Хадис

Ілімнің артықшылығы

О достоинстве знания

Риядус-салихин, 241-тақырып · 17 хадис · № 1377–1393

Хадистер

«وَقُلْ رَبِّ زِدْنِى عِلْمًَا» «Раббым, ілімімді арттыра көр», – деп айт. («Таһа», 114-аят).

«قُلْ هَلْ يَسْتَوي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ» «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» – деп айт» («Зүмар», 9-аят).

«يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ» «Сонда Алла араларыңдағы шынайы иман келтіргендердің, әсіресе, өздеріне ілім берілген білімпаз жандардың дәрежесін көтереді» («Мужадала», 11-аят).

«إِنَّمَا يَخْشَى اللَّهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاءُ» «Шынында, Алладан пенделерінің арасынан тек ғұламалар ғана шын именеді» («Фатыр», 28-аят).

«И говори: “Господь мой, прибавь мне знаний!”» (сура «Та Ха», 20:114).

«Скажи: “Равны ли знающие и невежды?”» (сура «Зумар», 39:9).

«И Аллах возвысит степени искренне уверовавших из вас, в особенности тех, кому даровано знание» (сура «Муджадиля», 58:11).

«Воистину, боятся искренне Аллаха лишь сведущие из Его рабов» (сура «Фатыр», 35:28).

1377
Риядус-салихин, № 1377Риуаят етуші: Мұғауия (р.а.)

عَنْ معاوية قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يُرِدِ اللَّهُ بِهِ خَيْرًا يُفَقِّهْهُ فِى الدِّينِ»

Қазақша аудармасы

Мағауия (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Алла кімге жақсылық қаласа, соған дінді кеңінен, терең түсінуді нәсіп етеді» – деп айтты», – деген (Бұхари: 71, Муслим: 2389, Ахмад: 16834).

Орысша аудармасы

Муавия (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кому Аллах желает блага, тому Он дарует глубокое и всестороннее понимание религии”» (Аль-Бухари: 71; Муслим: 2389; Ахмад: 16834).

1378
Риядус-салихин, № 1378Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا حَسَدَ إِلَّا فِى اثْنَتَيْنِ: رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا، فَسَلَّطَهُ عَلَى هَلَكَتِهِ فِى الْحَقِّ، وَرَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ الْحِكْمَةَ، فَهُوَ يَقْضِى بِهَا وَيُعَلِّمُهَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен (яғни, қызығушылықпен) қарауға болады. Біреуі – Алланың берген мал-мүлкін түгесілгенше хақ жолда жұмсаған кісі болса, енді біреуі – өзіне Алла даналық берген, сонымен (адамдар арасында) үкім айтатын және сол даналықты өзгелерге үйрететін данагөй кісі», – деп айтты, – деген (Бұхари: 73, Муслим: 1896, Ахмад: 4109).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Лишь на двух людей можно смотреть с завистью (то есть с желанием обладать таким же благом). Один из них – человек, которому Аллах даровал богатство и который без остатка расходует его на пути истины. Другой – мудрец, которому Аллах даровал мудрость и который, руководствуясь ею, выносит решения (между людьми) и обучает этой мудрости других» (Аль-Бухари: 73; Муслим: 1896; Ахмад: 4109).

