عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُفْطِرُ مِنَ الشَّهْرِ حَتَّى نَظُنَّ أَنْ لَا يَصُومَ مِنْهُ، وَيَصُومُ حَتَّى نَظُنَّ أَنْ لَا يُفْطِرَ مِنْهُ شَيْئًا، وَكَانَ لَا تَشَاءُ أَنْ تَرَاهُ مِنَ اللَّيْلِ مُصَلِّيًا إِلَّا رَأَيْتَهُ، وَلَا نَائِمًا إِلَّا رَأَيْتَهُ
Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ кей айларда біраз күнге дейін ораза ұстамайтын, сонда біз оны бұл айда мүлде ораза ұстамайтын шығар деп ойлап қалатын едік. Ал кей айларда біраз күнге дейін үзбей ораза ұстағанда, бұл айда бірде-бір күн ауыз ашпайтын шығар деп ойлаушы едік (алайда ойлағанымыздай болмайтын). Сондай-ақ кей түнде оның намаз оқып тұрғанын көрмейтін шығармын десең, міндетті түрде намаз оқып тұрғанын көресің және кей түнде ұйықтап жатқан жоқ шығар деп ойласаң, міндетті түрде ұйықтап (тынығып) жатқанына куә боласың», – деп айтты (Бұхари: 1141, Ахмад: 12129).
Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «В некоторые месяцы Посланник Аллаха ﷺ по нескольку дней не соблюдал пост, и мы начинали думать, что в этом месяце он вовсе не будет поститься. А в иные месяцы он по нескольку дней постился без перерыва, и мы думали, что в этом месяце он не станет разговляться ни на один день (однако наши предположения не оправдывались). В любую часть ночи его можно было застать молящимся; и в любую часть ночи его можно было застать спящим (отдыхающим)» (Аль-Бухари: 1141; Ахмад: 12129).