Хадис

Рамазан айының тарауих намазы

Молитва таравих в месяц рамадан

Риядус-салихин, 213-тақырып · 2 хадис · № 1188–1189

Хадистер

1188
Риядус-салихин, № 1188Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, түн намазын (тарауих пен тәһәжжүд намазын) үзбей оқыса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 37, Муслим: 1779, Ахмад: 7170).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто в месяц рамадан с искренней верой и надеждой на награду только от Аллаха будет неуклонно совершать ночные молитвы (молитвы таравих и тахаджуд), тому будут полностью прощены все его прежние грехи» (Аль-Бухари: 37; Муслим: 1779; Ахмад: 7170).

1189
Риядус-салихин, № 1189Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عنه– قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُرَغِّبُ فِى قِيَامِ رَمَضَانَ مِنْ غَيْرِ أَنْ يَأْمُرَهُمْ فِيهِ بِعَزِيمَةٍ، فيَقُولُ: «مَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла елшісі ﷺ міндеттеп бұйырмастан, рамазанда тарауих намазын оқуға құлшындырып былай дейтін: «Кімде-кім шынайы иманмен, сауабын бір Алладан үміт еткен күйде рамазан айының түндерін намаз оқып өткізетін болса, оның өткен-кеткен күнәлары кешіріледі» (Муслим: 1779).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ побуждал совершать молитву таравих в рамадан, не вменяя её в обязанность, и говорил: “Кто с искренней верой и надеждой на награду только от Аллаха будет проводить ночи месяца рамадан в молитве, тому будут прощены его прежние грехи”» (Муслим: 1779).