Хадис

Иғтикафтың артықшылығы

О достоинстве итикафа

Риядус-салихин, 232-тақырып · 3 хадис · № 1269–1271

Хадистер

1269
Риядус-салихин, № 1269Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَعْتَكِفُ الْعَشْرَ الْأوَاخِرَ مِنْ رَمَضَانَ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ рамазан айының соңғы он күнінде иғтикафқа кіретін еді», – деген (Бұхари: 2025, Муслим: 6780, Ахмад: 6172).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ совершал итикаф в последние десять дней месяца рамадан» (Аль-Бухари: 2025; Муслим: 6780; Ахмад: 6172).

1270
Риядус-салихин, № 1270Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَعْتَكِفُ الْعَشْرَ الْأوَاخِرَ مِنْ رَمَضَانَ، حَتَّى تَوَفَّاهُ اللَّهُ تَعَالَى، ثُمَّ اعْتَكَفَ أَزْوَاجُهُ مِنْ بَعْدِهِ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ Алла Тағаламен қауышқанға дейін рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасайтын еді, одан кейін жұбайлары да дәл солай иғтикаф жасайтын еді», – деп айтылған (Бұхари: 2026, Муслим: 2780, Ахмад: 6172).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Пророк ﷺ неизменно совершал итикаф в последние десять дней рамадана вплоть до встречи с Аллахом Всевышним, а после его кончины его супруги также совершали итикаф (Аль-Бухари: 2026; Муслим: 2780; Ахмад: 6172).

1271
Риядус-салихин, № 1271Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَعْتَكِفُ فِى كُلِّ رَمَضَانَ عَشْرَةَ أَيَّامٍ، فَلَمَّا كَانَ الْعَامُ الَّذِى قُبِضَ فِيهِ اعْتَكَفَ عِشْرِينَ يَوْمًا

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ әр рамазанда он күн иғтикаф жасайтын еді. Ал қайтыс болатын жылы жиырма күн бойы иғтикаф жасады», – деген (Бұхари: 2044, Муслим: 2782, Ахмад: 24233).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Во время каждого рамадана Пророк ﷺ совершал итикаф в течение десяти дней, а в год своей кончины – в течение двадцати дней» (Аль-Бухари: 2044; Муслим: 2782; Ахмад: 24233).