Хадис

Риядус-салихин, № 1082

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
193. Парыз намаздарды үзбей уақытылы оқу
Нөмірі
№ 1082 (қазақша басылым реті)
1082
Риядус-салихин, № 1082Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَوَّلَ مَا يُحَاسَبُ بِهِ الْعَبْدُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنْ عَمَلِهِ صَلَاتُهُ، فَإِنْ صَلَحَتْ، فَقَدْ أفْلَحَ وأَنْجَحَ، وَإِنْ فَسَدَتْ، فَقَدْ خَابَ وَخَسِرَ، فَإِنْ انْتَقَصَ مِنْ فَرِيضَتِهِ شَيْءٌ، قَالَ الرَّبُ تَعَالَى: انْظُرُوا هَلْ لِعَبدي من تطوّعٍ، فَيُكَمَّلُ مِنْهَا مَا انْتَقَصَ مِنَ الْفَرِيضَةِ؟ ثُمَّ تَكُونُ سَائِرُ أَعْمَالِهِ عَلَى هَذَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Қиямет күні Алланың пендесі істерінің ішінен ең алдымен намазынан сұралады. Егер оқыған намаздары дұрыс әрі Алла тарапынан қабылданған болса, жақсылыққа кенеліп, жетістікке жетеді. Ал егер намаздарында кінәрат болса, дегеніне жете алмай, қапыда қалады. Ал енді оқыған парыз намаздары толық болмай шықса, Ұлы Раббымыз періштелеріне: «Пендемнің кем болып қалған парыздарын толықтыратын қосымша оқыған нәпіл намаздары бар ма екен? Соған қараңдар», – деп бұйырады. Содан кейінгі істері де дәл солай қаралады», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 413, Ахмад: 7902).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения первым из деяний раба Аллаха, за которое с него будет спрошено, станет молитва. Если его молитвы окажутся правильными и будут приняты Аллахом, он обретёт благо и преуспеет. Если же в них будут изъяны, он не достигнет желаемого и потерпит неудачу. Если окажется, что совершённые им обязательные молитвы неполны, наш Великий Господь повелит ангелам: “Посмотрите, есть ли у Моего раба дополнительные добровольные молитвы, которыми можно восполнить недостатки его обязательных молитв”. Затем таким же образом будут рассмотрены и остальные его деяния» (Ат-Тирмизи: 413; Ахмад: 7902).