Хадис

Қажылық парызы және оның артықшылығы

Об обязательности хаджа и его достоинстве

Риядус-салихин, 233-тақырып · 14 хадис · № 1272–1285

Хадистер

«وَللهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلًا وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ» «Қағбаны зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы. Ал кімде-кім күпірлік қылса, Алла ешкімге мұқтаж емес, керісінше, бүкіл әлемдер Оған мұқтаж» («Әли Имран», 97-аят).

«И на всех, кому посильно посетить дом Аллаха, паломничество лежит обязанностью пред Аллахом. А кто не верует и отвергает паломничество – знайте же, Аллах не нуждается ни в ком, но все сущее нуждается в Нём» (сура «Али Имран», 3:97).

1272
Риядус-салихин, № 1272Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بُنِى الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَحَجِّ الْبَيْتِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Ислам діні бес нәрсеге негізделген. Олар: Алладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куә болу; намаз оқу; зекет беру; қажылық жасау; рамазан оразасын ұстау», – деп айтқан (Бұхари: 8, Муслим: 111, Ахмад: 4798).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ислам основывается на пяти столпах: свидетельстве о том, что нет божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Посланник Аллаха; совершении молитвы; выплате закята; совершении хаджа и соблюдении поста в месяц рамадан» (Аль-Бухари: 8; Муслим: 111; Ахмад: 4798).

1273
Риядус-салихин, № 1273Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: خَطَبَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «أيُّهَا النَّاسُ، قَدْ فَرَضَ اللَّهُ عَلَيْكُم الْحَجَّ فَحُجُّوا» فَقَالَ رَجُلٌ: أكُلَّ عَامٍ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَسَكَتَ، حَتَّى قَالَهَا ثَلَاثًا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ قُلْتُ نَعَمْ لَوَجَبَتْ، وَلَمَا اسْتَطَعْتُمْ» ثُمَّ قَالَ: «ذَرُونِى مَا تَرَكْتُكُمْ؛ فَإِنَّمَا هَلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ بِكَثْرَةِ سُؤالِهِمْ، وَاخْتِلَافِهِمْ عَلَى أنْبِيَائِهِمْ، فَإِذَا أَمَرْتُكُمْ بِشَيْءٍ فَأتُوا مِنْهُ مَا اسْتَطَعْتُمْ، وَإِذَا نَهَيْتُكُمْ عَن شَيْءٍ فَدَعُوهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Алла елшісі ﷺ бізге уағыз айтып тұрып: «Уа, адамдар! Расында, Алла Тағала сендерге қажылықты парыз қылды, ендеше қажылық парызын өтеңдер», – деді. Сонда арамыздан бір кісі: «Уа, Расулалла! Жыл сайын өтейміз бе?» – деп сұрады. Алла елшісі алғашында үндемеді. Әлгі кісі сұрағын үш қайтара сұраған соң, Алла елшісі: «Егер «иә» деп айтсам, мойындарыңа парыз болып қалар еді. Ал шынын айтқанда, оған шамаларың жетпейді ғой», – деді. Соңынан бәрімізге: «Сендерге (шариғаттың қандай да бір үкімін айтып) оны міндеттемегенімше, орынсыз көп сұрақ қойып мені мазаламаңдар, өйткені сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен – орынсыз қойған көп сауалдары мен пайғамбарларына қарсы шығуы. Ендеше, бұйырғандарымды шамаларың келгенше орындауға тырысыңдар! Не нәрседен тыйсам, содан бойларыңды аулақ ұстаңдар», – деп ескертті», – деген (Муслим: 3257).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ, обращаясь к нам с проповедью, сказал: “О люди! Поистине, Аллах Всевышний вменил вам в обязанность совершение хаджа, так исполняйте же эту обязанность”. Тогда один из присутствовавших спросил: “О Посланник Аллаха! Мы должны совершать хадж каждый год?” Поначалу Посланник Аллаха ﷺ ничего не ответил. Когда тот человек повторил свой вопрос трижды, он сказал: “Если бы я ответил: ‘Да’, это непременно стало бы для вас обязательным, но ведь вы не смогли бы исполнять это”. Затем он предостерёг всех нас: “Пока я сам не возложил на вас какую-либо обязанность (сообщив вам то или иное предписание шариата), не докучайте мне множеством неуместных вопросов. Поистине, жившие до вас народы погибли из-за множества неуместных вопросов и противодействия своим пророкам. Поэтому, когда я что-либо повелеваю вам, старайтесь исполнять это по мере своих сил, а когда запрещаю вам что-либо, держитесь от этого подальше”» (Муслим: 3257).

