Хадис

Қадір түнінің артықшылығы

О достоинстве Ночи предопределения

Риядус-салихин, 214-тақырып · 7 хадис · № 1190–1196

Хадистер

«إِنَّا أنْزَلْنَاهُ فِى لَيْلَةِ الْقَدْرِ» «Біз оны (яғни, Құранды) Қадір түні түсірдік» («Қадір», 1-аят).

«إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِى لَيْلَةٍ مُبَارَكَةٍ» «Біз оны (яғни, Құранды) мүбарак түнде түсірдік» («Духан», 3-аят).

«Поистине, Мы ниспослали его в Ночь Предопределения!» (сура «Кадр», 97:1).

«Мы ниспослали её в священную ночь, исполненную благодатью» (сура «Духан», 44:3).

1190
Риядус-салихин, № 1190Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім шынайы иманмен, сауабын Алладан үміт еткен күйде қадір түнін намаз оқып, құлшылықпен өткізетін болса, оның өткен-кеткен күнәлары кешіріледі», – деп айтқан (Бұхари: 1901, Муслим: 1781, Ахмад: 7170).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто проведёт Ночь предопределения в молитве и поклонении с искренней верой и надеждой на награду от Аллаха, тому будут прощены его прежние грехи» (Аль-Бухари: 1901; Муслим: 1781; Ахмад: 7170).

1191
Риядус-салихин, № 1191Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رِجالًا مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ أُرُوا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِى الْمَنَامِ فِى السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أرَى رُؤْيَاكُمْ قَدْ تَوَاطَأتْ فِى السَّبْعِ الْأوَاخِرِ، فَمَنْ كَانَ مُتَحَرِّيهَا فَلْيَتَحَرَّهَا فِى السَّبْعِ الْأَوَاخِرِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыздың ﷺ бірнеше сахабасы түстерінде қадір түнінің рамазанның соңғы жеті түні ішінде екенін көреді, сонда Алла елшісі оларға: «Мен сендердің көрген түстеріңнің соңғы жеті түнге (яғни көрген түстерің бойынша қадір түнінің рамазан айының соңғы жеті түнінің біріне) дөп келгенін көрдім. Олай болса, кімде-кім талаптанып қадір түнін іздесе, оны соңғы жеті түннен іздесін», – деп айтты (Бұхари: 2015, Муслим: 1761).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что нескольким сподвижникам Пророка ﷺ во сне было показано, что Ночь предопределения приходится на одну из последних семи ночей рамадана. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: «Я вижу, что ваши сновидения сошлись на последних семи ночах (то есть, согласно увиденному вами во сне, Ночь предопределения приходится на одну из последних семи ночей месяца рамадан). Поэтому тот, кто стремится найти Ночь предопределения, пусть ищет её среди последних семи ночей» (Аль-Бухари: 2015; Муслим: 1761).

1192
Риядус-салихин, № 1192Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُجَاوِرُ فِى الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ، وَيَقُولُ: «تَحرَّوا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِى الْعَشْرِ الْأواخرِ منْ رَمَضانَ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ рамазан айының соңғы он күнін иғтикафта өткізетін еді және: «Қадір түнін рамазан айының соңғы он түнінен іздеңдер!» – деп айтатын, – деген (Бұхари: 2020, Муслим: 1776, Ахмад: 24292).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Последние десять дней рамадана Посланник Аллаха ﷺ проводил в итикафе и говорил: “Ищите Ночь предопределения в последние десять ночей рамадана!”» (Аль-Бухари: 2020; Муслим: 1776; Ахмад: 24292).

1193
Риядус-салихин, № 1193Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «تَحَرَّوْا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِى الْوَتْرِ مِنَ الْعَشْرِ الْأوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қадір түнін рамазан айының соңғы он күнінің тақ түндерінен іздеңдер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2017, Ахмад: 25690).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Ищите Ночь предопределения среди нечётных ночей последних десяти дней рамадана”» (Аль-Бухари: 2017; Ахмад: 25690).

1194
Риядус-салихин, № 1194Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا،، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا دَخَلَ الْعَشْرُ الْأَوَاخِرُ مِنْ رَمَضَانَ، أحْيَا اللَّيْلَ، وَأيْقَظَ أَهْلَهُ، وَجَدَّ وَشَدَّ الْمِئزَرَ

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі ﷺ рамазан айының соңғы он күнінде түні бойы жатпай құлшылық жасап, отбасы мүшелерін (құлшылық жасау үшін) оятып, құлшылық мәселесінде ерекше ынта-жігер танытатын еді», – деген (Бұхари: 2024, Муслим: 2787, Ахмад: 24131).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «В последние десять дней рамадана Посланник Аллаха ﷺ не спал по ночам, посвящая их поклонению, будил членов своей семьи (для поклонения), крепче затягивал пояс и проявлял особое усердие в поклонении» (Аль-Бухари: 2024; Муслим: 2787; Ахмад: 24131).

1195
Риядус-салихин, № 1195Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا، قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَجْتَهِدُ فِى رَمَضَانَ مَا لَا يَجْتَهِدُ فِى غَيْرِهِ، وَفِى الْعَشْرِ الْأوَاخِرِ مِنْهُ مَا لَا يَجْتَهِدُ فِى غَيْرِهِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісі ﷺ рамазан айында басқа айларға қарағанда құлшылықта ерекше ыждағаттылық танытатын. Соның ішінде, рамазанның соңғы он күнінде басқа күндеріне қарағанда асқан ыждағаттылық танытатын еді», – деген (Муслим: 2788, Ахмад: 24913).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «В рамадан Посланник Аллаха ﷺ проявлял в поклонении больше усердия, чем в другие месяцы, а в последние десять дней рамадана усердствовал ещё больше, чем в остальные его дни» (Муслим: 2788; Ахмад: 24913).

1196
Риядус-салихин, № 1196Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا، قَالَتْ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ عَلِمْتُ أَيُّ لَيلَةٍ لَيْلَةُ الْقَدْرِ مَا أَقُولُ فِيهَا؟ قَالَ: «قُولِى: اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّى»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): Пайғамбарымызға: «Уа, Расулалла! Егер қадір түнінің қай түн екенін білсем, сол түні не деп дұға тілейін?» – дегенімде, маған: «Уа, Алла! Сен өте кешірімдісің! Кешіргенді жақсы көресің. Мені жарылқап, кешіре көр! (Аллаһумма иннака а’фуун тухиббул-а’фуа фа’фу а’нни)», – деп айтқын», – деді (Тирмизи: 3513, Ахмад: 25384).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Я спросила Пророка ﷺ: “О Посланник Аллаха! Если я узнаю, какая ночь является Ночью предопределения, с какой мольбой мне обращаться в эту ночь?” Он ответил: “Говори: ‘О Аллах! Поистине, Ты – Всепрощающий! Ты любишь прощать. Помилуй и прости меня!’ (Аллахумма, иннака ‘афуввун тухиббуль ‘афва, фа‘фу ‘анни)”» (Ат-Тирмизи: 3513; Ахмад: 25384).