Хадис

Риядус-салихин, № 1418

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
244. Алланы жиі еске алудың артықшылығы
Нөмірі
№ 1418 (қазақша басылым реті)
1418
Риядус-салихин, № 1418

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الزُّبَيْرِ أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ دُبُرَ كُلِّ صَلَاةٍ، حِينَ يُسَلِّمُ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَلَا نَعْبُدُ إِلَّا إِيَّاهُ، لَهُ النِّعْمَةُ وَلَهُ الْفَضْلُ وَلَهُ الثَّنَاءُ الْحَسَنُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ وَلَوْ كَرِهَ الْكَافِرُونَ»

قَالَ ابْنُ الزُّبَيْرِ: وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، يُهَلِّلُ بِهِنَّ دُبُرَ كُلِّ صَلَاةٍ

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн әз-Зубәйр (р.а.) әр намаздың соңында сәлем бергеннен кейін: «Лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйин қадир. Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһи, лә иләһә иллаллаһу уә лә нәғбуду иллә ийәһу, ләһун-ниғмәту уә ләһул-фадлу уә ләһус-сәнәул-хасәну, лә иләһә иллаллаһу мухлисинә ләһуд-динә уә ләу кәриһәл-кәфирунә» (Өзі дара әрі ешбір серігі болмаған Алладан басқа тәңір жоқ. Билік Соның иелігінде, бар мадақ пен шүкіршілік Соған ғана лайық, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Нағыз құдірет Аллаға ғана тән һәм бізге күшті де, қуатты да беретін – жалғыз Алла! Алладан басқа құлшылық етуге лайық тәңір жоқ, сондықтан Одан басқа ешкімге құлшылық етпейміз. Күллі нығмет атаулы мен барлық кемел қасиеттер Аллаға ғана тән һәм ең керемет мақтаулар Аллаға лайық. Кәпірлер жақтырмаса да, дінімізді Раббымызға деген шынайы ықыласымызбен ұстанып, Алладан басқа тәңір жоқ деп айтамыз)» – деп Алланы ұлықтайтын.

Абдуллаһ ибн Зубәйр (р.а.): «Алла елшісі ﷺ әрбір парыз намазынан кейін осы сөздермен Алланы ұлықтайтын еді», – деген (Муслим: 1343, Ахмад: 16105).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн аз-Зубайр (да будет доволен им Аллах) после произнесения саляма в конце каждой молитвы возвеличивал Аллаха словами: «Ля иляха илляллаху вахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку ва ляхуль хамду ва хува ‘аля кулли шайин кадир. Ля хауля ва ля куввата илля билляхи, ля иляха илляллаху ва ля на‘буду илля ийяху, ляхун ни‘мату ва ляхуль фадлю ва ляхус санауль хасану, ля иляха илляллаху мухлисина ляхуд дина ва ляу карихаль кафирун» (Нет божества, кроме одного лишь Аллаха, у Которого нет сотоварища. Ему принадлежит власть, и лишь Он достоин всей хвалы и благодарности. Он властен над всякой вещью. Истинное могущество принадлежит одному Аллаху, и лишь Аллах дарует нам силу и мощь! Нет божества, достойного поклонения, кроме Аллаха, поэтому мы не поклоняемся никому, кроме Него. Все блага и все совершенные качества принадлежат лишь Аллаху, и Он достоин самых прекрасных восхвалений. Даже если неверующим это ненавистно, мы исповедуем свою религию с искренней преданностью нашему Господу и провозглашаем, что нет божества, кроме Аллаха).

Абдуллах ибн аз-Зубайр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ возвеличивал Аллаха этими словами после каждой обязательной молитвы» (Муслим: 1343; Ахмад: 16105).