1274
Риядус-салихин, № 1274Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سُئِلَ النَّبِيُّ ﷺ أَيُّ الْعَمَلِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «إِيمَانٌ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ» قيل: ثُمَّ ماذا؟ قَالَ: «الجِهَادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ» قِيلَ: ثُمَّ مَاذَا؟ قَالَ: «حَجٌّ مَبرُورٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыздан ﷺ: «Ең абзал іс не?» – деп сұралғанда: «Аллаға және елшісіне иман келтіру», – деді. «Одан кейін қандай іс?» – делінгенде: «Алла жолындағы күрес», – деп айтты. «Одан кейін қандай іс?» – делінгенде: «Күнә-қателіксіз атқарылған қажылық», – деп жауап берді», – деп айтылған (Бұхари: 6, Муслим: 248, Ахмад: 1901).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что, когда Пророка ﷺ спросили: «Какое дело является наилучшим?», он ответил: «Вера в Аллаха и Его Посланника». Его спросили: «А после этого?» Он ответил: «Борьба на пути Аллаха». Его снова спросили: «А после этого?» Он ответил: «Хадж, совершённый без грехов и проступков» (Аль-Бухари: 6; Муслим: 248; Ахмад: 1901).

1275
Риядус-салихин, № 1275Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ حَجَّ، فَلَمْ يَرْفُثْ، وَلَمْ يَفْسُقْ، رَجَعَ كَيَوْمِ وَلَدَتْهُ أمُّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 1521, Муслим: 3291, Ахмад: 7136).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто во время исполнения обязательного хаджа воздержится от пустых и дурных речей, а также от больших и малых грехов, тот вернётся чистым, словно только что родился у своей матери”» (Аль-Бухари: 1521; Муслим: 3291; Ахмад: 7136).

1276
Риядус-салихин, № 1276Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «العُمْرَةُ إِلَى الْعُمْرَةِ كَفَّارَةٌ لِمَا بَينَهُمَا، وَالْحَجُّ الْمَبْرُورُ لَيْسَ لَهُ جَزَاءٌ إِلَّا الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Бір ұмрадан кейін тағы да ұмра жасау екеуінің арасындағы күнә-қателіктердің өтемі болады. Ал күнә-қателіксіз атқарылған қажылықтың қарымы тек қана жаннат», – деп айтқан» (Бұхари: 1773, Муслим: 3289, Ахмад: 9941).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Совершение одной умры вслед за другой служит искуплением грехов и проступков, совершённых между ними. А воздаянием за безупречно совершённый хадж будет только рай» (Аль-Бухари: 1773; Муслим: 3289; Ахмад: 9941).

1277
Риядус-салихин, № 1277Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَت: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَرَى الْجِهَادَ أَفْضَلَ الْعَمَلِ، أَفَلَا نُجَاهِدُ؟ فَقَالَ: «لَكُنَّ أَفْضَلُ الْجِهَادِ: حَجٌّ مَبْرُورٌ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Бірде мен: «Уа, Расулалла! ﷺ Біз (әйелдер қауымы) Алла жолындағы күресті ең абзал іс деп білеміз. Олай болса, біз де Алла жолындағы күреске қатыспаймыз ба?» – дедім. Сонда ол: «Сендер үшін ең абзал жиһад – мінсіз өтеліп, қабыл болған қажылық», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1520, Ахмад: 24422).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды я спросила: “О Посланник Аллаха ﷺ! Мы (женщины) считаем борьбу на пути Аллаха наилучшим деянием. Так не следует ли и нам участвовать в ней?” Он ответил: “Наилучший джихад для вас – безупречно совершённый и принятый хадж”» (Аль-Бухари: 1520; Ахмад: 24422).

1278
Риядус-салихин, № 1278Риуаят етуші: Айша (р.а.)

