Хадис

Риядус-салихин, № 1325

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
234. Алла жолындағы күрес
Нөмірі
№ 1325 (қазақша басылым реті)
1325
Риядус-салихин, № 1325Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِى أوْفَى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فِى بَعْضِ أَيَّامِهِ الَّتِى لَقِيَ فِيهَا الْعَدُوَّ انْتَظَرَ حَتَّى مَالَتِ الشَّمْسُ، ثُمَّ قَامَ فِى النَّاسِ فَقَالَ: «أَيُّهَا النَّاسُ، لَا تَتَمَنَّوا لِقَاءَ الْعَدُوِّ، وَاسْأَلُوا اللَّهَ الْعَافِيَةَ، فَإِذَا لَقِيتُموهُمْ فَاصْبِروا؛ وَاعْلَمُوا أَنَّ الْجَنَّةَ تَحْتَ ظِلَالِ السُّيُوفِ» ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ مُنْزِلَ الْكِتَابِ، وَمُجْرِيَ السَّحَابِ، وَهَازِمَ الْأحْزَابِ، أهْزِمْهُمْ وَانْصُرْنَا عَلَيْهِمْ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Әбу Әуфа (р.а.): «Шайқастардың бірінде жау әскерімен бетпе-бет келгенде, Алла елшісі ﷺ бірден қиян-кескі ұрысқа кіріспей, күн көкжиекке қарай еңкейгенге дейін күтті. Содан соң жауынгерлердің алдына шығып: «Уа, жарандар! Еш уақытта дұшпанмен бетпе-бет келуді тілемеңдер, керісінше, әрдайым Алладан есендік тілеңдер. Егер олармен жүзбе-жүз кездессеңдер, табандылықпен төтеп беріңдер. Жаннаттың (Алла жолында сермелген) қылыштардың көлеңкесінде екенін біліп қойыңдар», – деді де, – «Уа, Құранды түсірген, көктегі ақ ұлпа бұлттарды көшірген, Мәдинаны жермен-жексен етуге бел байлап келген араб тайпаларының тас-талқанын шығарған Алла Тағалам! Мына кәпір қолының күлін көкке ұшырып, бізді жеңіске жетелей көр!» – деп жалбарынды», – деген (Бұхари: 2965-2966, Муслим: 4542, Ахмад: 19114).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Абу Ауфа (да будет доволен им Аллах) передал: «В одном из сражений, встретившись с вражеским войском, Посланник Аллаха ﷺ не стал сразу вступать в ожесточённый бой, а дождался, пока солнце не миновало зенит и не начало клониться к западу. Затем он вышел перед воинами и сказал: “О люди! Никогда не желайте встречи с врагом, а всегда просите Аллаха о благополучии. Если же встретитесь с врагом лицом к лицу, стойко противостойте ему. Знайте, что рай находится под сенью мечей (занесённых на пути Аллаха)”. После этого он обратился к Аллаху с мольбой: “О Аллах Всевышний, ниспославший Коран, движущий по небу белые пушистые облака и сокрушивший арабские племена, пришедшие с намерением сравнять Медину с землёй! Развей в прах это войско неверующих и приведи нас к победе!”» (Аль-Бухари: 2965–2966; Муслим: 4542; Ахмад: 19114).