Хадис

Риядус-салихин, № 1078

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
193. Парыз намаздарды үзбей уақытылы оқу
Нөмірі
№ 1078 (қазақша басылым реті)
1078
Риядус-салихин, № 1078Риуаят етуші: Мұғаз (р.а.)

عَنْ معاذٍ قَالَ: بَعثنِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الْيَمَنِ، فَقَالَ: «إِنَّكَ تَأْتِى قَوْمًا مِنْ أَهْل الْكِتَابِ، فَادْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وأنِّى رَسُولُ اللَّهِ، فَإِنْ هُمْ أطاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صلَوَاتٍ فِى كُلِّ يَوْمٍ وَلَيلَةٍ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً تُؤخَذُ مِنْ أغْنِيَائِهِمْ فَتُرَدُّ عَلَى فُقَرَائِهِمْ، فَإِنْ هُمْ أطَاعُوا لِذَلِكَ، فَإِيَّاكَ وَكَرَائِمَ أمْوَالهِمْ، واتَّقِ دَعْوَةَ الْمَظْلُومِ، فَإِنَّهُ لَيْسَ بَينَهَا وبَيْنَ اللَّهِ حِجَابٌ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мені (өзінің өкілі етіп тағайындап) Йеменге аттандырарда, маған: «Сен Кітап иелері болған қауымға бара жатырсың. Алдымен оларды Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және менің Алланың елшісі екеніме куәлік етуге шақыр. Егер олар бұл ұсынысыңды құп алып, саған бойсұнса, Алланың оларға бір күн мен бір түн ішінде (тәулігіне) бес уақыт намаз оқуды парыз еткенін білдір. Егер олар бұны да қабыл алып бойсұнса, Алланың оларға байларынан алып, кедейлеріне берілетін садақаны парыз қылғанын білдір. Егер олар бұған да қарсылық білдірмесе, (зекеттерін жинағанда өз қалауларымен бермесе), олардың ең бағалы дүниелеріне тиіспе. Сондай-ақ қоластыңдағыларға зәбір көрсетіп, зәбір шеккеннің қарғысына қалудан аулақ бол, өйткені жазықсыз зәбір көргеннің дұғасы мен Алланың арасында перде (яғни, бөгет) болмайды», – деп кеңес берді», – деген (Бұхари: 1496, Муслим: 121, Ахмад: 2071).

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда Посланник Аллаха ﷺ отправлял меня в Йемен (назначив своим представителем), он наставил меня: “Ты направляешься к народу из числа обладателей Писания. Прежде всего призови их засвидетельствовать, что нет божества, кроме Аллаха, и что я – Посланник Аллаха. Если они примут твой призыв и подчинятся тебе, сообщи им, что Аллах вменил им в обязанность совершать пять молитв в течение дня и ночи (то есть каждые сутки). Если они примут и это и подчинятся, сообщи им, что Аллах вменил им в обязанность выплачивать милостыню, которая берётся с их богатых и передаётся их бедным. Если они не станут противиться и этому, то при сборе закята не бери самое ценное из их имущества (если только они сами не отдадут его добровольно). Не притесняй тех, кто окажется под твоей властью, и остерегайся мольбы притеснённого, ибо между мольбой несправедливо обиженного и Аллахом нет завесы (то есть преграды)”» (Аль-Бухари: 1496; Муслим: 121; Ахмад: 2071).