Хадис

Риядус-салихин, № 1161

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
212. Тәһәжжүд намазының артықшылығы
Нөмірі
№ 1161 (қазақша басылым реті)
1161
Риядус-салихин, № 1161Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَقومُ مِنَ اللَّيْلِ حَتَّى تَتَفطَّرَ قَدَمَاهُ، فَقُلْتُ لَهُ: لِمَ تَصْنَعُ هَذَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَقَدْ غُفِرَ لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأخَّرَ؟ قَالَ: «أَفَلَا أَكُونُ عَبْدًا شَكُورًا»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ түнде тұрып аяқтары ісініп, табаны тілім-тілім болып жарылғанша намаз оқитын еді. Мен оған: «Уа, Расулалла! Неге бұлай істейсіз (неге өзіңізді сонша қинайсыз), сіздің өткен және келешек барлық күнәларыңыз кешірілген жоқ па?» – дегенімде, маған: «Сонда да Аллаға шүкіршіл пенде болмаймын ба?!» – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 4837, Муслим: 7126).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказывала: «Пророк ﷺ по ночам совершал намаз так долго, что ноги его отекали, а ступни покрывались глубокими трещинами. Я спросила его: “О Посланник Аллаха! Почему ты так поступаешь (почему ты настолько изнуряешь себя), ведь тебе уже прощены все прошлые и будущие грехи?” Он ответил мне: “Так неужели мне не быть благодарным Аллаху рабом?!”» (Аль-Бухари: 4837; Муслим: 7126).