және алдыңғы саптың артықшылығы

О выстраивании рядов перед молитвой и достоинстве первого ряда

Риядус-салихин, 194-тақырып · 15 хадис · № 1083–1097

Хадистер

1083
Риядус-салихин, № 1083Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ جَابِر بْنِ سَمُرَة، قَالَ: خَرَجَ عَلَيْنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «ألَا تَصُفُّونَ كَمَا تَصُفُّ الْمَلَائِكَةُ عِنْدَ رَبِّهَا؟» فَقُلنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيفَ تُصَفُّ الْمَلَائِكَةُ عِنْدَ رَبِّهَا؟ قَالَ: «يُتِمُّونَ الصُّفُوفَ الْأُوَلَ، وَيَتَرَاصُّونَ فِى الصَّفِّ»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ үйінен шығып бізге: «Сендер неге періштелердің Раббыларының құзырында сап түзегеніндей сапқа тұрмайсыңдар?» – деді. Біз: «Уа, Расулалла! Хақ Тағаланың құзырында періштелер қалай сап түзейді?» – деп сұрадық. Сонда ол: «Олар алдымен алғашқы қатарларды толтырып, содан соң бір-біріне барынша жақындап, иін тіресе сап түзейді», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 968, Ахмад: 21024).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Самура (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ вышел из своего дома к нам и спросил: “Почему вы не выстраиваетесь в ряды так, как ангелы выстраиваются перед своим Господом?” Мы спросили: “О Посланник Аллаха, как ангелы выстраиваются перед Всевышним Аллахом?” Тогда он ответил: “Они сначала заполняют первые ряды, а затем становятся как можно ближе друг к другу и выстраиваются плечом к плечу”» (Муслим: 968; Ахмад: 21024).

1084
Риядус-салихин, № 1084Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَوْ يَعْلَمُ النَّاسُ مَا فِى النِّدَاءِ وَالصَّفِّ الْأَوَّلِ، ثُمَّ لَمْ يَجِدُوا إِلَّا أَنْ يَسْتَهِمُوا عَلَيْهِ لاسْتَهَمُوا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Егер адамдар азан айту мен бірінші сапта тұрып намаз оқуда қандай сауап бар екенін білсе, содан соң сол сауапқа қол жеткізу үшін жеребе тастаудан басқа амал таппаса, міндетті түрде өз араларында жеребе тастап, соған ұмтылар еді», – деп айтты (Бұхари: 615, Муслим: 981, Ахмад: 8022).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы люди знали, какая награда уготована за произнесение азана и совершение молитвы в первом ряду, а затем не нашли бы иного способа удостоиться её, кроме жеребьёвки, то непременно стали бы бросать жребий между собой, стремясь обрести эту награду» (Аль-Бухари: 615; Муслим: 981; Ахмад: 8022).

1085
Риядус-салихин, № 1085Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خيْرُ صُفُوفِ الرِّجَالِ أَوَّلُهَا، وَشَرُّهَا آخِرُهَا، وَخَيْرُ صُفُوفِ النِّسَاءِ آخِرُهَا، وَشَرُّهَا أَوَّلُهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Ер адамдар үшін намаздағы саптардың ең қайырлысы – алғашқысы, ал ең жаманы – соңғысы. Ал әйелдер үшін саптардың ең қайырлысы – соңғысы, ал ең жаманы – алғашқысы», – деп айтты», – деген (Муслим: 985, Ахмад: 10290).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Лучший из молитвенных рядов для мужчин – первый, а худший – последний. Для женщин же лучший ряд – последний, а худший – первый”» (Муслим: 985; Ахмад: 10290).