1379
Риядус-салихин, № 1379Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَثَلُ مَا بَعَثَنِى اللَّه بِهِ مِنَ الْهُدَى وَالعِلْمِ كَمَثَلِ غَيْثٍ أَصَابَ أَرْضًا؛ فَكَانَتْ مِنْهَا طَائِفَةٌ طَيِّبةٌ قَبِلَتِ الْمَاءَ فَأَنْبَتَتِ الْكَلأَ، وَالعُشْبَ الْكَثِيرَ، وَكَانَ مِنْهَا أجَادِبُ أمْسَكَتِ الْمَاءَ، فَنَفَعَ اللَّهُ بِهَا النَّاسَ، فَشَرِبُوا مِنْهَا وَسَقَوْا وَزَرَعُوا، وَأَصَابَ طَائِفَةً مِنْهَا أُخْرَى إِنَّمَا هِيَ قِيعَانٌ؛ لَا تُمْسِكُ مَاءً وَلَا تُنْبِتُ كلأً، فَذَلِكَ مَثَلُ مَنْ فَقُهَ فِى دِينِ اللَّهِ، وَنَفَعَهُ مَا بَعَثَنِى اللَّهُ بِهِ، فَعَلِمَ وَعَلَّمَ، وَمَثَلُ مَنْ لَمْ يَرْفَعْ بِذَلِكَ رَأسًَا، وَلَمْ يَقْبَلْ هُدَى اللَّهِ الَّذِى أُرْسِلْتُ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың маған берген һәм сол арқылы мені пайғамбар етіп жіберген тура жолы мен ілімі – бейне бір, үш түрлі жерге жауған нөсер жауынға ұқсайды. Жердің құнарлы болған бөлігі – жаңбыр суын өзіне толықтай сіңіріп, шүйгін шөп пен мол көк майса өсіріп шығарады. Жердің енді бір бөлігі жаңбыр суын сіңірмей бетінде ұстап тұратын қатты болады. Алла сол арқылы адамдарға пайда келтіреді. Адамдар сондай жерлерден өздері де ауыз су алып ішеді, малдарын да, егістерін де суарады. Жаңбыр суы жауған жердің тағы бір бөлігі суды сіңірмей ұстап тұра да алмайтын немесе суды сіңіріп, өсімдік өсіре де алмайтын теп-тегіс құнарсыз болады. Міне, Алланың дінін терең түсінген, Алланың маған берген және сол арқылы мені пайғамбар етіп жіберген тура жолы мен ілімі өзіне пайда берген адамның мысалы осыған (яғни, жердің бірінші және екінші түріне) ұқсайды, ол һәм өзі біліп, білгенін өзгелерге де үйреткен жан. Ал пайдалы ілімге мойнын бұрып қарамай теріс айналған және Алланың маған берген тура жолын қабылдамаған адам – үшінші мысалға (яғни жердің үшінші түріне) ұқсайды», – деген (Бұхари: 79, Муслим: 5953, Ахмад: 19573).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Прямой путь и знание, которые Аллах даровал мне и с которыми послал меня как пророка, подобны обильному ливню, пролившемуся на три разных вида земли. Плодородная часть земли полностью впитала дождевую воду и взрастила густую траву и обильную зелень. Другая часть земли была твёрдой: она не впитала дождевую воду, но удержала её на поверхности. Посредством этого Аллах принёс людям пользу: они брали оттуда воду для питья, поили ею скот и орошали свои посевы. Ещё одна часть земли, на которую выпал дождь, была ровной и бесплодной: она не могла ни удержать воду на поверхности, ни впитать её так, чтобы взрастить растения.

Таков пример человека, который глубоко постиг религию Аллаха и извлёк пользу из прямого пути и знания, дарованных мне Аллахом и с которыми Он послал меня как пророка: он подобен первым двум видам земли (плодородной земле и земле, сохранившей воду), поскольку сам обрёл знание и научил ему других. А человек, отвернувшийся от полезного знания, не пожелавший даже обратить на него внимания и не принявший прямого пути, который Аллах даровал мне, подобен третьему примеру (то есть третьему виду земли)» (Аль-Бухари: 79; Муслим: 5953; Ахмад: 19573).

1380
Риядус-салихин, № 1380Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

عَنْ سهل بْنِ سعد أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لِعَلِيٍّ: «فَوَاللَّهِ لأَنْ يَهْدِيَ اللَّهُ بِكَ رَجُلًا وَاحِدًا خَيْرٌ لَكَ مِنْ أَنْ يَكُونَ لَكَ حُمْرُ النَّعَمِ»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Расулалла ﷺ Алиге: «Алланың атымен ант етейін! Алланың сен арқылы бір адамды болса да тура жолға салуы мыңғырған қызыл түйелердің иесі болуыңнан да қайырлы», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2942, Муслим: 6223, Ахмад: 22821).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал Али: “Клянусь Аллахом! Если Аллах через тебя наставит на прямой путь хотя бы одного человека, это будет для тебя лучше, чем стать обладателем несметного стада красных верблюдов”» (Аль-Бухари: 2942; Муслим: 6223; Ахмад: 22821).