وَعَنْهَا: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ يَوْمٍ أَكْثَرَ مِنْ أن يَعْتِقَ اللَّهُ فِيهِ عَبْدًا مِنَ النَّارِ مِنْ يَوْمِ عَرَفَةَ»

Қазақша аудармасы

Айша анамыз (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Алланың құлдарын тозақтан ең көп азат ететін күні – Арафа күні», – деп айтты», – деген (Муслим: 3288).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «День, когда Аллах освобождает от адского огня больше всего Своих рабов, – это день Арафа» (Муслим: 3288).

1279
Риядус-салихин, № 1279Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «عُمْرَةٌ فِى رَمَضَانَ تَعْدِلُ حَجَّةً – أَوْ حَجَّةً مَعِى»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Рамазан айында өтелген умра (кіші қажылық) – үлкен қажылықпен немесе менімен бірге өтелген қажылықпен тең», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1782, Муслим: 3038, Ахмад: 2808).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Умра (малое паломничество), совершённая в месяц рамадан, равна хаджу или хаджу, совершённому вместе со мной» (Аль-Бухари: 1782; Муслим: 3038; Ахмад: 2808).

1280
Риядус-салихин, № 1280Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ امْرَأَةٌ قَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ فَرِيضَةَ اللَّهِ عَلَى عِبَادِهِ فِى الْحَجِّ، أدْرَكَتْ أَبِى شَيْخًا كَبِيرًا، لَا يَثْبُتُ عَلَى الرَّاحِلَةِ أفَأحُجُّ عَنْهُ؟ قَالَ: «نَعَمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: Бір әйел Алла елшісінен ﷺ: «Уа, Расулалла! Алланың пенделеріне қажылықты парыз қылуы әкемнің әбден қартайған шағына дөп келді. Ол кісі ат-көлікке міне алмайды. Оның орнына қажылық жасасам бола ма?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Иә, әлбетте», – деп жауап берді» (Бұхари: 1512, Муслим: Хаж/Қажылық 2/973)

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что одна женщина спросила Посланника Аллаха ﷺ: «О Посланник Аллаха! Когда Аллах возложил на Своих рабов обязанность совершать хадж, мой отец уже был глубоким стариком. Он не способен держаться в седле. Могу ли я совершить хадж за него?» Пророк ﷺ ответил: «Да, конечно» (Аль-Бухари: 1512; Муслим: «Хадж / Паломничество», 2/973).

1281
Риядус-салихин, № 1281

عَنْ لقيط بْنِ عامر أَنَّهُ أتى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: إِنَّ أَبِى شَيْخٌ كَبِيرٌ، لَا يَسْتَطِيعُ الْحَجَّ، وَلَا الْعُمْرَةَ، وَلَا الظَّعَنَ؟ قَالَ: «حُجَّ عَنْ أبِيكَ وَاعْتَمِرْ»

Қазақша аудармасы

Лақит ибн Амир (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Әкем қалтылдаған қарт адам. Қажылықты да, умраны да өз бетімен өтеуге, тіпті жол жүруге де қауқары жоқ», – дедім. Сонда ол: «Олай болса, әкеңнің орнына қажылыққа барып, умраны да орындап қайт», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1810, Тирмизи: 930, Ахмад: 16184).

Орысша аудармасы

Лакит ибн Амир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я пришёл к Пророку ﷺ и сказал: “Мой отец – немощный старик. Он не в состоянии самостоятельно совершить ни хадж, ни умру, и у него нет сил даже отправиться в путь”. Тогда Пророк ﷺ сказал: “В таком случае соверши хадж и умру за своего отца”» (Абу Дауд: 1810; Ат-Тирмизи: 930; Ахмад: 16184).

1282
Риядус-салихин, № 1282Риуаят етуші: Саиб ибн Язид (р.а.)

عَنْ السائب بْنِ يزيد قَالَ: حُجَّ بي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى حَجةِ الْوَدَاعِ، وَأَنَا ابنُ سَبعِ سِنِينَ

Қазақша аудармасы

Сәиб ибн Язид (р.а.): «Мені жеті жасар бала кезімде Алла елшісімен ﷺ бірге қоштасу қажылығын жасауға алып барған еді», – деген (Бұхари: 1858).

