Хадис

Риядус-салихин, № 1140

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
206. Дұха намазының артықшылығы
Нөмірі
№ 1140 (қазақша басылым реті)
1140
Риядус-салихин, № 1140Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: أوْصَانِى خَلِيلي ﷺ بِصِيَامِ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ مِنْ كُلِّ شَهْرٍ، وَرَكْعَتَي الضُّحَى، وَأَنْ أُوتِرَ قَبْلَ أَنْ أرْقُدَ

عَنْ أَبِى ذَرٍّ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يُصْبحُ عَلَى كُلِّ سُلَامَى مِنْ أَحَدكُمْ صَدَقَةٌ: فَكُلُّ تَسْبِيحَةٍ صَدَقَةٌ، وَكُلُّ تَحْمِيدَةٍ صَدَقَةٌ، وَكُلُّ تَهْلِيلَةٍ صَدَقَةٌ، وَكُلُّ تَكْبِيرَةٍ صَدَقَةٌ، وَأَمْرٌ بِالمَعْرُوفِ صَدَقَةٌ، وَنَهْيٌ عَنِ الْمُنْكَرِ صَدَقَةٌ، وَيُجْزِىء مِنْ ذَلِكَ رَكْعَتَانِ يَرْكَعُهُمَا مِن الضُّحَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Жан досым маған ай сайын үш күн нәпіл ораза ұстауды, екі бас дұха намазын оқуды және ұйықтамай тұрып үтір намазын оқуды өсиет етті», – деген (Бұхари: 1178, Муслим: 1672, Ахмад: 7138).

1141– Әбу Зәрр (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір таң арайлап атқан сайын, бойларыңда қанша буын болса, сонша садақа берулерің керек. «Субханаллаһ» деп айтқан әр тәсбих бір садақа, «әлхамду лилләһ» деп айтқан әр мадақ бір садақа, «лә иләһә иллаллаһ» деп айтқан әр тәһлил бір садақа, «Аллаһу әкбар» деп айтқан әр тәкбір бір садақа, жақсылыққа үндеу мақсатындағы әр іс бір садақа және жамандықтан тыю үшін істелген әрбір әрекет бір садақа болып есептеледі. Бұлардың барлығының орнын (сәске мезгілінде оқылатын) дұха намазы басады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 1671, Ахмад: 21475).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Мой близкий друг ﷺ заповедал мне соблюдать добровольный пост по три дня каждый месяц, совершать молитву духа в два ракаата и совершать витр перед сном» (Аль-Бухари: 1178; Муслим: 1672; Ахмад: 7138).