Хадис

Алла елшісіне ﷺ салауат айтудың артықшылығы

Достоинство призывания благословения на Посланника Аллаха ﷺ

Риядус-салихин, 243-тақырып · 11 хадис · № 1398–1408

Хадистер

«إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا» «Шынында, Алла пайғамбарға үнемі шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Ал Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тіліп, дұға етуде. Уа, мүміндер! Ендеше, сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар!» («Ахзаб», 56-аят).

«Воистину, день ото дня повышает Аллах положение Пророка и благословляет его. И благословляют его ангелы. О верующие! Посему благословляйте его и вы, приветствуйте пожеланием мира!» (сура «Ахзаб», 33:56).

1398
Риядус-салихин, № 1398Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّهُ سمع رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ صَلَّى عَلَيَّ صَلَاةً، صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ بِهَا عَشْرًا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ Амр ибн әл-Ас (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім маған бір мәрте салауат айтатын болса, Алла оған сол салауаты үшін он салауат айтады», – дегенін естіген» (Муслим: 849, Ахмад: 6568).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто один раз призовёт на меня благословение, того Аллах за это благословит десять раз”» (Муслим: 849; Ахмад: 6568).

Түсіндірме (қазақша)

«Салауат айту» сөзінің мағынасы кең, Алланың пендесі үшін «салауат айтуы» – оған мейірімін төгетінін білдіреді, періштелердің мүміндер үшін «салауат айтуы» – олар үшін Алладан кешірім мен жарылқау тілейтінін білдіреді, ал өзге жаратылыстардың мүміндер үшін «салауат айтуы» – олар үшін дұға жасайтынын білдіреді.

Түсіндірме (орысша)

Понятие «благословение» имеет широкое значение. Благословение Аллаха в отношении Его раба означает, что Он изливает на него Свою милость; благословение ангелов в отношении верующих означает, что они просят Аллаха простить и помиловать их; а благословение иных творений в отношении верующих означает, что они молятся за них.

1399
Риядус-салихин, № 1399Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَوْلَى النَّاسِ بِى يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلَاةً»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қиямет күні маған жақын болуға ең лайық адам – адамдар арасынан маған ең көп салауат айтқан жан», – деген (Тирмизи: 484).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения ближе всех ко мне будет тот из людей, кто чаще всех призывал на меня благословение» (Ат-Тирмизи: 484).

1400
Риядус-салихин, № 1400Риуаят етуші: Әус ибн Әус (р.а.)

عَنْ أوس بْنِ أوس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أَفْضَلِ أَيَّامِكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ، فَأكْثِرُوا عَلَيَّ مِنَ الصَّلَاةِ فِيهِ، فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ مَعْرُوضَةٌ عَلَيَّ». قَالَ: قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيفَ تُعْرَضُ صَلَاتُنَا عَلَيْكَ وَقَدْ أَرَمْتَ؟! قَالَ: يَقُولُ بَلِيتَ. قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَ عَلَى الْأَرْضِ أَجْسَادَ الْأَنْبِيَاءِ»

Қазақша аудармасы

Әус ибн Әус (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Шынында, апта ішіндегі ең қайырлы (сауапты) күндерің – жұма күні. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар, өйткені айтқан салауаттарың маған арнайы (періштелер тарапынан) жеткізіледі», – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Сіздің денеңіз бұзылып, топыраққа сіңгеннен кейін айтқан салауаттарымыз Сізге қалай жетпек?» – деп сұрады. Сонда ол: «Шынында, Алла пайғамбарлардың денесін жерге харам қылды», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1047, 1531, Ахмад: 16162).

Орысша аудармасы

Аус ибн Аус (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, пятница – один из лучших (и наиболее благодатных) ваших дней. Поэтому в этот день чаще призывайте на меня благословение, ведь произнесённые вами благословения непременно будут переданы мне (ангелами)”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Как наши благословения будут переданы тебе после того, как твоё тело истлеет и обратится в прах?” Он ответил: “Поистине, Аллах запретил земле разлагать тела пророков”» (Абу Дауд: 1047, 1531; Ахмад: 16162).

1401
Риядус-салихин, № 1401Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «رَغِمَ أَنْفُ رَجُلٍ ذُكِرْتُ عِنْدَهُ فَلَمْ يُصَلِّ عَلَيَّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Атымды ести тұра, маған салауат айтпаған адам оңбасын», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 3545, Ахмад: 7451).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Да не преуспеет тот, кто, услышав моё имя, не вознесёт за меня салават» (Ат-Тирмизи: 3545; Ахмад: 7451).