1086
Риядус-салихин, № 1086Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سعيد الْخدرِيِّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رأى فِى أَصْحَابِهِ تَأَخُّرًا، فَقَالَ لَهُمْ: «تَقَدَّمُوا فَأتَمُّوا بِى، وَلْيَأْتَمَّ بِكُمْ مَنْ بَعْدَكُمْ، لَا يَزَالُ قَوْمٌ يَتَأَخَّرُونَ حَتَّى يُؤَخِّرَهُمُ اللَّه»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ сахабалардың намазда алдыңғы қатардан кері шегініп тұрғанын көргенде оларға: «Алдыға қарай келіңдер, маған жақын тұрып ұйыңдар. Өздеріңнен кейінгілер сендерге ұйысын. Адамдар алдыңғы қатардан алшақтаған сайын, Алла да оларды (мол сауаптан алыстатып) кейін шегере береді», – деп айтқан екен» (Муслим: 982, Ахмад: 11511).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Саида аль-Худри (да будет доволен им Аллах), что, увидев, как некоторые сподвижники во время молитвы держатся позади и не занимают первые ряды, Посланник Аллаха ﷺ сказал им: «Проходите вперёд, становитесь ближе ко мне и следуйте за мной. А те, кто стоит за вами, пусть следуют за вами. Люди будут продолжать отдаляться от первых рядов, и Аллах будет всё дальше отодвигать их назад (отдаляя от великой награды)» (Муслим: 982; Ахмад: 11511).

1087
Риядус-салихин, № 1087Риуаят етуші: Әбу Масғуд (р.а.)

عَنْ أَبِى مسعود قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَمْسَحُ مَنَاكِبَنَا فِى الصَّلَاةِ، وَيَقُولُ: «اسْتَووا ولَا تَخْتَلِفُوا فَتَخْتَلِفَ قُلُوبُكُمْ، لِيَلِيَنِى مِنْكُمْ أُولُو الْأحْلَامِ وَالنُّهَى، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ жамағатпен намазға тұрарда, иығымыздан сипап: «Сап түзеңдер, бірің алға шығып, бірің артта қалып қоймаңдар. Әйтпесе жүректерің де саптарың сынды ала-құла болып (ауызбірліктерің) кетеді. Менен кейінгі алдыңғы қатарда балиғат шағына жетіп, ақыл-ойы толысқандар тұрсын. Кейінгілер (яғни, жастар мен балалар) солардан кейін тұрсын. Ал олардан кейінгілер (яғни, әйелдер) кейінгі саптардан орын алсын», – деп айтатын еді», – деген (Муслим: 982, Ахмад: 17102).

Орысша аудармасы

Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Перед началом коллективной молитвы Посланник Аллаха ﷺ, касаясь наших плеч, говорил: “Выравнивайте ряды: пусть никто из вас не выступает вперёд и не отстаёт. Иначе и сердца ваши, подобно вашим рядам, придут в разлад (и вы утратите единство). Пусть непосредственно за мной, в первом ряду, стоят те, кто достиг половой зрелости и обладает зрелым разумом. Следующие за ними (то есть юноши и дети) пусть стоят позади них, а следующие за ними (то есть женщины) пусть занимают задние ряды”» (Муслим: 982; Ахмад: 17102).

1088
Риядус-салихин, № 1088Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «سَوُّوا صُفُوفَكُمْ؛ فَإِنَّ تَسْوِيَةَ الصَّفِّ مِنْ تَمَامِ الصَّلَاةِ»

وَفِى رِوَايَة للبخارِى: «فَإِنَّ تَسْوِيَةَ الصُّفُوفِ مِنْ إِقَامَةِ الصَّلَاةِ»

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Намазда түп-түзу болып сап түзеңдер, өйткені сап түзеу – намаздың толық болуының бір шарты», – деп айтты», – деген (Бұхари: 723, Муслим: 975, Ахмад: 8255).

Бұхариде келген бір хадисте: «Сап түзеу – намазды толыққанды етіп оқудың бір шарты», – деген.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Выстраивайтесь во время молитвы в совершенно ровные ряды, ибо выравнивание рядов является одним из условий полноты молитвы”» (Аль-Бухари: 723; Муслим: 975; Ахмад: 8255).

