Хадис

Риядус-салихин, № 1400

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
243. Алла елшісіне ﷺ салауат айтудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1400 (қазақша басылым реті)
1400
Риядус-салихин, № 1400Риуаят етуші: Әус ибн Әус (р.а.)

عَنْ أوس بْنِ أوس قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أَفْضَلِ أَيَّامِكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ، فَأكْثِرُوا عَلَيَّ مِنَ الصَّلَاةِ فِيهِ، فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ مَعْرُوضَةٌ عَلَيَّ». قَالَ: قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيفَ تُعْرَضُ صَلَاتُنَا عَلَيْكَ وَقَدْ أَرَمْتَ؟! قَالَ: يَقُولُ بَلِيتَ. قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ حَرَّمَ عَلَى الْأَرْضِ أَجْسَادَ الْأَنْبِيَاءِ»

Қазақша аудармасы

Әус ибн Әус (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Шынында, апта ішіндегі ең қайырлы (сауапты) күндерің – жұма күні. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар, өйткені айтқан салауаттарың маған арнайы (періштелер тарапынан) жеткізіледі», – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Сіздің денеңіз бұзылып, топыраққа сіңгеннен кейін айтқан салауаттарымыз Сізге қалай жетпек?» – деп сұрады. Сонда ол: «Шынында, Алла пайғамбарлардың денесін жерге харам қылды», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 1047, 1531, Ахмад: 16162).

Орысша аудармасы

Аус ибн Аус (да будет доволен им Аллах) передал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, пятница – один из лучших (и наиболее благодатных) ваших дней. Поэтому в этот день чаще призывайте на меня благословение, ведь произнесённые вами благословения непременно будут переданы мне (ангелами)”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Как наши благословения будут переданы тебе после того, как твоё тело истлеет и обратится в прах?” Он ответил: “Поистине, Аллах запретил земле разлагать тела пророков”» (Абу Дауд: 1047, 1531; Ахмад: 16162).