عَنْ أم الْمؤمنِين جُويْرِيَةَ بنت الْحارِث: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ خرجَ مِنْ عِنْدِهَا بُكْرَةً حِيْنَ صَلَّى الصُّبْحَ وَهِيَ فِى مَسْجِدِها، ثُمَّ رَجَعَ بَعْدَ أَنْ أضْحَى وَهِيَ جَالِسَةٌ، فَقَالَ: «مَا زِلْتِ عَلَى الْحالِ الَّتِى فَارقَتُكِ عَلَيْهَا؟» قَالَتْ: نَعَمْ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَقَدْ قُلْتُ بَعْدَكِ أَرْبَعَ كَلِمَاتٍ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، لَوْ وُزِنَتْ بِمَا قُلْتِ مُنْذُ الْيَوْمِ لَوَزَنَتْهُنَّ: سُبْحَانَ اللَّه وَبِحَمْدِهِ عَدَدَ خَلْقِهِ، وَرِضَا نَفْسِهِ، وَزِنَةَ عَرْشِهِ، وَمِدَادَ كَلِمَاتِهِ».
وَفِى رِوَايَةٍ لَهُ: «سُبْحانَ اللَّه عَدَدَ خَلْقِهِ، سُبْحَانَ اللَّه رِضَا نَفْسِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ زِنَةَ عَرْشِهِ، سُبْحَانَ اللَّه مِدَادَ كَلِمَاتِهِ»
وَفِى رِوَايَة الترمذي: «ألا أُعَلِّمُكِ كَلِمَاتٍ تَقُولِينَهَا؟ سُبحَانَ اللَّه عَدَدَ خَلْقِهِ؛ سُبحَانَ اللَّه عَدَدَ خَلْقِهِ، سُبحَانَ اللَّه عَدَدَ خَلْقِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ رِضَا نَفْسِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ رِضَا نَفْسِهِ، سُبْحَانَ اللَّه رِضَا نَفْسِهِ، سُبْحَانَ اللَّه زِنَةَ عَرْشِهِ، سُبْحَانَ اللَّهِ زِنَةَ عَرشِهِ، سُبْحَانَ اللَّه زِنَةَ عَرشِهِ، سُبْحَانَ اللَّه مِدَادَ كَلِمَاتِهِ، سُبْحَانَ اللَّه مِدَادَ كَلِمَاتِهِ، سُبْحَانَ اللَّه مِدَادَ كَلِمَاتِهِ»
Қазақша аудармасы
Мүміндердің анасы Журайра бинт Харис (р.а.) жеткізген хадисте: Бір күні Пайғамбарымыз ﷺ таңсәріде оның құжырасынан таң намазын оқуға шыққанда, Журайра намаз оқитын жерінде (зікір айтып, мінәжат қылып) отырған еді. Кейін Пайғамбарымыз күн көтеріліп, сәске уақыты болғанда, қайтып келгенінде, ол сол қалпында әлі отырған еді. Пайғамбарымыз оған: «Мен кеткенде отырған қалпыңда әлі отырсың ба?» – деп сұрағанда, ол: «Иә», – деп жауап қатты. Сонда Пайғамбарымыз оған: «Сенің жаныңнан кеткен соң мен бар болғаны төрт ауыз сөзді үш рет қайталап айттым. Сол сөздер мен сенің бағанадан бері айтып отырған зікірлерің өлшенсе, әжір-сауап тұрғысынан тең түседі. Ол сөздер: «Субханаллаһи уә бихамдиһи ’адада халқиһи, уә рида нәфсиһи, уә зинәтә ’аршиһи, уә мидәдә кәлиматиһи (Жаратылыстарының саны мөлшерінде, Өзінің разылығы мөлшерінде, Аршысының салмағы мөлшерінде және сөздерінің сиясы мөлшерінде: Субханаллаһи уә бихамдиһи/Алла мінсіз, бар мадақ бір Өзіне тән, деп Алланы ұлықтаймын! )», – деп айтты, – делінген (Муслим: 6913, Ахмад: 27421).