Бұл хадистен балиғат жасына жетпеген ес білетін баланы үйренсін, көрсін, білсін деген мақсатпен үлкен және кіші қажылыққа апаруға болатынын түсінеміз.

Орысша аудармасы

Саиб ибн Язид (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда мне было семь лет, меня взяли с собой для совершения прощального хаджа вместе с Посланником Аллаха ﷺ» (Аль-Бухари: 1858).

Из этого хадиса следует, что ребёнка, который ещё не достиг половой зрелости, но уже способен понимать происходящее, разрешается брать с собой на хадж и умру, чтобы он учился, видел и узнавал их обряды.

1283
Риядус-салихин, № 1283Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَقِيَ رَكْبًا بالرَّوْحَاءِ، فَقَالَ: «مَنِ الْقَوْمُ؟» قَالُوا: الْمسلِمُونَ. قَالُوا: مَنْ أَنْتَ؟ قَالَ: «رَسُولُ اللَّهِ». فَرَفَعَتِ امْرَأَةٌ صَبيًّا، فَقَالَتْ: ألِهَذَا حَجٌّ؟ قَالَ: «نَعَمْ، وَلَكِ أجْرٌ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ Рауха деп аталатын өңірге табаны тигенде, әлдебір керуенге кезігіп, олардан: «Бұл қай қауым?» – деп сұрады. Керуендегілер: «Біз мұсылманбыз. Ал сен кім боласың?» – деді. Ол: «Алла елшісімін!» – деді. Сонда бір әйел кішкене баласын жоғары көтеріп: «Мынаған қажылыққа баруға бола ма?» – деп сұрады. Алла елшісі: «Иә, (нәпіл ретінде) баруына болады, сен де сол үшін сауап аласың», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 3253, Ахмад: 15718).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Однажды, когда Пророк ﷺ прибыл в местность, называемую Рауха, он встретил караван и спросил: “Что это за люди?” Путники ответили: “Мы мусульмане. А кто ты?” Он сказал: “Я – Посланник Аллаха!” Тогда одна женщина подняла своего маленького ребёнка и спросила: “Засчитается ли ему хадж?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Да (как добровольный хадж), а тебе за это будет награда”» (Муслим: 3253; Ахмад: 15718).

1284
Риядус-салихин, № 1284Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حَجَّ عَلَى رَحْلٍ وَكانت زَامِلَتهُ

Қазақша аудармасы

Әнастен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ қажылыққа түйе мініп шықты, сол түйе оның һәм мініс, һәм де жол азығы мен жүктерін таситын көлігі болды», – делінген (Бұхари: 1517).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ отправился в хадж верхом на верблюде, который служил ему и для верховой езды, и для перевозки дорожных припасов и поклажи (Аль-Бухари: 1517).

1285
Риядус-салихин, № 1285Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، قَالَ: كَانَتْ عُكَاظُ، وَمَجِنَّةُ، وَذُو الْمَجَازِ أسْوَاقًا فِى الْجَاهِلِيَّةِ، فَتَأثَّمُوا أن يَتَّجِرُوا فِى الْمَوَاسِمِ، فَنَزَلَتْ: «لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَبْتَغُوا فَضْلًا مِنْ رَبِّكُمْ» [البقرة: 198] فِى مَوَاسِمِ الْحَجِّ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Жаһилият дәуірінде Указ, Мижанна, Зул-мәжаз деп аталатын үлкен жәрмеңкелер болған еді. Сахабалар қажылық маусымында сол жәрмеңкелерде сауда-саттық жасасақ күнәға қаламыз ба деп қорықты. Содан қажылық маусымында: «(Саудамен айналысып) Раббыларыңнан ризық-несібе тілегендерің үшін күнә арқаламайсыңдар...»1 деген аят түсті», – деп айтқан (Бұхари: 2050).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Во времена джахилии существовали большие ярмарки, называвшиеся Указ, Мижанна и Зуль-Маджаз. Сподвижники опасались, что впадут в грех, если станут торговать на этих ярмарках во время сезона хаджа. Тогда во время сезона хаджа был ниспослан аят: “На вас не будет греха за то, что вы (занимаясь торговлей) ищете удела у своего Господа…”1» (Аль-Бухари: 2050).

  1. 1Бақара сүресі, 198 аят
  1. 1Сура «Аль-Бакара», аят 198.