Хадис

Алла мен қожайыны алдындағы міндеттерін қатар атқарып жүрген басыбайлы құлдың артықшылығы

О достоинстве раба, исполняющего обязанности перед Аллахом и своим хозяином

Риядус-салихин, 238-тақырып · 4 хадис · № 1363–1366

Хадистер

1363
Риядус-салихин, № 1363Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْعَبْدَ إِذَا نَصَحَ لِسَيِّدِهِ، وَأَحْسَنَ عِبَادَةَ اللَّهِ، فَلَهُ أَجْرُهُ مَرَّتَيْنِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Егер басыбайлы құл қожайынына адал қызмет етсе және Аллаға жақсылап құлшылық қылса, оның әжір-сауабы екі есе болады», – деп айтқан (Бұхари: 2546, Муслим: 4318, Ахмад: 4706).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если подневольный раб будет преданно служить своему хозяину и должным образом поклоняться Аллаху, его награда будет удвоена» (Аль-Бухари: 2546; Муслим: 4318; Ахмад: 4706).

1364
Риядус-салихин, № 1364Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لِلْعَبْدِ الْمَمْلُوكِ الْمُصْلِحِ أجْرَانِ»، وَالَّذِى نَفْسُ أَبِى هُرَيْرَةَ بِيَدِهِ لَوْلَا الْجِهَادُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ وَالْحَجُّ، وَبِرُّ أُمِّى، لأَحْبَبْتُ أَنْ أَمُوتَ وَأَنَا مَمْلُوكٌ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Өзі тақуа, өзі адал басыбайлы құл – екі есе сауапқа кенеледі», – деген еді. Әбу Һурайраның шыбын жанын уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Егер Алла жолындағы күрес, қажылық парызын өтеу, анама жақсылық жасап, ақ сүтін ақтау сияқты міндеттерім болмағанда, бұл дүниеден біреудің басыбайлы құлы болып өтуді қалар едім», – деген (Бұхари: 2548, Муслим: 4320, Ахмад: 8372).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Благочестивый и преданный подневольный раб удостоится двойной награды”. Клянусь Аллахом, в Чьей длани душа Абу Хурайры! Если бы не такие мои обязанности, как борьба на пути Аллаха, совершение обязательного хаджа и доброе отношение к матери с исполнением долга сына перед ней, я хотел бы уйти из этого мира чьим-либо подневольным рабом» (Аль-Бухари: 2548; Муслим: 4320; Ахмад: 8372).

1365
Риядус-салихин, № 1365Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «المَمْلُوكُ الَّذِى يُحْسِنُ عِبَادَةَ رَبِّهِ، وَيُؤَدِّى إِلَى سَيِّدِهِ الَّذِى عَلَيْهِ مِنَ الْحَقِّ، وَالنَّصِيحَةِ، وَالطَّاعَةِ، لهُ أجْرَانِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Раббысына жақсылап құлшылық жасайтын және мойнындағы қожайынының ақысын толық өтейтін, қожайынына барынша адал болатын және толық бағынатын құл екі бірдей сауап алады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2551, Ахмад: 19602).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Раб, который должным образом поклоняется своему Господу, в полной мере исполняет свои обязанности перед хозяином, остаётся всецело преданным ему и беспрекословно повинуется, получит двойную награду» (Аль-Бухари: 2551; Ахмад: 19602).

1366
Риядус-салихин, № 1366Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثَلَاثَةٌ لَهُمْ أجْرَانِ: رَجُلٌ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ آمَنَ بِنَبِيِّهِ، وَآمَنَ بِمُحَمَّدٍ، وَالعَبْدُ الْمَمْلُوكُ إِذَا أدَّى حَقَّ اللَّه، وَحَقَّ مَوَالِيهِ، وَرَجُلٌ كَانَتْ لَهُ أَمَةٌ فَأدَّبَهَا فَأَحْسَنَ تَأدِيبَهَا، وَعَلَّمَهَا فَأَحْسَنَ تَعْلِيمَهَا، ثُمَّ أعْتَقَهَا فَتَزَوَّجَهَا؛ فَلَهُ أَجْرَانِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Үш түрлі адам екі есе сауап алады: «Кітап иелерінен бола тұра өз пайғамбарына қоса әзірет Мұхаммедке де иман еткен адамға, Алланың және қожайынының алдындағы міндеттерін қалтқысыз орындаған басыбайлы құлға, сондай-ақ қолындағы күңін жақсылап тәрбиелеп, әрі оған жақсылап білім үйреткен соң күңдіктен босатып, онымен отау құрған адамға да екі есе сауап бар», – деп айтты», – деген (Бұхари: 97, Муслим: 387, Ахмад: 19602).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Три категории людей получат двойную награду: человек из числа людей Писания, который уверовал как в своего пророка, так и в пророка Мухаммада; раб, неукоснительно исполняющий свои обязанности перед Аллахом и своим хозяином; а также человек, который хорошо воспитал и обучил принадлежавшую ему рабыню, а затем освободил её от рабства и женился на ней» (Аль-Бухари: 97; Муслим: 387; Ахмад: 19602).