1402
Риядус-салихин, № 1402Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَجْعَلُوا قَبْرِى عِيدًا، وَصَلُّوا عَلَيَّ، فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ تَبْلُغُنِى حَيْثُ كُنْتُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Айт күніндегідей қабірімнің басына жиналып, қабірімді той немесе арнайы рәсімдер өткізілетін орынға айналдырмаңдар, керісінше, маған арнап салауат айтыңдар. Қай жерде болсаңдар да, айтқан салауаттарың маған жетеді», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 2042, Ахмад: 8804).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не собирайтесь у моей могилы, как в день праздника, и не превращайте её в место проведения празднеств или особых обрядов. Напротив, возносите за меня салават. Где бы вы ни находились, произнесённые вами салаваты непременно достигнут меня» (Абу Дауд: 2042; Ахмад: 8804).

1403
Риядус-салихин, № 1403Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ أَحَدٍ يُسَلِّمُ عَلَيَّ إِلَّا رَدَّ اللَّهُ عَلَيَّ رُوحِى حَتَّى أَرُدَّ عَلَيْهِ السَّلَامَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір адам маған сәлем жолдаса, оның сәлеміне жауап қайтаруым үшін Алла маған жан бітіреді», – деген (Әбу Дәуіт: 2041, Ахмад: 10815).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто бы ни передал мне приветствие, Аллах возвращает мне душу, чтобы я ответил ему на его приветствие» (Абу Дауд: 2041; Ахмад: 10815).

1404
Риядус-салихин, № 1404Риуаят етуші: Әли (р.а.)

عَنْ عليّ قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «البَخِيلُ مَنْ ذُكِرْتُ عِنْدَهُ، فَلَمْ يُصَلِّ عَلَيَّ»

Қазақша аудармасы

Али (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Нағыз сараң – менің атым аталғанда, маған салауат айтпаған адам», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 3546, Ахмад: 1736).

Орысша аудармасы

Али (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Истинный скупец – тот, кто не возносит за меня салават, когда упоминают моё имя» (Ат-Тирмизи: 3546; Ахмад: 1736).

1405
Риядус-салихин, № 1405Риуаят етуші: Фадала ибн Убәйд (р.а.)

عَنْ فَضَالَةَ بْنِ عُبَيْدٍ قَالَ: سَمِعَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ، رَجُلًا يَدْعُو فِى صَلَاتِهِ لَمْ يُمَجِّدِ اللَّه تَعَالَى، وَلَمْ يُصَلِّ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَجِلَ هَذَا» ثُمَّ دَعَاهُ فَقَالَ لَهُ – أَوْ لِغَيْرِهِ -: «إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِتَحْمِيدِ رَبِّهِ سُبْحَانَهُ، وَالثَّنَاءِ عَلَيْهِ، ثُمَّ يُصَلِّى عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، ثُمَّ يَدْعُو بَعْدُ بِمَا شَاءَ»

Қазақша аудармасы

Фадала ибн Убәйд (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ бір кісінің намаздан кейін алдымен Аллаға мақтау және Пайғамбарға ﷺ салауат айтпастан бірден дұға еткенін естіп: «Мына кісі асығыстық жасады», – деп айтты. Кейін әлгі кісіні қасына шақырып алып оған (немесе қасындағы басқа біреуге): «Қайсыбірің болмасын дұға еткенде алдымен күллі кемшілік атаулыдан пәк Раббысына мақтау айтудан бастасын. Әрі Пайғамбарға салауат айтсын. Содан кейін қалауы бойынша дұға етсін», – деп насихат айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1481, Тирмизи: 3477, Ахмад: 23937).

Орысша аудармасы

Фадала ибн Убайд (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ услышал, как во время молитвы один человек сразу обратился к Аллаху с мольбой, не воздав прежде хвалу Аллаху и не призвав благословение на Пророка ﷺ. Тогда он сказал: “Этот человек поспешил”. Затем Посланник Аллаха ﷺ подозвал его к себе и наставил его (или кого-то другого из находившихся рядом): “Когда кто-либо из вас обращается с мольбой, пусть сначала воздаст хвалу своему Господу, пречистому от всякого недостатка, а затем призовёт благословение на Пророка ﷺ. После этого пусть просит чего пожелает”» (Абу Дауд: 1481; Ат-Тирмизи: 3477; Ахмад: 23937).

