Хадис

Бекітілген сүннет намаздарының артықшылығы

О достоинстве утверждённых молитв сунны

Риядус-салихин, 195-тақырып · 3 хадис · № 1098–1100

Хадистер

1098
Риядус-салихин, № 1098

عَنْ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ أُمِّ حَبِيبَةَ رملة بِنْتِ أَبِى سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنهما قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَا مِنْ عَبْدٍ مُسْلِمٍ يُصَلِّى لِلَّهِ تَعَالى كُلَّ يَوْمٍ ثِنْتَيْ عَشرَةَ رَكْعَةً تَطَوُّعًا غَيْرَ الْفَرِيضَةِ، إِلَّا بَنَى اللَّه لَهُ بَيْتًا فِى الْجَنَّةِ، أَوْ إِلَّا بُنِيَ لَهُ بَيْتٌ فِى الْجَنَّةِ»

Қазақша аудармасы

Үммі Хабиба Рамла бинт Әбу Суфиян (р.а.): Мен Алла елшісінің ﷺ: «Қайсыбір мұсылман пенде Алланың разылығы үшін күн сайын парыз намаздардан бөлек, он екі бас нәпіл намаз оқитын болса, Алла ол үшін жаннатта бір үй салып қояды (немесе ол үшін жаннатта бір үй салынады)», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 1694, Ахмад: 10462).

Орысша аудармасы

Умм Хабиба Рамла бинт Абу Суфьян (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Для любого мусульманина, раба Аллаха, который ежедневно ради Его довольства совершает двенадцать ракаатов добровольных молитв сверх обязательных, Аллах непременно возведёт дом в раю (или: для него будет возведён дом в раю)”» (Муслим: 1694; Ахмад: 10462).

1099
Риядус-салихин, № 1099Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: صَلَّيْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، رَكْعَتَيْنِ قَبْلَ الظُّهْرِ، وَرَكْعَتْينِ بَعْدَهَا، وَرَكْعَتَيْنِ بَعْدَ الْجُمُعَةِ، وَرَكْعَتَينِ بَعْدَ الْمَغْرِبِ، وَرَكْعَتَينِ بَعْدَ الْعِشَاءِ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісімен ﷺ бірге бесін намазының парызынан бұрын және кейін екі бас (сүннет) намаз, жұма намазынан кейін екі бас намаз, сондай-ақ ақшам намазы мен құптан намазынан кейін де екі бас намаздан оқыдым», – деген (Бұхари: 1135, Муслим: 1698, Ахмад: 4506).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я совершал вместе с Посланником Аллаха ﷺ два ракаата (сунны) до обязательной полуденной молитвы и два – после неё, два ракаата после пятничной молитвы, а также по два ракаата после закатной и ночной молитв» (Аль-Бухари: 1135; Муслим: 1698; Ахмад: 4506).

1100
Риядус-салихин, № 1100

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُغَفَّلٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَيْنَ كُلِّ أذَانَيْنِ صَلَاةٌ، بَيْنَ كُلِّ أذَانَيْنِ صَلَاةٌ، بَيْنَ كل أذانين صلاة» قَالَ فِى الثَّالِثةِ: «لِمَنْ شَاءَ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Мұғаффәл (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Әрбір азан мен қамат арасында (нәпіл) намаз бар» – деп үш қайтара айтып, үшінші рет айтқанда: «Оқығысы келген адам үшін әрбір азан мен қамат арасында (нәпіл) намаз бар», – деді», – деген (Бұхари: 627, Муслим: 1940, Ахмад: 20544).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Мугаффаль (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ трижды произнёс: “Между каждым азаном и икаматом есть (добровольная) молитва”, а в третий раз добавил: “Между каждым азаном и икаматом есть (добровольная) молитва для того, кто пожелает её совершить”» (Аль-Бухари: 627; Муслим: 1940; Ахмад: 20544).