Хадистер
عنِ الْمَعْرُورِ بْنِ سُوَيْدٍ، قَالَ: رَأَيْتُ أَبَا ذَرٍ وَعَلَيْهِ حُلَّةٌ وَعَلَى غُلَامِهِ مِثْلُهَا، فَسَأَلْتُهُ عَنْ ذَلِكَ، فَذَكَرَ أَنَّهُ قَدْ سَابَّ رَجُلًا عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَعَيَّرَهُ بِأُمِّهِ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنَّكَ امْرُؤٌ فِيكَ جَاهِليَّةٌ هُمْ إِخْوَانُكُمْ وَخَوَلُكُمْ جَعَلَهُمُ اللَّه تَحْتَ أيديكُمْ، فَمَنْ كَانَ أَخُوهُ تَحْتَ يَدِهِ، فَلْيُطْعِمْهُ مِمَّا يَأكُلُ، وَلْيُلْبِسْهُ مِمَّا يَلْبَسُ، وَلَا تُكَلِّفُوهُمْ مَا يَغْلِبُهُمْ، فَإِنْ كَلَّفْتُمُوهُمْ فَأَعِينُوهُمْ»
«وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِى الْقُرْبَى وَاليَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالجَارِ ذِى الْقُرْبَى وَالجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالجَنْبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ» «Бір Аллаға құлшылық жасап, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Әрі жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, жолдастарыңа, мұқтаж жолаушыға және қоластыларыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар» («Ниса», 36-аят).
1361. Әл-Мағрур ибн Суәйд (р.а.): «Бір күні Әбу Зәрр мен қызметшісін көрдім. Әбу Зәрр қызметшісін дәл өзі киінгендей киіндіріп қойыпты. Мұның себебін сұрағанымда, өзінің Алла елшісінің ﷺ көзі тірісінде әлдекімнің анасына тіл тигізіп қойғанын айта келе, сол кезде Пайғамбарымыздың оған: «Сен жаһилият дәуіріндегі жаман мінезден әлі де болса толық арыла алмаған адамсың. Олар (құлдар) – сендердің бауырларың, әрі Алла Тағала нәсіп еткен қоластыларыңдағы қызметшілерің ғой. Кімнің қол астында осындай бауыры болса, өзінің жегенін оған да жегізіп, өзі қалай киінсе, оны да солай киіндірсін. Оларға шамасы жетпейтін істі жүктемеңдер. Егер қиын іс тапсырсаңдар, қолұшын беріңдер», – деп қатаң ескерткенін айтқан еді», – деп айтты (Бұхари: 30, Муслим: 4313, Ахмад: 21432).
«Поклоняйтесь лишь одному Аллаху и не придавайте Ему сотоварищей. Родителям делайте добро, а также родственникам, и сиротам, и обездоленным, и близким соседям, и дальним соседям, и товарищам, что рядом с вами, и нуждающимся путникам, и слугам, которыми вы распоряжаетесь» (сура «Ниса», 4:36).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَتَى أَحَدَكُمْ خَادِمُهُ بِطَعَامِهِ، فَإِنْ لَمْ يُجْلِسْهُ مَعَهُ، فَلْيُنَاوِلْهُ لُقْمَةً أَوْ لُقْمَتَيْنِ أَوْ أُكْلَةً أَوْ أُكْلَتَيْنِ؛ فَإِنَّهُ وَلِيَ عِلَاجَهُ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Қайсыбіріңнің алдыңа қызметшің ас әкелгенде, оны өзімен бірге дастархан басына отырғызғысы келмесе, жоқ дегенде оған астың бір-екі түйірінен дәм ауыз тигізсін, өйткені оның ас-ауқатын әзірлеген сол ғой», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 2557, Ахмад: 10125).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Когда слуга кого-либо из вас принесёт ему еду, то, если тот не пожелает посадить его за стол вместе с собой, пусть хотя бы даст ему отведать один-два кусочка этой еды, ведь эту еду приготовил именно слуга» (Аль-Бухари: 2557; Ахмад: 10125).