عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: خَطَبَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «أيُّهَا النَّاسُ، قَدْ فَرَضَ اللَّهُ عَلَيْكُم الْحَجَّ فَحُجُّوا» فَقَالَ رَجُلٌ: أكُلَّ عَامٍ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ فَسَكَتَ، حَتَّى قَالَهَا ثَلَاثًا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَوْ قُلْتُ نَعَمْ لَوَجَبَتْ، وَلَمَا اسْتَطَعْتُمْ» ثُمَّ قَالَ: «ذَرُونِى مَا تَرَكْتُكُمْ؛ فَإِنَّمَا هَلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ بِكَثْرَةِ سُؤالِهِمْ، وَاخْتِلَافِهِمْ عَلَى أنْبِيَائِهِمْ، فَإِذَا أَمَرْتُكُمْ بِشَيْءٍ فَأتُوا مِنْهُ مَا اسْتَطَعْتُمْ، وَإِذَا نَهَيْتُكُمْ عَن شَيْءٍ فَدَعُوهُ»
Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Алла елшісі ﷺ бізге уағыз айтып тұрып: «Уа, адамдар! Расында, Алла Тағала сендерге қажылықты парыз қылды, ендеше қажылық парызын өтеңдер», – деді. Сонда арамыздан бір кісі: «Уа, Расулалла! Жыл сайын өтейміз бе?» – деп сұрады. Алла елшісі алғашында үндемеді. Әлгі кісі сұрағын үш қайтара сұраған соң, Алла елшісі: «Егер «иә» деп айтсам, мойындарыңа парыз болып қалар еді. Ал шынын айтқанда, оған шамаларың жетпейді ғой», – деді. Соңынан бәрімізге: «Сендерге (шариғаттың қандай да бір үкімін айтып) оны міндеттемегенімше, орынсыз көп сұрақ қойып мені мазаламаңдар, өйткені сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен – орынсыз қойған көп сауалдары мен пайғамбарларына қарсы шығуы. Ендеше, бұйырғандарымды шамаларың келгенше орындауға тырысыңдар! Не нәрседен тыйсам, содан бойларыңды аулақ ұстаңдар», – деп ескертті», – деген (Муслим: 3257).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ, обращаясь к нам с проповедью, сказал: “О люди! Поистине, Аллах Всевышний вменил вам в обязанность совершение хаджа, так исполняйте же эту обязанность”. Тогда один из присутствовавших спросил: “О Посланник Аллаха! Мы должны совершать хадж каждый год?” Поначалу Посланник Аллаха ﷺ ничего не ответил. Когда тот человек повторил свой вопрос трижды, он сказал: “Если бы я ответил: ‘Да’, это непременно стало бы для вас обязательным, но ведь вы не смогли бы исполнять это”. Затем он предостерёг всех нас: “Пока я сам не возложил на вас какую-либо обязанность (сообщив вам то или иное предписание шариата), не докучайте мне множеством неуместных вопросов. Поистине, жившие до вас народы погибли из-за множества неуместных вопросов и противодействия своим пророкам. Поэтому, когда я что-либо повелеваю вам, старайтесь исполнять это по мере своих сил, а когда запрещаю вам что-либо, держитесь от этого подальше”» (Муслим: 3257).