1381
Риядус-салихин, № 1381Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «بَلِّغُوا عَنِّى وَلَوْ آيَةً، وَحَدِّثُوا عَنْ بَنِى إِسْرَائِيلَ وَلَا حَرَجَ، وَمَنْ كَذَبَ عَلَيَّ مُتَعَمِّدًا فَلْيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Менен естігендеріңнің бәрін, тіпті Құранның бір аятын болса да басқаларға айтып жеткізіңдер. Сондай-ақ (менен естіген) Исрайылұлдары жайлы ғибратқа толы қиссаларды да әңгімелеңдер, онда тұрған ештеңе жоқ. Ал енді кім менің атымнан әдейілеп жалған сөз айтып елге жаятын болса, тозақтан алар орнына дайындала берсін», – деп айтты.» (Бұхари: 3461, Ахмад: 6486).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Передавайте другим всё, что услышали от меня, даже если это будет всего лишь один аят Корана. Рассказывайте также (услышанные от меня) назидательные истории о сынах Исраиля – в этом нет ничего предосудительного. А тот, кто намеренно припишет мне ложные слова и распространит их среди людей, пусть готовится занять своё место в аду» (Аль-Бухари: 3461; Ахмад: 6486).

1382
Риядус-салихин, № 1382Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «وَمَنْ سَلَكَ طَرِيقًا يَلْتَمِسُ فِيهِ عِلْمًا، سَهَّلَ اللَّهُ لَهُ طَرِيقًا إِلَى الْجَنَّةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді», – деп айтты» – делінген (Муслим: 6853, Ахмад: 7427).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто вступит на путь приобретения знания, тому Аллах Всевышний облегчит путь в рай» (Муслим: 6853; Ахмад: 7427).

1383
Риядус-салихин, № 1383Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ أَيضًا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ دَعَا إِلَى هُدىً كَانَ لَهُ مِنَ الْأَجْرِ مِثْلُ أُجُورِ مَنْ تَبِعَهُ لَا يَنْقُصُ ذَلِكَ مِنْ أُجُورِهِمْ شَيْئًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім өзгелерді тура жолға шақырса, оған өзіне ерген адамдардың (тура жолда жүріп алған) әжір-сауаптарындай сауап жазылады, сондай-ақ оладың1 әжір-сауаптарынан еш нәрсе кемімейді», – деп айтқан (Муслим: 6804; Ахмад: 9160).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто призовёт других к прямому пути, тому запишется награда, равная наградам последовавших за ним людей (которые они заслужили, следуя прямым путём), и при этом их награды1 ничуть не уменьшатся» (Муслим: 6804; Ахмад: 9160).

  1. 1Тура жолға шақырған адамға ергендердің әжір-сауаптарынан еш нәрсе кемімейді.
  1. 1Награды тех, кто последовал за призывающим к прямому пути, нисколько не уменьшаются.
1384
Риядус-салихин, № 1384Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا مَاتَ ابْنُ آدَمَ انْقَطَعَ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثٍ: صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ، أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ، أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Адам баласы қайтыс болғанда, үш түрлі ісінен басқа барлық істері тоқтап (амал дәптері жабылады). Сауабы тоқтамай жалғасатын істері – сауабы үзілмейтін садақа,1 ел-жұртқа пайдасы тиетін ілім және артынан дұға жасап, игі тілек тілейтін ізгі ұрпақ», – деп айтты, – деген (Муслим: 4223, Ахмад: 8844).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда человек умирает, все его деяния, кроме трёх, прекращаются (книга его деяний закрывается). Награда продолжает поступать ему за милостыню, польза от которой не прекращается1, знание, приносящее пользу людям, и праведного потомка, который молится за него и желает ему блага» (Муслим: 4223; Ахмад: 8844).

