عَنْ معاذٍ عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَاتَلَ فِى سَبِيلِ اللَّه من رَجُلٍ مُسْلِمٍ فُوَاقَ نَاقَةٍ، وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ، وَمَنْ جُرِحَ جُرْحًا فِى سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ نُكِبَ نَكْبَةً فَإِنَّهَا تَجِيءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَغزَرِ مَا كَانَتْ: لَونُها الزَّعْفَرَانُ، وَرِيحُها كَالمِسْكِ»
Мұғаз (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбір мұсылман ер адам Алла жолында түйе сауым уақыт соғысатын болса, оған жаннат уәжіп болады (яғни міндетті түрде бұйырады). Ал кімде-кім Алла жолында жарақат алған, яки қандай да бір ауыртпашылық көрген болса, сол адам қиямет күні (Алланың дәргейіне) жарақаты одан бетер қанаған күйде келеді. Қанының түсі запрангүлдің түсіндей болса, иісі мисктің иісіндей хош болады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1650, Тирмизи: 1657, Ахмад: 12116).
Муаз (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если какой-либо мусульманин будет сражаться на пути Аллаха хотя бы столько времени, сколько проходит между двумя доениями верблюдицы, ему будет уготован рай (то есть он непременно войдёт в него). А тот, кто будет ранен или получит какую-либо иную травму на пути Аллаха, в День воскресения предстанет (перед Аллахом) с раной, кровоточащей ещё сильнее. Цвет его крови будет подобен цвету шафрана, а аромат – благоуханию мускуса» (Абу Дауд: 1650; Ат-Тирмизи: 1657; Ахмад: 12116).