Хадистің имам Муслим келтірген басқа нұсқасында: «Субханаллаһи ’адада халқиһи, субханаллаһи рида нәфсиһи, субханаллаһи зинәтә ’Аршиһи, субханаллаһи мидәдә кәлиматиһи (Жаратылыстарының саны мөлшерінде Алла мінсіз, Өзінің разылығы мөлшерінде Алла мінсіз, Аршысының салмағы мөлшерінде Алла мінсіз және сөздерінің сиясы мөлшерінде Алла мінсіз, деп Алланы ұлықтаймын! )», – деп келген.
Имам Тирмизи келтірген нұсқада: «Мен саған үнемі айтатын зікірді үйретейін: Субханаллаһи ’адада халқиһи, субханаллаһи ’адада халқиһи, субханаллаһи ’адада халқиһи! Субханаллаһи рида нәфсиһи, субханаллаһи рида нәфсиһи, субханаллаһи рида нәфсиһи! Субханаллаһи зинәтә ’аршиһи, субханаллаһи зинәтә ’аршиһи, субханаллаһи зинәтә ’аршиһи; субханаллаһи мидәдә кәлиматиһи, субханаллаһи мидәдә кәлиматиһи, субханаллаһи мидәдә кәлиматиһи (Жаратылыстарының саны мөлшерінде Алла мінсіз (3 мәрте), Өзінің разылығы мөлшерінде Алла мінсіз (3 мәрте), Аршысының салмағы мөлшерінде Алла мінсіз (3 мәрте) және сөздерінің сиясы мөлшерінде Алла мінсіз (3 мәрте), деп Алланы ұлықтаймын! )», – деп айтылған.
Орысша аудармасы
Мать правоверных Джувайрия бинт аль-Харис (да будет доволен ею Аллах) передала: «Однажды ранним утром, уже совершив утреннюю молитву, Пророк ﷺ вышел из моей комнаты. В это время я сидела на месте совершения молитвы (поминая Аллаха и обращаясь к Нему с мольбами). Позднее, когда солнце уже поднялось и наступило время духа, Пророк ﷺ вернулся и увидел, что я всё ещё сижу там же. Он спросил меня: “Ты до сих пор сидишь так же, как и в тот момент, когда я уходил?” Я ответила: “Да”. Тогда Пророк ﷺ сказал мне: “После того как я ушёл от тебя, я произнёс всего четыре выражения, повторив их трижды. Если бы эти слова взвесили с зикром, который ты произносила всё это время, они перевесили бы его по награде. Вот эти слова: ‘Субханаллахи ва бихамдихи ‘адада халькихи, ва рида нафсихи, ва зината ‘аршихи, ва мидада калиматихи’ (По числу Его творений, в меру Его довольства, по весу Его Трона и по количеству чернил, потребных для записи Его слов, возвеличиваю Аллаха, провозглашая Его пречистым и воздавая Ему одному всю хвалу)”» (Муслим: 6913; Ахмад: 27421).
В другой версии этого хадиса, приведённой имамом Муслимом, говорится: «Субханаллахи ‘адада халькихи, Субханаллахи рида нафсихи, Субханаллахи зината ‘аршихи, Субханаллахи мидада калиматихи (Возвеличиваю Аллаха, говоря: “Пречист Аллах – по числу Его творений; пречист Аллах – в меру Его довольства; пречист Аллах – по весу Его Трона; пречист Аллах – по количеству чернил, потребных для записи Его слов!”)».
В версии, приведённой имамом ат-Тирмизи, говорится: «Я научу тебя зикру, который ты сможешь произносить постоянно: “Субханаллахи ‘адада халькихи, Субханаллахи ‘адада халькихи, Субханаллахи ‘адада халькихи! Субханаллахи рида нафсихи, Субханаллахи рида нафсихи, Субханаллахи рида нафсихи! Субханаллахи зината ‘аршихи, Субханаллахи зината ‘аршихи, Субханаллахи зината ‘аршихи! Субханаллахи мидада калиматихи, Субханаллахи мидада калиматихи, Субханаллахи мидада калиматихи (Возвеличиваю Аллаха, говоря: ‘Пречист Аллах – по числу Его творений’ (трижды); ‘Пречист Аллах – в меру Его довольства’ (трижды); ‘Пречист Аллах – по весу Его Трона’ (трижды); ‘Пречист Аллах – по количеству чернил, потребных для записи Его слов’ (трижды)!)”».