В версии, приведённой аль-Бухари, сказано: «Выравнивание рядов – одно из условий полноценного совершения молитвы».

1089
Риядус-салихин, № 1089Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ فَأقْبَلَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِوَجْهِهِ، فَقَالَ: «أقِيمُوا صُفُوفَكُمْ وَتَرَاصُّوا؛ فَإِنِّى أَرَاكُمْ مِنْ وَرَاءِ ظَهْرِى»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде намазға тұру үшін қамат түсірілген соң, Алла елшісі ﷺ жүзін бізге бұрды да: «Саптарыңды түзеңдер, араларыңда ине шаншар жер қалдырмаңдар. Расында, мен сендерді артымда тұрсаңдар да көрудемін», – деп айтты», – деген (Бұхари: 719, Муслим: 976, Ахмад: 12011).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды, после того как был произнесён икамат к молитве, Посланник Аллаха ﷺ повернулся к нам и сказал: “Выравнивайте свои ряды и стойте так плотно, чтобы между вами было не просунуть иглы. Поистине, я вижу вас, даже когда вы стоите у меня за спиной”» (Аль-Бухари: 719; Муслим: 976; Ахмад: 12011).

1090
Риядус-салихин, № 1090Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир (р.а.)

عَنْ النعمان بْنِ بشير، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَتُسَوُّنَّ صُفُوفَكُمْ، أوْ لَيُخَالِفَنَّ اللَّهُ بَيْنَ وُجُوهِكُمْ»

وَفِى رِوَايَة لمسلم: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُسَوِّى صُفُوفَنَا، حَتَّى كَأَنَّمَا يُسَوِّى بِهَا الْقِدَاحَ حَتَّى رَأَى أَنَّا قَدْ عَقَلْنَا عَنْهُ، ثُمَّ خَرَجَ يَوْمًا فَقَامَ حَتَّى كَادَ يُكَبِّرُ، فَرَأَى رَجُلًا بَادِيًا صَدْرُهُ مِنَ الصَّفِّ، فَقَالَ: «عِبَادَ اللَّهِ، لتُسَوُّنَّ صُفُوفَكُمْ، أَوْ لَيُخَالِفَنَّ اللَّهُ بَيْنَ وُجُوهِكُمْ»

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Не саптарыңды түзейсіңдер, не болмаса Алла Тағала жүздеріңді жан-жаққа бұрып жібереді де, ауызбіршіліктерің бұзылады», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 717, Муслим: 978, Ахмад: 18400).

Хадистің имам Муслимде келген нұсқасында былай деп айтылған: «Алла елшісі ﷺ біздің саптарымызбен жебелердің түзулігін тексеретіндей, саптарымызды түп-түзу етіп түзейтін еді. Біз соны толық түйсініп, соған әбден дағдыланғанға дейін солай істеуді жалғастырды. Бір күні Пайғамбарымыз намазға шығып, (михрабқа) тұрып, енді тәкбір алайын дегенде, саптан кеудесі алдыға қарай шығып тұрған бір кісіге көзі түсіп, былай деді: «Уа, Алланың пенделері! Саптарыңды түзеңдер, әйтпесе Алла жүздеріңді жан-жаққа бұрып жібереді де, ауызбіршіліктерің бұзылады».

Орысша аудармасы

Нуман ибн Башир (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Либо вы будете выравнивать свои ряды, либо Аллах Всевышний обратит ваши лица в разные стороны, и ваше единство будет нарушено”» (Аль-Бухари: 717; Муслим: 978; Ахмад: 18400).

В версии этого хадиса, приведённой имамом Муслимом, сказано: «Посланник Аллаха ﷺ выравнивал наши ряды так тщательно, словно проверял по ним прямоту стрел. Он продолжал делать это до тех пор, пока мы полностью не поняли требуемого и не привыкли к этому. Однажды Пророк ﷺ вышел к молитве, встал (у михраба) и уже собирался произнести такбир, как вдруг заметил человека, грудь которого выступала вперёд из ряда. Тогда он сказал: “О рабы Аллаха! Выравнивайте свои ряды, иначе Аллах обратит ваши лица в разные стороны, и ваше единство будет нарушено”».

