Хадис

Риядус-салихин, № 1080

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
193. Парыз намаздарды үзбей уақытылы оқу
Нөмірі
№ 1080 (қазақша басылым реті)
1080
Риядус-салихин, № 1080Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرَيْدَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «العَهْدُ الَّذِى بَيْنَنَا وَبَيْنَهُمْ الصَّلَاةُ، فَمَنْ تَرَكَهَا فَقَدْ كَفَرَ»

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Біз бен олардың (мұнафықтардың) арасында бекітілген келісімнің түп негізінде намаз оқу жатыр. Оны тәрк еткен бірден кәпір болады», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 2621, Ахмад: 22937).

Орысша аудармасы

Передают со слов Бурайды (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В основе договора, заключённого между нами и ими (лицемерами), лежит совершение молитвы. Тот, кто оставит её, сразу становится неверующим» (Ат-Тирмизи: 2621; Ахмад: 22937).

Түсіндірме (қазақша)

Негізінен, шариғат үкімдері мұсылмандарға қатысты және мұсылман еместерге қатысты болып екіге бөлінеді. Осыған орай, егер мұсылман қауымының ішіндегі екіжүзділер намаз оқитын болса, шариғат бойынша оларға діннің шынайы мұсылмандарға қатысты үкімдері жүреді.

Соңғы №1079 бен 1080-дегі екі хадисте намазды тәрк еткен, яғни намаз оқып жүріп, кейін оқымай кеткен немесе мүлдем намазға жығылмаған адамның кәпір болатындығы айтылған. Дегенмен төрт мәзһаб имамдарының үшеуі, яғни Имам Ағзам Әбу Ханифа, Имам Мәлік және Имам Шафиғи бұл хадисті тура мағынада түсінбеген. Аталған имамдардың көзқарасы бойынша діни парыздарды, соның ішінде намазды мойындап, бірақ орындамаған адамдар кәпір болмайды. Бұл мәселеге қатысты тек Имам Ахмадтан жеткен екі риуаяттың біреуінде ғана намазды тәрк еткен адам кәпір болады деген үкім айтылған. Дегенмен кейбір ғалымдар имам Ахмадтың «намазды тәрк еткен адам кәпір болады» деген сөзін, намаздың парыздығын жоққа шығарған адам кәпір болады, деп түсіндірген. Яғни, имам Ахмад ол сөзінде намаздың парыздығын мойындамаған, сол себепті намазды тәрк еткен адамның кәпір болатынын айтқан. Өйткені имам Ахмад өзінің шәкірті хафиз Мұсаддад ибн Мұсарһадқа айтқан өсиетінде: «Адамды ислам дінінен шығаратын іс – ұлы Аллаға серік қосу немесе қандай да бір парыз амалды жоққа шығару. Ал егер қайсыбір адам парыз амалды жалқаулықпен, яки немқұрайлықпен тәрк етсе, ондай адам Алланың қалауына қалдырылады. Алла қаласа, оны азаптайды, қаласа, кешіреді...», – деп айтқан. Имам Ахмадтың осы сөзін қуаттайтын Алла елшісінің ﷺ мынадай хадисі бар. Бірде Алла елшісі мешітте намаздың уақытын күтіп отырған бір топ сахабаларына былай деген: Раббыларың Алла: «Кімде-кім намазды талаптарына сай уақытылы оқыса, Алла ондай адамды жаннатқа кіргізуді уәде етеді. Ал кімде-кім намазды уақытылы оқымаса және талаптарын сақтамаса, ондай адамға Мен еш нәрсе уәде етпеймін. Егер қаласам оны тозаққа тоғытамын, қаласам жаннатқа кіргіземін», – деп айтады. (Имам ат-Тахауи, Шарх Мушкил әл-Әсәр)

Түсіндірме (орысша)

в целом предписания шариата делятся на две категории: относящиеся к мусульманам и относящиеся к немусульманам. Исходя из этого, если лицемеры, находящиеся среди мусульманской общины, совершают молитву, то по шариату на них распространяются религиозные нормы, относящиеся к истинным мусульманам.

В последних двух хадисах – № 1078 и 1079 – говорится, что человек, оставивший молитву, то есть тот, кто прежде совершал её, а затем перестал, или тот, кто вообще никогда не приступал к молитве, становится неверующим. Однако трое из четырёх имамов мазхабов – имам Аазам Абу Ханифа, имам Малик и имам аш-Шафии – не понимали этот хадис в буквальном смысле. По мнению этих имамов, люди, признающие обязательность религиозных предписаний, в том числе молитвы, но не исполняющие их, неверующими не становятся. Лишь в одном из двух сообщений, переданных от имама Ахмада по этому вопросу, содержится решение о том, что человек, оставивший молитву, становится неверующим.

Однако некоторые учёные истолковали слова имама Ахмада «оставивший молитву становится неверующим» в том смысле, что неверующим становится тот, кто отрицает обязательность молитвы. Иными словами, имам Ахмад говорил о человеке, который не признаёт молитву обязательной и по этой причине отказывается от неё.

Ведь в наставлении своему ученику, хафизу Мусаддаду ибн Мусархаду, имам Ахмад сказал: «Действием, выводящим человека из ислама, является приобщение сотоварищей к Великому Аллаху или отрицание обязательности какого-либо предписания. Если же человек оставит обязательное деяние из-за лени или небрежности, то его дело остаётся на усмотрение Аллаха. Если Аллах пожелает, Он накажет его, а если пожелает – простит…»

Эти слова имама Ахмада подтверждает следующий хадис Посланника Аллаха ﷺ. Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал группе сподвижников, ожидавших в мечети наступления времени молитвы: «Ваш Господь, Аллах, говорит: “Кто будет своевременно совершать молитву, соблюдая все её требования, тому Аллах обещает даровать рай. Тому же, кто не будет совершать молитву вовремя и соблюдать её требования, Я ничего не обещаю. Если пожелаю, ввергну его в ад, а если пожелаю – введу в рай”» (Имам ат-Тахави, «Шарх мушкиль аль-асар»).