Хадис

Риядус-салихин, № 1183

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
212. Тәһәжжүд намазының артықшылығы
Нөмірі
№ 1183 (қазақша басылым реті)
1183
Риядус-салихин, № 1183Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ نَامَ عَنْ حِزْبِهِ، أَوْ عَنْ شَيْءٍ مِنْهُ، فَقَرَأَهُ فيما بَيْنَ صَلَاةِ الْفَجْرِ وصلاة الظُّهْرِ، كُتِبَ لَهُ كَأَنَّمَا قَرَأهُ مِنَ اللَّيْلِ»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім түнде оқуды әдетке айналдырған нәпіл намазды, Құранды немесе қандай да бір құлшылық түрін ұйықтап қалғандықтан жіберіп алып, кейін соны таң намазы мен бесін намазының аралығындағы бір уақытта оқыса, түнде оқығандай сауап алады», – деп айтты», – деген (Муслим: 1745, Ахмад: 220).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто проспит и из-за этого пропустит добровольную молитву, чтение Корана или какой-либо иной вид поклонения, который привык совершать ночью, а затем восполнит пропущенное в любое время между утренней и полуденной молитвами, тот получит такую же награду, как если бы совершил это ночью» (Муслим: 1745; Ахмад: 220).