Хадис

Риядус-салихин, № 1420

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
244. Алланы жиі еске алудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1420 (қазақша басылым реті)
1420
Риядус-салихин, № 1420Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ سَبَّحَ اللَّه فِى دُبُرِ كُلِّ صَلَاةٍ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، وحَمِدَ اللَّهَ ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، وَكَبَّرَ اللَّه ثَلَاثًا وَثَلَاثِينَ، وَقَالَ تَمَامَ الْمِئَةِ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، غُفِرَتْ خَطَايَاهُ وَإِنْ كَانَتْ مِثْلَ زَبَدِ الْبَحْرِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім әрбір парыз намазынан кейін отыз үш рет «субханаллаһ» деп Алланы пәктесе, отыз үш рет «әлхамду лилләһ» деп Аллаға мадақ әрі шүкіршілік айтса, отыз үш рет «Аллаһу әкбар» деп Раббысын ұлықтаса және жүзіншісінде: «Лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир» (Өзі дара әрі ешбір серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ. Билік бір Өзінің иелігінде, бар мадақ пен шүкіршілік бір Өзіне ғана лайық, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді) – деп айтса, күнә-қателіктері теңіздің көбігіндей көп болса да кешіріледі», – деп айтты» – делінген (Муслим: 1352, Ахмад: 8834).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто после каждой обязательной молитвы тридцать три раза произнесёт “Субханаллах”, провозглашая Аллаха пречистым от всякого недостатка, тридцать три раза скажет “Альхамдулиллях”, воздавая Аллаху хвалу и благодарность, тридцать три раза произнесёт “Аллаху акбар”, возвеличивая своего Господа, а в сотый раз скажет: “Ля иляха илляллаху вахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку ва ляхуль хамду ва хува ‘аля кулли шайин кадир” (Нет божества, кроме одного лишь Аллаха, у Которого нет сотоварища. Ему одному принадлежит власть, лишь Он достоин всей хвалы и благодарности, и Он властен над всякой вещью), тому простятся его грехи и проступки, даже если они будут столь же многочисленны, как морская пена» (Муслим: 1352; Ахмад: 8834).