وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَنْ لَمْ يَدَعْ قَوْلَ الزُّورِ وَالْعَمَلَ بِهِ فَلَيْسَ لِلَّهِ حَاجَةٌ فِى أَنْ يَدَعَ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім ауыз бекіте тұра, өтірік айтуын қоймаса әрі алаяқтық істеуден тыйылмаса, Аллаға оның ішіп-жеуден ғана тыйылғаны қажет емес», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1903, Ахмад: 9839).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если человек, соблюдая пост, не перестанет лгать и не откажется от мошенничества, Аллаху не нужен его отказ лишь от еды и питья» (Аль-Бухари: 1903; Ахмад: 9839).