  1. 1Уақыпқа берілген жер, ғимарат сынды дүниелер, сондай-ақ мешіт, аурухана, жол, көпір т.с.с. салу, құдық қазып су шығару, су құбырын жүргізу сынды т.б. қоғам үшін жасалған игі істер.
  1. 1Имущество, переданное в вакуф, например земля и здания, а также общественно полезные дела: строительство мечетей, больниц, дорог и мостов, рытьё колодцев, проведение водопровода и другое.
1385
Риядус-салихин, № 1385Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «الدُّنْيَا مَلْعُونَةٌ، مَلْعُونٌ مَا فِيهَا، إِلَّا ذِكْرَ اللَّه تَعَالَى، وَمَا وَالاهُ، وَعَالِمًا، أَوْ مُتَعَلِّمًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): Алла елшісінің ﷺ: «Алланы еске алу және үкімдеріне мойынсұну, ілім иесі болу мен ілім үйренуден басқа, мына дүние және ондағы барлық нәрсе лағынеттелген1», – деп айтқанын естідім, – деген (Тирмизи: 2322).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Этот мир и всё, что в нём, прокляты1, кроме поминания Аллаха и покорности Его предписаниям, а также обладателя знания и того, кто приобретает знания”» (Ат-Тирмизи: 2322).

  1. 1«Лағынеттелген» – Алладан алыстататын, адамдарды ғапылдыққа түсіретін нәрселер деген мағынада.
  1. 1«Проклятое» в данном контексте – то, что отдаляет человека от Аллаха и погружает его в беспечность.
1386
Риядус-салихин, № 1386Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ خَرَجَ فِى طَلَبِ الْعِلْمِ فَهُوَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ حَتَّى يَرْجِعَ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Ілім ізденіп жолға шыққан адам, қайтып оралғанша Алланың жолында болады», – деп айтты, – деген (Тирмизи: 2647).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Человек, отправившийся в путь в поисках знаний, пребывает на пути Аллаха до тех пор, пока не вернётся» (Ат-Тирмизи: 2647).

1387
Риядус-салихин, № 1387Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «لَنْ يَشْبَعَ مُؤْمِنٌ مِنْ خَيْرٍ حَتَّى يَكُونَ مُنْتَهَاهُ الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Мүмін адам жаннатқа жеткенше жақсылық атаулыға тоймайды1», – деп айтқан (Тирмизи: 2686, Ибн Хиббан: 903).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Верующий не насытится благом, пока не достигнет рая1» (Ат-Тирмизи: 2686; Ибн Хиббан: 903).

  1. 1Яғни, мүмін адам қанша жерден сауапты істер істесе де, мұратына жетпейінше оларды місе тұтпайды.
  1. 1То есть сколько бы добрых дел ни совершал верующий, он не удовлетворяется достигнутым, пока не достигнет своей цели.
1388
Риядус-салихин, № 1388Риуаят етуші: Әбу Умама (р.а.)

عَنْ أَبِى أُمَامَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «فَضْلُ الْعَالِمِ عَلَى الْعَابِدِ كَفَضْلِى عَلَى أدْنَاكُمْ» ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ وَأَهْلَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ حَتَّى النَّمْلَةَ فِى جُحْرِهَا وَحَتَّى الْحُوتَ لَيُصَلُّونَ عَلَى مُعَلِّمِى النَّاسِ الْخَيْرَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Ғалымның құлшылыққа берілген жай адамнан артықшылығы, менің араларыңдағы дәрежесі ең төмен болған адаммен салыстырғандағы артықшылығым сияқты», – деді. Содан кейін Алла елшісі ﷺ: «Алла, періштелері және көктегілер мен жердегілер, тіпті илеуіндегі құмырсқа да, теңіздегі алып балық та адамдарға жақсылықты үйрететін ғалымдар үшін ұдайы салауат айтады», – деп айтты, – делінген (Тирмизи: 2685).

Орысша аудармасы

Абу Умама (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Превосходство учёного над простым человеком, всецело посвятившим себя поклонению, подобно моему превосходству над тем из вас, чьё положение ниже всех». Затем Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах, Его ангелы, обитатели небес и земли, даже муравей в своём муравейнике и огромная рыба в море непрестанно благословляют учёных, обучающих людей добру (совершают салават)» (Ат-Тирмизи: 2685).

