عَنْ حذيفة قَالَ: صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ ذَاتَ لَيْلَةٍ فَافْتَتَحَ الْبَقرَةَ، فَقُلْتُ: يَرْكَعُ عِنْدَ الْمئَةِ، ثُمَّ مَضَى، فَقُلْتُ: يُصَلِّى بِهَا فِى رَكْعَةٍ فَمَضَى، فَقُلْتُ: يَرْكَعُ بِهَا، ثُمَّ افْتَتَحَ النِّسَاءَ فَقَرَأَهَا، ثُمَّ افْتَتَحَ آلَ عِمْرَانَ فَقَرَأَهَا، يَقرَأُ مُتَرَسِّلًا: إِذَا مَرَّ بآيةٍ فِيهَا تَسبيحٌ سَبَّحَ، وَإِذَا مَرَّ بسُؤَالٍ سَأَلَ، وَإِذَا مَرَّ بتَعَوُّذٍ تَعَوَّذَ، ثُمَّ رَكَعَ، فَجَعَلَ يَقُولُ: «سُبْحَانَ رَبِّيَ الْعَظِيمِ» فَكَانَ رُكُوعُهُ نَحوًا مِنْ قِيَامِهِ، ثُمَّ قَالَ: «سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، رَبَّنَا لَكَ الْحَمْدُ» ثُمَّ قَامَ طَويلًا قَرِيبًا مِمَّا رَكَعَ، ثُمَّ سَجَدَ، فَقَالَ: «سُبْحَانَ رَبِّيَ الْأَعْلَى» فَكَانَ سجُودُهُ قَرِيبًا مِنْ قِيَامِهِ
Қазақша аудармасы
Хузәйфа (р.а.): «Бір күні түнде Алла елшісіне ﷺ ұйып намазға тұрғанымда, «Бақара» сүресін оқи бастады. Сонда мен жүз аят оқып рукуғ жасайтын шығар деп ойладым, бірақ ол оқуын жалғастыра берді. Бұл жолы мен екі рәкағатты осы сүремен оқып бітіретін шығар деп ойладым. Бірақ ол аталмыш сүренің тең жарымынан көбін еңсерсе де, оқуын жалғастыра берді. Сол кезде мен бұл сүрені толық оқып рукуғ жасар деп ойладым. Алайда ол «Бақарадан» кейін бірден «Ниса» сүресін бастап толық оқып, содан кейін «Әли Имран» сүресін де басынан аяғына дейін оқып шықты. Арасында Алланы кемшілік атаулыдан пәктеуді бұйыратын аятқа келгенде, Алланы пәктеп, Аллаға жалбарынып дұға-тілек тілеуді бұйыратын аятқа келгенде, жалбарынып дұға жасап және Аллаға сиынып, пана тілеуді бұйыратын аятқа келгенде, Алладан пана тілеп байыптылықпен асықпай оқыды. Содан кейін рукуғ жасап: «Субханә раббиәл-азим» (Ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк) – деп, шамамен қиямда тұрғандай ұзақ тұрды. Содан кейін: «Сәмиаллаһу лимән хамидаһу, Раббанә ләкәл-хамду» (Алла Өзіне мақтау айтып, шүкіршілік білдірген пендесін естиді. Уа, Раббымыз! Бар мадақ Саған тән) – деп, тікесінен тік шамамен рүкуғта тұрғандай ұзақ тұрды. Содан кейін сәждеге жығылып: «Субханә раббиәл-ағлә» (Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк) – деп, шамамен қиямда тұрғандай сәждеде де ұзақ тұрды», – деген (Муслим: 1814, Ахмад: 23261).
Орысша аудармасы
Хузайфа (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды ночью я встал на молитву вслед за Посланником Аллаха ﷺ. Он начал читать суру “Аль-Бакара”. Я подумал: “Наверное, прочитав сто аятов, он совершит поясной поклон”, однако он продолжил чтение. Тогда я подумал: “Наверное, он прочтёт всю эту суру в одном ракаате”. Но, прочитав больше половины суры, он продолжил чтение. Тогда я подумал, что он прочтёт её до конца и совершит поясной поклон. Однако сразу после суры “Аль-Бакара” он начал читать суру “Ан-Ниса” и прочёл её полностью, а затем от начала до конца прочёл суру “Али Имран”. Он читал размеренно, не торопясь: когда доходил до аята, в котором повелевалось провозглашать Аллаха пречистым от всякого недостатка, прославлял Его; когда доходил до аята, в котором повелевалось обращаться к Аллаху с мольбами, взывал к Нему с мольбой; а когда доходил до аята, в котором повелевалось искать защиты у Аллаха, просил Его о защите.
Затем он совершил поясной поклон и стал повторять: “Субхана раббияль азым” (Мой Великий Господь пречист от всякого недостатка), оставаясь в поясном поклоне почти столько же времени, сколько до этого простоял в кияме.
После этого он произнёс: “Сами‘аллаху лиман хамидах, Раббана лякаль хамд” (Аллах слышит раба, восхваляющего Его и благодарящего Его. О Господь наш! Вся хвала принадлежит Тебе), выпрямился и стоял прямо почти столько же времени, сколько находился в поясном поклоне.
Затем он совершил земной поклон и произнёс: “Субхана раббияль а‘ля” (Мой Всевышний Господь пречист от всякого недостатка), оставаясь в земном поклоне почти столько же времени, сколько до этого простоял в кияме» (Муслим: 1814; Ахмад: 23261).