Хадис

Құл азат етудің артықшылығы

Достоинство освобождения рабов

Риядус-салихин, 236-тақырып · 2 хадис · № 1359–1360

Хадистер

«فَلَا اقْتَحَمَ الْعَقَبَةَ وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْعَقَبَةُ فَكُّ رَقَبَةٍ» «Алайда ол қиын белестен асу үшін қажыр-қайрат жұмсамады. Қиын белестің не екенін білесің бе? Ол – құл азат ету» («Бәләд», 11-13–аяттар).

«Но он не стал преодолевать препятствие. Знаешь ли ты, что такое препятствие? Это – освобождение раба» (сура «Баляд», 90:11⁠–⁠13).

1359
Риядус-салихин, № 1359Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أَعْتَقَ رَقَبَةً مُسْلِمَةً أعْتَقَ اللَّهُ بِكُلِّ عُضْوٍ مِنْهُ، عُضْوًا مِنْهُ فِى النَّارِ، حَتَّى فَرْجَهُ بِفَرْجِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ маған: «Кімде-кім бір мұсылманды құлдықтан азат етсе, Алла Тағала әлгі құлдың әрбір мүшесіне барабар оны азат еткен адамның әрбір мүшесін, тіпті әлгі құлдың жыныстық мүшесі үшін де азат етушінің жыныстық мүшесіне дейін тозақ отынан азат етеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6715, Муслим: 3795, Ахмад: 9773).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “Кто освободит мусульманина от рабства, тому Аллах Всевышний за каждую часть тела освобождённого им человека освободит от огня ада соответствующую часть его собственного тела – вплоть до того, что за половой орган освобождённого будет освобождён и половой орган освободившего”» (Аль-Бухари: 6715; Муслим: 3795; Ахмад: 9773).

1360
Риядус-салихин, № 1360Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِى ذرٍ قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْأَعمَالِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «الإِيمَانُ بِاللَّهِ، وَالجِهَادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ» قَالَ: قُلْتُ: أَيُّ الرِّقَابِ أَفْضَلُ؟ قَالَ: «أنْفَسُهَا عِنْدَ أَهْلِهَا، وَأَكْثَرُهَا ثَمَنًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Зарр (р.а.): «Уа, Расулалла! Ең абзал іс қандай?» – деп сұрағанымда, Алла елшісі ﷺ: «Аллаға иман келтіру және Алла жолындағы күрес!» – деп айтты. Мен тағы да: «Қандай құлды азат еткен абзал?» дегенімде: «Қожайыны үшін ең бағалы және құны ең қымбат болғанын...», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 2518, Муслим: 250, Ахмад: 21331).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды я спросил: “О Посланник Аллаха! Какое деяние является наилучшим?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Вера в Аллаха и борьба на пути Аллаха!” Тогда я спросил: “Какого раба лучше всего освободить?” Он ответил: “Того, кто больше всего ценится своим хозяином и стоит дороже всех…”» (Аль-Бухари: 2518; Муслим: 250; Ахмад: 21331).