Хадис

Риядус-салихин, № 1083

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
194. Намазға тұрғанда сап түзеу және алдыңғы саптың артықшылығы
Нөмірі
№ 1083 (қазақша басылым реті)
1083
Риядус-салихин, № 1083Риуаят етуші: Жәбир ибн Сәмура (р.а.)

عَنْ جَابِر بْنِ سَمُرَة، قَالَ: خَرَجَ عَلَيْنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «ألَا تَصُفُّونَ كَمَا تَصُفُّ الْمَلَائِكَةُ عِنْدَ رَبِّهَا؟» فَقُلنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيفَ تُصَفُّ الْمَلَائِكَةُ عِنْدَ رَبِّهَا؟ قَالَ: «يُتِمُّونَ الصُّفُوفَ الْأُوَلَ، وَيَتَرَاصُّونَ فِى الصَّفِّ»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Сәмура (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ үйінен шығып бізге: «Сендер неге періштелердің Раббыларының құзырында сап түзегеніндей сапқа тұрмайсыңдар?» – деді. Біз: «Уа, Расулалла! Хақ Тағаланың құзырында періштелер қалай сап түзейді?» – деп сұрадық. Сонда ол: «Олар алдымен алғашқы қатарларды толтырып, содан соң бір-біріне барынша жақындап, иін тіресе сап түзейді», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 968, Ахмад: 21024).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Самура (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ вышел из своего дома к нам и спросил: “Почему вы не выстраиваетесь в ряды так, как ангелы выстраиваются перед своим Господом?” Мы спросили: “О Посланник Аллаха, как ангелы выстраиваются перед Всевышним Аллахом?” Тогда он ответил: “Они сначала заполняют первые ряды, а затем становятся как можно ближе друг к другу и выстраиваются плечом к плечу”» (Муслим: 968; Ахмад: 21024).