عَنْ النعمان بْنِ بشير عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَثَلُ الْقَائِمِ فِى حُدُودِ اللَّهِ وَالوَاقعِ فِيهَا، كَمَثَلِ قَومٍ اسْتَهَمُوا عَلَى سَفِينَةٍ فَصَارَ بَعْضُهُمْ أعْلاها وَبَعْضُهُمْ أَسْفَلَهَا، وَكَانَ الَّذِينَ فِى أَسْفَلِهَا إِذَا اسْتَقَوا مِنَ الْمَاءِ مَرُّوا عَلَى مَنْ فَوْقهُمْ، فَقَالُوا: لَوْ أَنَّا خَرَقْنَا فِى نَصِيبِنَا خَرْقًا وَلَمْ نُؤذِ مَنْ فَوقَنَا، فَإِنْ تَرَكُوهُمْ وَمَا أَرَادُوا هَلَكُوا جَميعًا، وَإِنْ أَخَذُوا عَلَى أيدِيهِمْ نَجَوا وَنَجَوْا جَميعًا»
Нұғман ибн Бәшир (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың белгілеген шекарасын бұзбайтындар мен бұзатындардың мысалы, бейне бір кемеге мінер алдында жеребе салысқан қауым сынды. Жеребе нәтижесі бойынша, олардың бір бөлігі кеменің үстіңгі қабатына, екінші бөлігі төменгі қабатына орналасады. (Ауыз-судың қоры жоғарыда болғандықтан) төмендегілер су алу үшін жоғарыдағылардың тұсынан өтетін еді. (Сөйтіп олар су алуға барған сайын жоғары қабаттағы жолдастарына қолайсыздық тудыратындарын ескеріп) өзара: «Осы біз жоғарыдағыларды мазалай бергенше, өзіміздің отырған жерімізден қабырғаны тесіп, су шығарып алсақ қайтеді», – деген тоқтамға келеді. Егер жоғарыдағылар оларды өз білгенімен қоя берсе, барлығы бірдей суға кетіп құритыны даусыз. Ал егер төмендегілерге тоқтау айтып, (кемені тескізбесе), өздері де, өзгелер де суға кетуден аман қалады», – деген (Бұхари: 2493; Ахмад: 18370).
Нуман ибн Башир (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Тех, кто не преступает установленных Аллахом границ, и тех, кто их нарушает, можно уподобить людям, которые перед посадкой на корабль бросили жребий. По жребию одни из них разместились на верхней палубе, а другие – на нижней. Поскольку запасы питьевой воды находились наверху, тем, кто оказался внизу, приходилось проходить мимо находившихся наверху всякий раз, когда они отправлялись за водой. Понимая, что тем самым они постоянно доставляют неудобства своим товарищам на верхней палубе, они решили: “Почему бы нам, вместо того чтобы всё время беспокоить находящихся наверху, не проделать отверстие в борту там, где мы сидим, и не брать воду оттуда?”
Если находящиеся наверху предоставят их самим себе и позволят поступить по своему усмотрению, то все они неизбежно пойдут ко дну и погибнут. Если же они остановят находящихся внизу и не позволят им проделать отверстие в корабле, то спасутся сами и спасут от гибели остальных» (Аль-Бухари: 2493; Ахмад: 18370).