Хадис

Таң намазының сүннетінен кейін аз уақыт жантайып жату жайында

О том, что после двух ракаатов сунны утренней молитвы следует немного полежать

Риядус-салихин, 198-тақырып · 3 хадис · № 1111–1113

Хадистер

1111
Риядус-салихин, № 1111Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا صَلَّى ركعتي الْفجر اضْطَجَعَ عَلَى شِقِّهِ الْأَيْمَن

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ таң намазының екі бас сүннетін оқығаннан кейін оң жағына жантайып жататын еді», – деген (Бұхари: 1160, Ахмад: 24617).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) также сообщала: «После совершения двух ракаатов сунны утренней молитвы Пророк ﷺ ложился на правый бок» (Аль-Бухари: 1160; Ахмад: 24617).

1112
Риядус-салихин, № 1112Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا، قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّى فِيمَا بَيْنَ أَنْ يَفْرُغَ مِنْ صَلَاةِ الْعِشَاءِ إِلَى الْفَجْرِ إِحْدَى عَشرَةَ رَكْعَةً، يُسَلِّمُ بَيْنَ كُلِّ رَكْعَتَيْنِ، وَيُوتِرُ بِوَاحِدَةٍ، فَإِذَا سَكَتَ الْمُؤَذِّنُ مِنْ صَلَاةِ الْفَجْرِ، وَتَبَيَّنَ لَهُ الْفَجْرُ، وَجَاءهُ الْمُؤَذِّنُ، قَامَ فَرَكَعَ رَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَينِ، ثُمَّ اضْطَجَعَ عَلَى شِقِّهِ الْأَيْمَنِ، هَكَذَا حَتَّى يأْتِيَهُ الْمُؤَذِّنُ لِلإِقَامَةِ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ құптан намазын өтеген соң, таң намазына дейінгі уақыт аралығында он бір рәкағат намаз оқитын еді. Әрбір екі бас намаздан кейін сәлем беріп, соңында бір рәкағат үтір намазын оқитын. Азаншы таң намазының азанын шақырған соң, таң ағарып атқанша күтіп, содан кейін Пайғамбарымызға келетін. Алла елшісі тұрып, қысқа ғана екі рәкағат сүннет намазын оқып, азаншы келіп қамат түрсіргенше, оң жақ қырынан жантайып жата тұратын», – деп айтты (Муслим: 1718, Ахмад: 25105).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «После совершения ночной молитвы Пророк ﷺ до наступления утренней молитвы совершал одиннадцать ракаатов. После каждых двух ракаатов он произносил таслим, а в завершение совершал один ракаат витр-намаза. Когда умолкал азан утренней молитвы и становилось ясно, что занялась заря, к Пророку ﷺ приходил муэдзин. Тогда Посланник Аллаха ﷺ вставал, совершал два коротких ракаата сунны утренней молитвы, после чего ложился на правый бок и оставался так, пока муэдзин не приходил позвать его на обязательную молитву» (Муслим: 1718; Ахмад: 25105).

1113
Риядус-салихин, № 1113Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذا صَلَّى أَحَدُكُمْ رَكْعَتَي الْفَجْرِ، فَلْيَضْطَجِعْ عَلَى يَمِينِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбірің таң намазының екі бас сүннетін оқып болса, оң жағына жантайып жатсын» деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 1261, Тирмизи: 420).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда кто-либо из вас совершит два ракаата сунны утренней молитвы, пусть ляжет на правый бок» (Абу Дауд: 1261; Ат-Тирмизи: 420).