Хадис

Риядус-салихин, № 1371

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
240. Адамдармен қарым-қатынаста кеңпейіл, кешірімді болу
Нөмірі
№ 1371 (қазақша басылым реті)
1371
Риядус-салихин, № 1371Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كَانَ رَجُلٌ يُدَايِنُ النَّاسَ، وَكَانَ يَقُولُ لِفَتَاهُ: إِذَا أَتَيْتَ مُعْسِرًا فَتَجَاوَزْ عَنْهُ، لَعَلَّ اللَّهَ أَنْ يَتَجَاوَزَ عَنَّا، فَلَقِيَ اللَّهَ فَتَجَاوَزَ عَنْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Баяғы қауымдардың бірінде ел-жұртқа қарыз беретін бір кісі болған еді. Ол өзінің қызметшісіне: «Ел-жұрттағы қарыздарды жинауға барғаныңда, қарызын қайтара алмай қиналып тұрған жанға жолықсаң, оған мұрсат бер немесе қарызын кешіре сал! Лайым, Алла да бізді кешірер», – дейтін еді. Сол кісі Алламен қауышқанында, Алла да оны кешірді», – деп айтқан екен» (Бұхари: 2078, Муслим: 3993, Ахмад: 7579).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Среди людей прежних времён жил человек, который давал людям в долг. Он говорил своему слуге: “Когда отправишься собирать долги с людей и встретишь того, кто испытывает затруднения и не может вернуть долг, предоставь ему отсрочку или прости ему долг! Быть может, Аллах простит и нас”. Когда этот человек встретил Аллаха, Аллах простил его» (Аль-Бухари: 2078; Муслим: 3993; Ахмад: 7579).