1091
Риядус-салихин, № 1091Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنْ الْبراءِ بْنِ عازِبٍ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَخَلَّلُ الصَّفَّ مِنْ نَاحِيَةٍ إِلَى نَاحِيَةٍ، يَمْسَحُ صُدُورَنَا وَمَنَاكِبَنَا، وَيَقُولُ: «لَا تَخْتَلِفُوا فَتَخْتَلِفَ قُلُوبُكُمْ» وكانَ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى الصُّفُوفِ الْأُوَلِ»

Қазақша аудармасы

Бараа ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Біз намазға тұрғанымызда Алла елшісі ﷺ сапты бір шетінен екінші шетіне дейін аралап шығып, кеудеміз бен иықтарымыздан ұстап, саптарымызды түзеп: «Әрқайсың әрқалай иқы-жиқы болып тұрмаңдар. Әйтпесе жүректерің де әрқилы болып кетеді (сөйтіп ауызбіршіліктерің бұзылады)», – деді. Сондай-ақ: «Намазда алдыңғы қатардағыларға Алла мейірімін төгіп, періштелер игі тілек тілейді», – деп айтты» (Әбу Дәуіт: 664).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы вставали на молитву, Посланник Аллаха ﷺ проходил вдоль ряда от одного конца до другого, касаясь нашей груди и плеч и выравнивая наши ряды. Он говорил: “Не стойте неровно и разрозненно, иначе и между вашими сердцами возникнет разлад (и тем самым нарушится ваше единство)”. Он также сказал: “Аллах ниспосылает Свою милость стоящим в первых рядах во время молитвы, а ангелы обращаются с благими мольбами за них”» (Абу Дауд: 664).

1092
Риядус-салихин, № 1092Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أقيمُوا الصُّفُوفَ، وَحَاذُوا بَيْنَ الْمَنَاكِبِ، وَسُدُّوا الْخَلَلَ، وَلِينوا بِأيْدِى إِخْوانِكُمْ، ولَا تَذَرُوا فُرُجَاتٍ للشَّيْطَانِ، وَمَنْ وَصَلَ صَفًّا وَصَلَهُ اللَّهُ، وَمَنْ قَطَعَ صَفًّا قَطَعَهُ اللَّهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Саптарыңды түзеңдер, иықтарыңды бір сызықтың бойында ұстаңдар, араларыңда бос жер қалдырмаңдар. Сап түзеу мақсатында қолдарыңнан ұстап алға немесе артқа тартқан бауырларыңа жұмсақ, бағынышты болыңдар. Араларыңда шайтанға бос жер қалдырмаңдар. Сапты жалғағанды Алла Тағала мейіріміне бөлейді. Ал үзгенді мейірімінен мақұрым етеді», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 666, Ахмад: 5724).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Выравнивайте свои ряды, держите плечи на одной линии и не оставляйте между собой пустот. Будьте мягки и уступчивы со своими братьями, которые, взяв вас за руки, передвигают вас вперёд или назад, чтобы выровнять ряд. Не оставляйте между собой промежутков для шайтана. Того, кто соединяет ряд, Аллах Всевышний удостоит Своей милости, а того, кто разрывает его, лишит Своей милости» (Абу Дауд: 666; Ахмад: 5724).

