Хадис

Ауызашар берудің артықшылығы

О достоинстве угощения постящегося во время разговения

Риядус-салихин, 231-тақырып · 3 хадис · № 1266–1268

Хадистер

1266
Риядус-салихин, № 1266Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.)

عَنْ زيد بْنِ خالد الْجُهَنِيِّ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ فَطَّرَ صَائِمًا، كَانَ لَهُ مِثْلُ أجْرِهِ، غَيْرَ أَنَّهُ لَا يُنْقَصُ مِنْ أجْرِ الصَّائِمِ شَيْءٌ»

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім ораза ұстаған адамға ауыз аштырса, оған соның сауабындай сауап жазылады, әрі одан ораза ұстаған адамның сауабы еш кемімейді», – деген (Тирмизи: 807, Ахмад: 17033).

Орысша аудармасы

Зайд ибн Халид аль-Джухани (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Тому, кто накормит постящегося во время разговения, будет записана такая же награда, как и постящемуся, при этом награда самого постящегося нисколько не уменьшится» (Ат-Тирмизи: 807; Ахмад: 17033).

1267
Риядус-салихин, № 1267

عَنْ أُمِّ عُمَارَةَ الْأنصارِيَّةِ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ عَلَيْهَا، فَقَدَّمَتْ إِلَيْهِ طَعَامًا، فَقَالَ: «كُلِى» فَقَالَتْ: إِنِّى صَائِمَةٌ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الصَائِمَ تُصَلِّى عَلَيْهِ الْمَلَائِكَةُ إِذَا أُكِلَ عِنْدَهُ حَتَّى يَفْرغُوا» وَرُبَّمَا قَالَ: «حَتَّى يَشْبَعُوا»

Қазақша аудармасы

Бірде Пайғамбарымыз ﷺ ансарлық Үммі Умараның (р.а.) үйіне кіргенде, Үммі Умара Пайғамбарымыздың алдына ас тартады. Пайғамбарымыз оған: «Сен де астан ал», – дегенде, ол: «Мен ораза едім», – дейді. Сонда Алла елшісі: «Ораза ұстаған жанның үйінде ас-ауқат ішілсе, қонақтар ас-ауқаттарын ішіп болғанға дейін періштелер сол ораза ұстаған жан үшін дұға-тілек тілейді», – деп айтады»

Бәлкім: «Олар әбден тойғанға дейін періштелер ол үшін дұға жасайды», – деген. (Тирмизи).

Орысша аудармасы

Однажды Пророк ﷺ вошёл в дом ансарки Умм Умары (да будет доволен ею Аллах), и она подала ему угощение. Пророк ﷺ сказал ей: «Поешь и ты». Она ответила: «Я пощусь». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если в доме постящегося принимают пищу, ангелы молятся за него до тех пор, пока гости не закончат трапезу».

Возможно, он сказал: «Ангелы молятся за него до тех пор, пока гости не насытятся» (Ат-Тирмизи).

1268
Риядус-салихин, № 1268Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ جَاءَ إِلَى سعد بْنِ عبادة فَجَاءَ بِخُبْزٍ وَزَيْتٍ، فَأكَلَ، ثُمَّ قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أفْطَرَ عِنْدَكُمُ الصَّائِمُونَ؛ وَأكَلَ طَعَامَكُمُ الْأَبرَارُ، وَصَلَّتْ عَلَيْكُمُ الْمَلَائِكَةُ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Сағд ибн Убаданың үйіне қонаққа барған Пайғамбарымызға ﷺ Сағд ерекше құрмет көрсетіп, дастарханға нан мен зәйтун майын қояды. Пайғамбарымыз ﷺ дастархандағы дәмнен ауыз тиіп: «Үйлеріңде ораза ұстағандар ауыз ашсын. Дастархандарыңнан әрдайым салиқалы, тақуа жандар дәм татсын. Періштелер сендер үшін Алладан рақым, жарылқау тілеп дұға жасасын», – деп бата берді», – деген (Әбу Дәуіт: 3854, Ахмад: 12406).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что, когда Пророк ﷺ пришёл в гости к Сааду ибн Убаде, Саад, оказывая ему особое почтение, подал к столу хлеб и оливковое масло. Отведав угощение, Пророк ﷺ произнёс благословение: «Пусть в вашем доме разговляются постящиеся. Пусть за вашим столом всегда вкушают пищу праведные и богобоязненные люди. И пусть ангелы молят Аллаха о милости и прощении для вас» (Абу Дауд: 3854; Ахмад: 12406).