Хадис

Риядус-салихин, № 1117

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
199. Бесін намазының сүннеттері
Нөмірі
№ 1117 (қазақша басылым реті)
1117
Риядус-салихин, № 1117Риуаят етуші: Үммі Хабиба (р.а.)

عَنْ أُمّ حَبِيبَةَ، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَافَظَ عَلَى أَرْبَعِ رَكَعَاتٍ قَبْلَ الظُّهْرِ، وَأَرْبَعٍ بَعْدَهَا، حَرَّمَهُ اللَّهُ عَلَى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Үммі Хабиба (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім бесін намазының алдындағы төрт рәкағат және одан кейінгі төрт рәкағат нәпіл намазды үнемі оқитын болса, Алла оны тозақ отына харам қылады1», – деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 1269, Тирмизи: 427, Ахмад: 27403).

Орысша аудармасы

Умм Хабиба (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Того, кто неизменно совершает четыре ракаата добровольной молитвы перед обязательной полуденной молитвой и четыре ракаата после неё, Аллах сделает запретным для огня ада1» (Абу Дауд: 1269; Ат-Тирмизи: 427; Ахмад: 27403).

Түсіндірме (қазақша)

Бұл хадисте бесін намазының парызынан бұрын төрт рәкағат және кейін төрт рәкағат нәпіл намаз оқылатындығы айтылған, ғалымдарымыз бұл хадистегі бесін намазынан кейін оқылатын төрт рәкағаттан тұратын нәпіл намазының алдыңғы екі рәкағаты бекітілген сүннет болса, қалған екеуі бекітілмеген сүннет немесе мустахап амал, деп түсіндірген.

Түсіндірме (орысша)

в этом хадисе говорится о совершении четырёх ракаатов добровольной молитвы перед обязательной полуденной молитвой и четырёх ракаатов после неё. Наши учёные разъяснили, что из четырёх ракаатов добровольной молитвы, совершаемых после обязательной полуденной молитвы, первые два являются утверждённой сунной, а оставшиеся два – неутверждённой сунной либо желательным деянием (мустахабом).

  1. 1Оны мәңгі-бақиға тозақ отына харам қылады немесе мәңгі-бақи тозақта қалдырмайды деген мағынада.
  1. 1То есть Аллах навсегда сделает его недоступным для огня ада либо не оставит его в аду навечно.