عَنْ أَبِى صَفْوَان سُويْدِ بْنِ قيسٍ قَالَ: جَلَبْتُ أَنَا وَمَخْرَمَةُ الْعَبْدِيُّ بَزًّا مِنْ هَجَرَ، فَجَاءَنا النَّبِيُّ ﷺ، فَسَاوَمَنَا بسَرَاوِيلَ، وَعِنْدِى وَزَّانٌ يَزِنُ بِالأَجْرِ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ لِلْوَزَّانِ: «زِنْ وَأرْجِحْ»
Әбу Сафуан Суайд ибн Қайс (р.а.): «Бірде Махрама әл-Абди екеуміз Һажар деген жерден сатуға киім-кешек алып келдік. Содан Пайғамбарымыз ﷺ бізге келіп, бір кең шалбарды алу үшін саудаласты. Менің әр заттың құнын белгілеп беретін таразбан адамым бар еді. Пайғамбарымыз әлгі таразбанға: «Мынаның құнын өлше де, үстіне тағы біраз қос!1», – деп айтты, – деген (Әбу Дәуіт: 3336, Тирмизи: 1305, Ахмад: 19098).
Абу Сафван Сувайд ибн Кайс (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды мы с Махрамой аль-Абди привезли из местности Хаджар одежду на продажу. Затем к нам пришёл Пророк ﷺ и стал торговаться с нами, желая купить просторные шаровары. У меня был весовщик, который занимался взвешиванием за плату. Пророк ﷺ сказал ему: “Отвесь за них положенную сумму и добавь ещё немного сверху”1» (Абу Дауд: 3336; Ат-Тирмизи: 1305; Ахмад: 19098).
- 1Алла елшісі өзіне бір нәрсе сатып аларда, алдымен саудагермен саудаласатын, саудагер сататын затының болар бағасын айтқан соң, оның айтқан бағасынан көбірек етіп, қосып төлейтін еді.
- 1Покупая что-либо, Посланник Аллаха ﷺ сначала торговался с продавцом. Когда продавец называл окончательную цену, он платил больше этой суммы.