Хадис

Риядус-салихин, № 1112

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
198. Таң намазының сүннетінен кейін аз уақыт жантайып жату жайында
Нөмірі
№ 1112 (қазақша басылым реті)
1112
Риядус-салихин, № 1112Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا، قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّى فِيمَا بَيْنَ أَنْ يَفْرُغَ مِنْ صَلَاةِ الْعِشَاءِ إِلَى الْفَجْرِ إِحْدَى عَشرَةَ رَكْعَةً، يُسَلِّمُ بَيْنَ كُلِّ رَكْعَتَيْنِ، وَيُوتِرُ بِوَاحِدَةٍ، فَإِذَا سَكَتَ الْمُؤَذِّنُ مِنْ صَلَاةِ الْفَجْرِ، وَتَبَيَّنَ لَهُ الْفَجْرُ، وَجَاءهُ الْمُؤَذِّنُ، قَامَ فَرَكَعَ رَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَينِ، ثُمَّ اضْطَجَعَ عَلَى شِقِّهِ الْأَيْمَنِ، هَكَذَا حَتَّى يأْتِيَهُ الْمُؤَذِّنُ لِلإِقَامَةِ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ құптан намазын өтеген соң, таң намазына дейінгі уақыт аралығында он бір рәкағат намаз оқитын еді. Әрбір екі бас намаздан кейін сәлем беріп, соңында бір рәкағат үтір намазын оқитын. Азаншы таң намазының азанын шақырған соң, таң ағарып атқанша күтіп, содан кейін Пайғамбарымызға келетін. Алла елшісі тұрып, қысқа ғана екі рәкағат сүннет намазын оқып, азаншы келіп қамат түрсіргенше, оң жақ қырынан жантайып жата тұратын», – деп айтты (Муслим: 1718, Ахмад: 25105).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «После совершения ночной молитвы Пророк ﷺ до наступления утренней молитвы совершал одиннадцать ракаатов. После каждых двух ракаатов он произносил таслим, а в завершение совершал один ракаат витр-намаза. Когда умолкал азан утренней молитвы и становилось ясно, что занялась заря, к Пророку ﷺ приходил муэдзин. Тогда Посланник Аллаха ﷺ вставал, совершал два коротких ракаата сунны утренней молитвы, после чего ложился на правый бок и оставался так, пока муэдзин не приходил позвать его на обязательную молитву» (Муслим: 1718; Ахмад: 25105).