1093
Риядус-салихин, № 1093Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «رُصُّوا صُفُوفَكُمْ، وَقَارِبُوا بَيْنَهَا، وَحَاذُوا بِالأعْنَاقِ؛ فَوَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ إِنِّى لأَرَى الشَّيْطَانَ يَدْخُلُ مِنْ خَلَلِ الصَّفِّ، كَأَنَّهَا الْحَذَفُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Иін тіресе сап түзеңдер. Әр саптың арасын бір-біріне жақын етіп, мойындарыңды бір сызықтың бойында ұстаңдар. Жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Шайтанның араларыңда қалған бос жерлерден хазаф қойы секілді ары-бері өтіп жүргенін анық көріп тұрмын», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт: 667, Ахмад: 13735).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Смыкайте свои ряды, стоя плечом к плечу, располагайте их близко друг к другу и держите шеи на одной линии. Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Я ясно вижу, как шайтан проходит туда и обратно через оставленные между вами промежутки, словно овца хазаф» (Абу Дауд: 667; Ахмад: 13735).

1094
Риядус-салихин, № 1094Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أتِمُّوا الصَّفَّ الْمُقَدَّمَ، ثُمَّ الَّذِى يَلِيهِ، فَمَا كَانَ مِنْ نَقْصٍ فَلْيَكُنْ فِى الصَّفِّ الْمُؤَخَّرِ»

Қазақша аудармасы

Әнас (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Әуелі алғашқы сапты толтырыңдар, содан кейін келесі сапты толтырыңдар. Бос орын ең соңғы сапта болсын», – деген (Әбу Дәуіт: 671, Ахмад: 12352).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Сначала заполняйте первый ряд, затем следующий. Пусть незаполненные места остаются только в последнем ряду» (Абу Дауд: 671; Ахмад: 12352).

1095
Риядус-салихин, № 1095Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى مَيَامِنِ الصُّفُوفِ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Шынында саптардың оң қапталындағыларға Алла мейірімін төгіп, періштелер игі тілек тілейді», – деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 676, Ибн Хиббан: 2160).

Орысша аудармасы

Передают со слов Аиши (да будет доволен ею Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах ниспосылает Свою милость стоящим с правой стороны рядов, а ангелы обращаются за них с благими мольбами» (Абу Дауд: 676; Ибн Хиббан: 2160).

1096
Риядус-салихин, № 1096Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

عَنْ الْبراء قَالَ: كُنَّا إِذَا صَلَّيْنَا خَلْفَ رَسُول اللَّهِ ﷺ أَحْبَبْنَا أَنْ نَكُونَ عَنْ يَمِينهِ، يُقْبِلُ عَلَيْنَا بِوَجْهِهِ، فَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: «رَبِّ قِنِى عَذَابَكَ يَوْمَ تَبْعَثُ – أَوْ تَجْمَعُ – عِبَادَكَ»

Қазақша аудармасы

Бараа ибн Азиб (р.а.): «Біз Алла елшісінің ﷺ артында тұрып намаз оқыған кезімізде, оның оң жағына қарай тұруды ұнататын едік. Өйткені Алла елшісі (намазды аяқтаған соң отырған күйінде) оң жағына қарай бұрылып, бізге қарайтын еді. Бірде (бізге қарай бұрылғанында): «Уа, Раббым! Пенделеріңді қайта тірілтетін (махшарға жинайтын) күніңде мені азабыңнан сақтай көр!» – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 1642, Ахмад: 18553).

Орысша аудармасы

Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мы совершали молитву позади Посланника Аллаха ﷺ, нам нравилось становиться справа от него, поскольку после завершения молитвы Посланник Аллаха (оставаясь сидеть) поворачивался вправо и смотрел на нас. Однажды я услышал, как он (повернувшись к нам) сказал: “О Господь мой! Убереги меня от Твоей кары в День, когда Ты воскресишь (соберёшь для Великого собрания) Своих рабов!”» (Муслим: 1642; Ахмад: 18553).

1097
Риядус-салихин, № 1097Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَسِّطُوا الْإِمَامَ، وَسُدُّوا الْخَلَلَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Имамды саптың дәл орта тұсына алыңдар және саптағы бос жерлерді толтырыңдар», – деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 681).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Становитесь так, чтобы имам находился перед серединой ряда, и заполняйте все промежутки» (Абу Дауд: 681).