Хадис

Риядус-салихин, № 1373

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
240. Адамдармен қарым-қатынаста кеңпейіл, кешірімді болу
Нөмірі
№ 1373 (қазақша басылым реті)
1373
Риядус-салихин, № 1373Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حذيفة قَالَ: أُتَي اللَّهُ تَعَالَى بِعَبْدٍ مِنْ عِبَادِهِ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا، فَقَالَ لَهُ: مَاذَا عَمِلْتَ فِى الدُّنْيَا؟ قَالَ: «وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا» قَالَ: يَا رَبِّ آتَيْتَنِى مَالَكَ، فَكُنْتُ أُبَايعُ النَّاسَ، وَكَانَ مِنْ خُلُقِى الْجَوَازُ، فَكُنْتُ أَتَيَسَّرُ عَلَى الْمُوسِرِ، وَأُنْظِرُ الْمُعْسِرَ. فَقَالَ اللَّهُ تَعَالَى: «أَنَا أَحَقُّ بِذا مِنْكَ تَجَاوَزُوا عَنْ عَبْدِى» فَقَالَ عُقْبَةُ بْنِ عامِر، وأَبُو مَسْعُودٍ الْأنصارِيُّ: هكَذا سَمِعْنَاهُ مِنْ فيِّ رَسُول اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай жеткізген: «Алла өзіне мол мал-дүние берген бір пенде Алланың құзырына келтірілгенде, одан: «(Мен берген) дүние-мүлікті не істедің?» – деп сұрайды. (Осыған орай, Құранда: «Олар Алладан еш нәрсені жасырып қала алмайды!» делінген). Әлгі пенде: «Уа, Раббым! Маған мал-дүниеңді молынан бердің, мен сонымен кәсіп қылып, ел-жұртпен сауда-саттық жасастым, сонда мен мінезіме сай кең әрі кешірімді болдым. Ауқатты адамға кең болып,1 қысылып тұрған кедейге (қарызын асықпай қайтаруға) мұрсат беретін едім», – дейді. Сонда Алла Тағала: «Ондайға (яғни кешірім мен кеңшілік танытуға) сенен гөрі Мен лайықтымын! Мына пендемнің күнә-қателіктерін кешіңдер!» деп пәрмен қылады. Уқба ибн Амир (р.а.) және ансарлық Әбу Масғуд (р.а.): «Біз мұны Алла елшісінің ﷺ өз аузынан дәл осылай естіген едік», – деп айтты» (Муслим: 3993, Ахмад: 23463).

Орысша аудармасы

Хузайфа (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда к Аллаху привели одного из Его рабов, которого Он наделил большим богатством, Аллах спросил его: “Что ты делал в земной жизни, распоряжаясь (дарованным Мною) имуществом?” (В этой связи в Коране сказано: “Они ничего не смогут скрыть от Аллаха!”; Коран, 4:42) Тот человек ответил: “О Господь мой! Ты даровал мне много имущества, и я вёл с его помощью торговые дела с людьми. По характеру я был великодушным и снисходительным: проявлял снисходительность к состоятельному человеку1, а бедняку, оказавшемуся в затруднительном положении, предоставлял отсрочку (позволяя ему не торопиться с возвращением долга)”. Тогда Аллах Всевышний повелел: “Мне более, чем тебе, подобает поступать так (то есть проявлять прощение и великодушие)! Простите грехи и прегрешения этого Моего раба!” Укба ибн Амир (да будет доволен им Аллах) и Абу Масуд из числа ансаров (да будет доволен им Аллах) сказали: “Именно так мы слышали это из уст Посланника Аллаха ﷺ”» (Муслим: 3993; Ахмад: 23463).

  1. 1Яғни, өзім сияқты ауқатты адамнан бір нәрсе сатып алсам, сатқан дүниесінде азын-аулақ кемшілік болса, онысына қарамай ала беретін едім...
  1. 1То есть если я покупал что-либо у такого же состоятельного человека, как я, то брал товар, не придавая значения его мелким недостаткам…