Хадис

Алланы жиі еске алып, мадақ пен шүкіршілік айтудың артықшылығы

Достоинство частого поминания Аллаха, вознесения Ему хвалы и благодарности

Риядус-салихин, 242-тақырып · 4 хадис · № 1394–1397

Хадистер

«فَاذْكُرُونِى أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِى وَلا تَكْفُرُونِ» «Ендеше, сендер Мені әрдайым еске алыңдар, сонда Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпірлік қылмаңдар» («Бақара», 156-аят).

«لَئِنْ شَكَرْتُمْ لأَزِيدَنَّكُمْ» «Егер шүкіршілік етсеңдер, нығметімді арттырамын» («Ибраһим», 7-аят).

«وَقُلِ الْحَمْدُ للهِ» «Бар мадақ пен шүкіршілік Аллаға тән, деп айт!» («Исра», 111-аят).

«وَآخِرُ دَعْوَاهُمْ أنِ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ» «Барлық дұғалары «Әлхамду лилләһи раббил аләмиин» деген сөзбен аяқталады» («Юнус», 10-аят).

«Посему всегда помните Меня, тогда и Я буду помнить вас. Благодарите Меня и не будьте неверными» (сура «Аль-⁠Бакара», 2:152).

«Если вы будете благодарны, то Я непременно приумножу вам блага» (сура «Ибрахим», 14:7).

«И скажи: “Вся хвала и благодарность принадлежат одному Аллаху”» (сура «Исра», 17:111).

«И всякий зов их будет заканчиваться словами: “Хвала Аллаху, Господу миров!”» (сура «Юнус», 10:10).

1394
Риядус-салихин, № 1394Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أُتِيَ لَيْلَةَ أُسْرِيَ بِهِ بِقَدَحَيْنِ مِنْ خَمْرٍ وَلَبَنٍ، فَنَظَرَ إِلَيْهمَا فَأَخَذَ اللَّبَنَ. فَقَالَ جِبرِيل: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِى هَدَاكَ لِلفِطْرَةِ لَوْ أَخَذْتَ الْخَمْرَ غَوَتْ أُمَّتُكَ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Миғраж түнінде (Жәбірейіл періште) Пайғамбарымызға ﷺ біреуіне шарап, екіншісіне сүт құйылған екі тостаған ұсынғанда, Алла елшісі сүт құйылған тостағанды таңдады. Сонда Жәбірейіл (а.с.) періште: «Саған жаратылыс мақсатына сай дұрыс таңдау жасатқан Аллаға сансыз мадақ пен шүкіршілік айтамын. Егер шарапты алғаныңда үмбетің арсыздыққа бой алдырып тура жолдан адасар еді», – деп айтты», – деген (Муслим: 424, Бұхари: 4709, Ахмад: 10647).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «В ночь Мираджа (ангел Джибрил) предложил Пророку ﷺ две чаши: одну с вином, а другую с молоком. Посланник Аллаха ﷺ выбрал чашу с молоком. Тогда ангел Джибрил (мир ему) сказал: “Я безмерно восхваляю и благодарю Аллаха, Который направил тебя к правильному выбору, соответствующему цели сотворения. Если бы ты выбрал вино, твоя община погрязла бы в бесстыдстве и сбилась с прямого пути”» (Муслим: 424; Аль-Бухари: 4709; Ахмад: 10647).

1395
Риядус-салихин, № 1395Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كُلُّ أمْرٍ ذِى بَالٍ لَا يُبْدأُ فِيهِ بِالحَمْدُ لِلَّهِ فَهُوَ أقْطَعُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Аллаға «әлхамду лилләһ» деп мадақ пен шүкіршілік айтпай басталған әрбір келелі іс жалғасын таппайды», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4840, Ахмад: 8711).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Всякое важное дело, начатое без восхваления и благодарности Аллаху (без слов “Аль-⁠хамдулиллях”), остаётся незавершённым» (Абу Дауд: 4840; Ахмад: 8711).

1396
Риядус-салихин, № 1396Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا مَاتَ وَلَدُ الْعَبْدِ قَالَ اللَّهُ تَعَالَى لِمَلَائِكَتِهِ: قَبَضْتُمْ وَلَدَ عَبْدي؟ فَيَقُولُون: نَعَمْ، فيَقُولُ: قَبَضْتُمْ ثَمَرَةَ فُؤادِهِ؟ فيَقُولُون: نَعَمْ، فيَقُولُ: ماذا قَالَ عَبْدِى؟ فَيَقُولُون: حَمدَكَ وَاسْتَرْجَعَ، فيقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: ابْنُوا لِعَبْدي بَيْتًا فِى الْجَنَّةِ، وَسَمُّوهُ بَيْتَ الْحَمْدِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ былай деген: «Қайсыбір пенденің бауыр еті баласы қайтыс болғанда, Алла Тағала періштелеріне: «Пендемнің перзентінің жанын алдыңдар ма?» – дейді. Сонда періштелер: «Иә», – дейді, Алла Тағала: «Оның жан жүрегін алдыңдар ғой?» – дегенде, періштелер: «Иә, солай», – дейді. Сонда Алла: «(Мұншама ауыр қайғыдан қабырғасы қайысқан) пендем не деді?» – дейді. Періштелер: «Өзіңе мадақ айтты және «бәріміз бір Алладан келдік, түбінде бәріміз Оған қайтамыз» деген сөзді айтты», – дейді. Сонда Алла Тағала: «Олай болса, сол пендеме арнап жаннаттан бір үй тұрғызыңдар да, ол үйді «мадақ үйі» деп атаңдар», – деп бұйырады» (Тирмизи: 1021, Ахмад: 19725).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда у одного из рабов Аллаха умирает горячо любимое дитя, Аллах Всевышний спрашивает Своих ангелов: “Вы забрали душу ребёнка Моего раба?” Они отвечают: “Да”. Тогда Аллах Всевышний спрашивает: “Вы забрали самое дорогое его сердцу?” Они отвечают: “Да, это так”. Тогда Аллах спрашивает: “Что же сказал Мой раб (сражённый столь тяжким горем)?” Ангелы отвечают: “Он воздал Тебе хвалу и произнёс: ‘Все мы пришли от одного Аллаха и в конце концов все к Нему возвратимся’ (Коран, 2:156)”.

Тогда Аллах Всевышний повелевает: “В таком случае постройте для Моего раба дом в раю и назовите его ‘Домом хвалы’”» (Ат-Тирмизи: 1021; Ахмад: 19725).

1397
Риядус-салихин, № 1397Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ لَيرْضَى عَنِ الْعَبْدِ يَأكُلُ الْأَكْلَةَ، فَيَحْمَدُهُ عَلَيْهَا، وَيَشْرَبُ الشَّرْبَة، فَيَحْمَدُهُ عَلَيْهَا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Бір шайнам ас жесе де, сол үшін Аллаға шүкіршілік пен мадақ айтқан, бір жұтым су ішсе де, сол үшін Аллаға шүкіршілік пен мадақ айтқан пендеге Алла дән риза болады», – деп айтты», – деген (Муслим: 6932, Ахмад: 11973).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Аллах бывает весьма доволен Своим рабом, который, съев хотя бы один кусок пищи, благодарит и восхваляет Его за это и, выпив хотя бы один глоток воды, также благодарит и восхваляет Его за это» (Муслим: 6932; Ахмад: 11973).