عَنْ عمر بْنِ عطاءٍ: أَنَّ نَافِعَ بْنَ جُبَيْرٍ أَرْسَلَهُ إِلَى السَّائِبِ ابن أُخْتِ نَمِرٍ يَسأَلُهُ عَنْ شَيْءٍ رَآهُ مِنْهُ مُعَاوِيَةُ فِى الصَّلَاةِ، فَقَالَ: نَعَمْ، صَلَّيْتُ مَعَهُ الْجُمُعَةَ فِى الْمَقْصُورَةِ، فَلَمَّا سَلَّمَ الْإِمَامُ، قُمْتُ فِى مَقَامِى، فَصَلَّيْتُ، فَلَمَّا دَخَلَ أَرْسَلَ إِلَيَّ، فَقَالَ: لَا تَعُدْ لِمَا فَعَلْتَ. إِذَا صَلَّيْتَ الْجُمُعَةَ فَلَا تَصِلْهَا بِصَلَاةٍ حَتَّى تَتَكَلَّمَ أَوْ تَخْرُجَ؛ فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمَرَنَا بِذَلِكَ، أن لَا نُوصِلَ صَلَاةً بِصَلَاةٍ حَتَّى نَتَكَلَّمَ أَوْ نَخْرُجَ
Амр ибн Ата (р.а.) жеткізген хадисте: «Нәфиғ ибн Жубайр әс-Сәйбтің оқыған намазына қатысты Мұғауияның не көргенін білу үшін Амр ибн Атаны Намирдің әпкесінің ұлы әс-Сәйбке жіберді. Әс-Сәйб оған сол жағдай жайлы былай деді: «Иә, мен онымен бірге мешіт ішіндегі бір бөлмеде жұма намазын оқыдым. Имам сәлем бергеннен кейін мен орнымнан тұрып, сол тұрған жерімде нәпіл намазын оқыдым. Мұғауия үйіне кірген бойда маған кісі жіберіп, былай депті: «Жаңағы істегеніңді бұдан былай істеме. Жұма намазын оқыған соң, бірден парызға нәпілді жалғап оқыма, екеуінің арасын біреумен сөйлесу немесе мешіттен шығу сынды істермен бөл. Өйткені Алла елшісі ﷺ бізге солай бұйырған, яғни бізге парыз намаз бен нәпіл намаз арасын сөйлесу немесе сыртқа шығу сынды істермен бөлместен, бірден екеуін жалғап оқымаңдар деп бұйырған» (Муслим: 5275, Ахмад: 16866).
Передают со слов Умара ибн Аты (да будет доволен им Аллах), что Нафи ибн Джубайр послал его к ас-Саибу, сыну сестры Намира, чтобы узнать, что именно Муавия заметил в совершённой ас-Саибом молитве. Ас-Саиб рассказал ему об этом следующее: «Да, однажды я совершал вместе с ним пятничную молитву в отгороженной части мечети. После того как имам произнёс слова приветствия, я встал и совершил дополнительную молитву на том же месте. Как только Муавия вошёл к себе домой, он послал ко мне человека со словами: “Больше так не поступай. Совершив пятничную молитву, не присоединяй к обязательной молитве дополнительную сразу же, а отдели одну от другой, поговорив с кем-либо или выйдя из мечети. Ибо Посланник Аллаха ﷺ повелел нам поступать именно так: он велел нам не соединять сразу обязательную и дополнительную молитвы, не отделив их разговором или выходом из мечети”» (Муслим: 5275; Ахмад: 16866).