1406
Риядус-салихин, № 1406

عَنْ أَبِى محمدٍ كعبِ بْنِ عُجْرَة قَالَ: خَرَجَ عَلَيْنَا النَّبِيُّ ﷺ، فَقُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ قَدْ عَلِمْنَا كَيْفَ نُسَلِّمُ عَلَيْكَ، فَكَيْفَ نُصَلِّى عَلَيْكَ؟ قَالَ: «قُولُوا: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجيدٌ. اللَّهُمَّ بَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجْيدٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұхаммед Кағб ибн Ужра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ (мешітке жапсарлас үйінен мешітке) шыққанда, біз: «Уа, Расулалла! Біз сізге қалай сәлем айту керек екенін үйреніп, білдік.1 Ал енді сізге қалай салауат айтамыз?» – дегенімізде, бізге: «Аллаһумма салли ‘аләә Мухаммад уә ‘аләә әәли Мухаммад, кәмә саллайта ‘аләә әәли Ибраһимә, иннәкә Хамидун Мәжид. Аллаһумма бәрик ‘аләә Мухаммад уә ‘аләә әәли Мухаммад, кәмә бәракта ‘аләә әәли Ибраһимә, иннәкә Хамидун Мәжид. (Уа, Алла! Мұхаммедті жарылқап, мейіріміңе бөлей көр және Ибраһимнің отбасы-ұрпақтарын жарылқап, мейіріміңе бөлегеніңдей, Мұхаммедтің де отбасы-ұрпақтарын жарылқап, мейіріміңе бөлей көр! Ең мақтаулы, ең ұлық бір Өзіңсің! Уа, Алла! Мұхаммедке береке бере көр және Ибраһимнің отбасы-ұрпақтарына береке бергеніңдей Мұхаммедтің де отбасы-ұрпақтарына береке бере көр! Ең мақтаулы, ең ұлық бір Өзіңсің!)», – деп айтыңдар», – деді (Бұхари: 6357, Муслим: 908, Ахмад: 18104).

Орысша аудармасы

Абу Мухаммад Кааб ибн Уджра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды, когда Пророк ﷺ вышел (из своего примыкавшего к мечети дома в мечеть), мы сказали: “О Посланник Аллаха! Мы уже научились и знаем, как приветствовать тебя1. А как нам возносить за тебя салават?”

Он велел нам говорить: “Аллахумма, салли ‘аля Мухаммадин ва ‘аля али Мухаммадин, кама салляйта ‘аля али Ибрахима, иннака Хамидун Маджид. Аллахумма, барик ‘аля Мухаммадин ва ‘аля али Мухаммадин, кама баракта ‘аля али Ибрахима, иннака Хамидун Маджид. (О Аллах! Благослови Мухаммада и осени его Своей милостью, а также благослови и осени Своей милостью семью и потомков Мухаммада, подобно тому как Ты благословил и осенил Своей милостью семью и потомков Ибрахима! Лишь Ты – Достохвальный, Величественный! О Аллах! Даруй благодать Мухаммаду, а также семье и потомкам Мухаммада, подобно тому как Ты даровал благодать семье и потомкам Ибрахима! Лишь Ты – Достохвальный, Величественный!)”» (Аль-Бухари: 6357; Муслим: 908; Ахмад: 18104).

  1. 1Мұнда Алла елшісіне ﷺ «сәлем айту» дегенде, намазда тәшәһһудта отырғанда, тахиятты оқығанда айтылатын сәлем меңзелген.
  1. 1Под приветствием Посланника Аллаха ﷺ здесь подразумевается приветствие, произносимое в намазе при чтении ташаххуда (ат-тахийята).
1407
Риядус-салихин, № 1407Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.)

عَنْ أَبِى مَسْعُودٍ الْبدرِى قَالَ: أتَانَا رسُولُ اللَّهِ ﷺ، وَنَحنُ فِى مَجْلِسِ سَعدِ بْنِ عُبَادَةَ فَقَالَ لَهُ بَشْيرُ بْنُ سَعدٍ: أَمَرَنَا اللَّه تَعَالَى أَنْ نُصَلِّى عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَكَيْفَ نُصَلِّى عَلَيْكَ؟ فَسَكَتَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ، حَتَّى تَمَنَّيْنَا أَنَّهُ لَمْ يَسْأَلْهُ، ثُمَّ قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قُولُوا: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْت عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ، وَالسَّلَامُ كَمَا قَدْ عَلِمْتُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.): «Бір күні біз Сағд ибн Убадамен сұхбаттасып отырғанымызда арамызға Алла елшісі ﷺ де келіп қосылды. Сонда Бәшир ибн Сағд: «Уа, Расулалла! Алла Тағала баршамызға Сізге салауат айтуды бұйырды. Сізге салауатты қалай айтқанымыз дұрыс?» – деп сұрады. Сол кезде Алла елшісі біраз уақыт үндемей қалды. Сонда біз ішімізден «осы сауалды қоймай-ақ қойғанда болар еді» деп өкіндік. Кейін ол бізге: «Аллаһуммә салли ‘аләә Мухаммәдин уә ‘аләә әәли Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘аләә әәли Ибраһимә, уә бәрик ‘аләә Мухаммәдин уә ‘аләә әәли Мухаммәдин кәмә бәрактә ‘аләә әәли Ибраһимә, иннәкә Хамидун Мәжидун» (Уа, Алла! Ибраһимнің отбасына салауат еткеніңдей Мұхаммедке және оның отбасына салауат еткейсің. Сондай-ақ Ибраһимнің отбасына берекет бергеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына да берекет бергейсің. Шынында, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі Ұлысың!)», – деп айтыңдар. Ал сәлем жолдау болса, өздерің білетіндей», – деп айтты», – деген (Муслим: 907, Ахмад: 17067).