Түсіндірме (қазақша)

«Салауат айту» сөзінің мағынасы кең, Алланың пендесі үшін «салауат айтуы» – оған мейірімін төгетінін білдіреді, періштелердің мүміндер үшін «салауат айтуы» – олар үшін Алладан кешірім мен жарылқау тілейтінін білдіреді, ал өзге жаратылыстардың мүміндер үшін «салауат айтуы» – олар үшін дұға жасайтынын білдіреді.

Түсіндірме (орысша)

Выражение «возносить салават» имеет широкий смысл – салават Аллаха Своему рабу означает, что Он изливает на него Свою милость; салават ангелов за верующих означает, что они просят Аллаха о прощении и милости для них; а салават других творений за верующих означает, что они молятся за них.

1389
Риядус-салихин, № 1389Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

عَنْ أَبِى الدردَاء قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ سَلَكَ طَرِيقًا يَبْتَغِى فِيهِ عِلْمًا سَهَّلَ اللَّهُ لَهُ طَرِيقًا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ لَتَضَعُ أجْنِحَتَهَا لِطَالِبِ الْعِلْمِ رِضًا بِمَا يَصْنَعُ، وَإِنَّ الْعَالِمَ لَيَسْتَغْفِرُ لَهُ مَنْ فِى السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِى الْأَرْضِ حَتَّى الْحيتَانُ فِى الْمَاءِ، وَفضْلُ الْعَالِمِ عَلَى الْعَابِدِ كَفَضْلِ الْقَمَرِ عَلَى سَائِرِ الْكَوَاكِبِ، وَإِنَّ الْعُلَمَاءَ وَرَثَةُ الْأنْبِيَاءِ، وَإِنَّ الْأنْبِيَاءَ لَمْ يَوَرِّثُوا دِينَارًا وَلَا دِرْهَمًا وَإِنَّمَا وَرَّثُوا الْعِلْمَ، فَمَنْ أَخَذَهُ أَخَذَ بحَظٍّ وَافِرٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрда (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Періштелер де білім алушының талабына дән риза болып, аяғының астына қанаттарын жайып, ізет көрсетеді. Сондай-ақ жеті қабат аспан мен жердегі барлық жаратылыс атаулы, тіпті судағы алып балықтар да шынайы ғалым үшін Алладан жарылқау тілейді. Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді. Расында, шынайы ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері. Шынтуайтында, пайғамбарлар мұра ретінде динар мен дирхам емес, тек қана ілім қалдырды. Кімде-кім сол ілімнен сусындаса, мол несібеге кенелгені», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 3641, Тирмизи: 2682, Ахмад: 21714).

Орысша аудармасы

Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто вступит на путь приобретения знания, тому Аллах Всевышний облегчит путь в рай. Ангелы, будучи глубоко довольны стремлением искателя знания, простирают под его ногами свои крылья, оказывая ему почтение. Все творения на семи небесах и на земле, даже огромные рыбы в воде, просят Аллаха простить истинного учёного. Превосходство учёного над набожным человеком, не обладающим знанием, подобно превосходству полной луны над малыми звёздами.

Поистине, истинные учёные – наследники пророков. Поистине, пророки оставили в наследство не динары и дирхамы, а только знание. Кто же почерпнёт это знание, тот обретёт богатый удел”» (Абу Дауд: 3641; Ат-Тирмизи: 2682; Ахмад: 21714).

1390
Риядус-салихин, № 1390Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «نَضَّرَ اللَّهُ امْرَأً سَمِعَ مِنَّا شَيْئًا، فَبَلَّغَهُ كَمَا سَمِعَهُ، فَرُبَّ مُبَلَّغٍ أوْعَى مِنْ سَامِعٍ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Алла бізден естігенін бұлжытпай өзгелерге айтып жеткізген кісінің жүзін жарқын етіп, сансыз нығметіне бөлесін! Өйткені (менің аузымнан естімесе де мен айтқан сөздің мән-мағынасын) жеткізушіден де жақсырақ түсінетін қаншама жан бар», – деп айтқанын естідім», – деген (Тирмизи: 2658, Ахмад: 4157).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Да озарит Аллах лицо того, кто в точности передаст другим услышанное от нас, и да одарит его бесчисленными благами! Ведь сколько существует людей, которые лучше самого передавшего понимают (смысл и значение сказанных мною слов, хотя и не слышали их из моих уст)”» (Ат-Тирмизи: 2658; Ахмад: 4157).

1391
Риядус-салихин, № 1391Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ سُئِلَ عَنْ عِلْمٍ فَكَتَمَهُ، أُلْجِمَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِلِجَامٍ مِنْ نَارٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім ілімі бола тұра, өзінен қандай да бір ілім сұралған кезде білгенін айтпай жасырып қалса, қиямет күні тозақ отынан болған ауыздықпен ауыздықталады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 3664, Тирмизи: 2649, Ахмад: 7571).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто, обладая знанием, не расскажет того, что знает, и утаит это, когда его спросят о чём-либо, того в День воскресения взнуздают уздой из адского огня» (Абу Дауд: 3664; Ат-Тирмизи: 2649; Ахмад: 7571).

1392
Риядус-салихин, № 1392Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَعَلَّمَ عِلْمًا مِمَّا يُبْتَغَى بِهِ وَجْهُ اللَّهِ تَعَالَى لَا يَتَعَلَّمُهُ إِلَّا لِيُصِيبَ بِهِ عَرَضًا مِنَ الدُّنْيَا، لَمْ يَجِدْ عَرْفَ الْجَنَّةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Алланың разылығына бөленуді көздеп, үйренуі тиіс ілімді қандай да бір дүниелік мақсатқа жету үшін үйренген адам қиямет күні жұмақтың хош иісін де сезбейді», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 3664, Ахмад: 8457).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто изучает знание, которое надлежит приобретать ради обретения довольства Аллаха, лишь для достижения какой-либо мирской цели, тот в День воскресения не ощутит даже благоухания рая» (Абу Дауд: 3664; Ахмад: 8457).

1393
Риядус-салихин, № 1393Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ لَا يَقْبِضُ الْعِلْمَ انْتِزَاعًا يَنْتَزعهُ مِنَ النَّاسِ،وَلكِنْ يَقْبِضُ الْعِلْمَ بِقَبْضِ الْعُلَمَاءِ، حَتَّى إِذَا لَمْ يُبْقِ عَالِمًا، اتَّخَذَ النَّاسُ رُؤُوسًا جُهَّالًا، فَسُئِلُوا فَأفْتوا بِغَيْرِ عِلْمٍ، فَضَلُّوا وَأضَلُّوا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Расулалланың ﷺ: «Алла Тағала ілімді (алып қойғысы келсе оны) адамдардың көкірегінен суырып алмайды, олардың ішіндегі шынайы ғалымдардың бірде-бірін қалдырмайды. Сол кезде араларында бірде-бір білімді жан қалмаған соң, адамдар надандарды өздеріне басшы етіп алады. Халық олардан пәтуа (яғни, қандай да бір мәселенің үкімі немесе шешімі жайында) сұрағанда, білмесе де пәтуа беріп, өз білгендерінше үкім шығарады. Нәтижеде өздері де адасып, өзгелерді де адастырады», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 100. Муслим: 6796, Ахмад: 6511).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Аллах Всевышний не вырывает знание из сердец людей (когда пожелает забрать его), а забирает его, унося из жизни истинных учёных, пока среди людей не останется ни одного из них. Когда же среди людей не останется ни одного обладающего знанием, они изберут себе предводителями невежд. Люди станут обращаться к ним за фетвами (то есть спрашивать о предписании или решении по какому-либо вопросу), а те, не обладая знанием, будут давать фетвы и выносить решения по своему разумению. В результате они и сами собьются с пути, и других введут в заблуждение”» (Аль-Бухари: 100; Муслим: 6796; Ахмад: 6511).