Орысша аудармасы

Абу Масуд аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды, когда мы сидели и беседовали с Саадом ибн Убадой, к нам присоединился Посланник Аллаха ﷺ. Тогда Башир ибн Саад спросил: “О Посланник Аллаха! Аллах Всевышний повелел всем нам призывать на тебя благословение. Как же нам следует это делать?” Посланник Аллаха ﷺ некоторое время молчал, и мы про себя пожалели, что он задал ему этот вопрос.

Затем он сказал нам: “Говорите: ‘Аллахумма салли ‘аля Мухаммадин ва ‘аля али Мухаммадин, кама салляйта ‘аля али Ибрахима, ва барик ‘аля Мухаммадин ва ‘аля али Мухаммадин, кама баракта ‘аля али Ибрахима, иннака Хамидун Маджидун’ (О Аллах! Благослови Мухаммада и семейство Мухаммада, как Ты благословил семейство Ибрахима. Даруй благодать Мухаммаду и семейству Мухаммада, как Ты даровал благодать семейству Ибрахима. Поистине, Ты достоин всей хвалы и прославления и Ты – Великий!). Что же касается приветствия, то произносите его так, как вы уже знаете”» (Муслим: 907; Ахмад: 17067).

Абу Хумайд ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Как нам правильно возносить за тебя салават?”

1408
Риядус-салихин, № 1408

عَنْ أَبِى حُمَيدٍ السَّاعِدِيِّ قَالَ: قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ كَيْفَ نُصَلِّى عَلَيْكَ؟ قَالَ: «قُولُوا: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى أَزْوَاجِهِ وَذُرِّيَّتِهِ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى أَزْوَاجِهِ وَذُرِّيَّتِهِ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ إِنَّكَ حَميدٌ مَجِيدٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйд әс-Сәғиди (р.а.): «Бірде сахабалар: «Уа, Расулалла! Сізге салауатты қалай айтсақ дұрыс болады?» – деп сұрады. Сонда ол: «Аллаһуммә салли ‘аләә Мухаммәдин уә ‘аләә әзуәжиһи уә ‘аләә зурриятиһи кәмә салләйтә ‘аләә Ибраһимә, уә бәрик ‘аләә Мухаммәдин уә ‘аләә әзуәәжиһи уә ‘аләә зурриятиһи кәмә бәәрактә ‘аләә Ибраһимә, иннәкә Хамидун Мәжидун» (Уа, Алла! Ибраһимге салауат еткеніңдей Мұхаммедке және оның жұбайлары мен ұрпақтарына да салауат еткейсің. Сондай-ақ Ибраһимге берекет бергеніңдей, Мұхаммедке және оның жұбайлары мен ұрпақтарына да берекет бергейсің. Шынында, Сен бар мақтау мен мадаққа лайықсың әрі Ұлысың!)», – деп айтыңдар», – деген (Бұхари: 3369, Муслим: 911, Ахмад: 23600).

Орысша аудармасы

Он ответил: “Говорите: ‘Аллахумма, салли ‘аля Мухаммадин ва ‘аля азваджихи ва зуррийятихи кама салляйта ‘аля али Ибрахима, ва барик ‘аля Мухаммадин ва ‘аля азваджихи ва зуррийятихи кама баракта ‘аля али Ибрахима, иннака Хамидун Маджидун. (О Аллах! Благослови Мухаммада, его супруг и потомков, подобно тому как Ты благословил семейство Ибрахима. Даруй благодать Мухаммаду, его супругам и потомкам, подобно тому как Ты даровал благодать семейству Ибрахима. Поистине, Ты достоин всякой хвалы и прославления и Ты – Великий!)’”» (Аль-Бухари: 3369; Муслим: 911; Ахмад: 23600).